Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат__Сипаттау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлімі Жанды табиғат Тақырыбы Сипаттау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау; 3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою. | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды; - Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; - Мәтіннің түрлерін ажыратады; - Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды; - Қаратпа сөздерді ажыратады; - Қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды; - Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады. | ||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Әңгімелеу мәтіні, мәтіннің құрылымдық бөліктері,қаратпа сөз, тыныс белгісі. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: Сипаттау мәтіні деген не? Қаз суда қалай сүңгиді? | ||||||||||||||||
Құндылықтар | Жануарларға қамқор болуға , еңбексүйгіштікке үйрету. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, жаратылыстану,әдебиеттік оқу, көркем еңбек | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін. Мәтін түрлері.Қаратпа сөз. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға жануарлар туралы жұмбақтар қойылады. Тікірейіп құлағыМенен бұрын тұрады.Бойын жазып керіліп,Беті-қолын жуады. (Мысық) Қанаты бар ұшпайды,Жұрт айламен,ұстайды. (Балық) Кілемнің түріндей жүндері бар, Айбаты жан шыдамас үні бар. (Жолбарыс) Орманда жоғары Ағашқа қонады. Тұмсығын балға етіп, Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)Басында көп-ақ бұтағы,Адамды көрсе зытады. (Бұғы)Тұмсығы дөңгелек,Денесі он бөлек. (Шошқа)Секіреді – Бала емес.Сақалы бар –Шал емес. (Серке) Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. | Жұмбақтар Слайд | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут 5 минут 10 минут
10минут
5 минут
| (Ө) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; Оқушылар мәтінді («Балдырған» журналынан) тыңдайды. Мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін «Ыстық орындық» әдісі арқылы анықталады. Мәтін мазмұны талданып болған соң оқушылар тыңдалған мәтін ішінен тірек сөздерді теріп жазады. Сұрақтарға жауап береді. 1) Мәтін не туралы? 2) Қаз суда қалай сүңгиді? Белгіле ().Неліктен? 3) Тірек сөздер_______________________________ 3. Мәтіннен қандай ой түйдің? Дескрипторы: -тірек сөздерді анықтайды; -мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; -мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады. Сергіту сәті жүргізіледі.Сергіту сәтін қыздар, ұлдар болып кезектесіп айтады. -Қаздар, қаздар! -Га –га- га! -Жем жейсіңбе? -Иә- иә- иә. - Жем жесеңдер келіңдер, -Жоқ — жоқ. -Неге? -Тауда қасқыр орнаған, Жібермейді ол саған. (Т) 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау; Оқушылар үстел үстінен төрт жануардың түрін бейнелейтін суреттерді (құстар, жәндіктер, аңдар, бауырымен жорғалаушылар) таңдап алады. Таңдап алған суреттер бойынша төрт топқа бөлінеді. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: - «Қаз» мәтіні мәтіннің қай түріне жатады? - Сипаттау мәтіні екенін дәлелде? Оқушылардың назарын суретке аудартамын.
Қабілеті жоғары оқушылар мұғалім орнында сурет бойынша айтып береді. Оқушылар суретке қарай отырып, өздері кез келген жануар туралы сипаттау мәтінін құрастырады. Суретке қабілетті оқушылар сол жануардың суретін салады. Белгіленген уақыттан соң топ біріге отырып, өз жұмыстарын қорғайды. Дескриптор - мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады; - мәтіннің түрін анықтайды. (Ө)3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою. 1.Оқушыларға карточкалар беріледі. Сөйлемдерді іштей оқиды. Қаратпа сөздерді тауып, тиісті тыныс белгілерін қойып жазады. Оқушылар жазып болған соң, тексеріледі. Балмұздақ таяқшалары арқылы мұғалім тапсырманы оқытады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Соңынан сұрақтар қойылады. -Қаратпа сөз дегеніміз не? -Сөйлем ішінде қаратпа сөзге сұрақ қойылады ма? | Қосымша №1 Слайд https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/0942/0007d171-6b0bc2e2/img2.jpg Слайд Балмұздақ таяқшалары Қосымша №2 | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Мұғалім тақтаға өткен материал бойынша қаншалықты меңгергендерін білу үшін «Жетістікке жету» әдісі арқылы бағалайды. Оқушылар әр сөздің тұсына өзінің есімін стикермен жапсырады. Білмеймін Білемін Түсінемін Басқаларға көмектесе аламын. Үй тапсырмасына өздері жақсы көретін бір жануар туралы сипаттау мәтінін жазып келеді. | «Жетістікке жету» сөздері, стикерлер | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар әңгімелеу мәтінін құруда көркем сөздерді қолданады. Сондай-ақ сөйлем ішінен қаратпа сөзді тауып, тиісті тыныс белгісін қояды. Қабілеті жоғары оқушылар мұғалім орнында сипаттау мәтінінің ққұрылымдық бөліктерін сурет бойынша баяндап береді. | Оқу мақсаты бойынша алған білімді қорытынды бағалау жүргізілді. Ұғыну кезеңінде оқушылар объектілерді білу, түсіну, қолдану дағдысын бағалау мүмкіндігін беретін критерийлер бойынша бағаланады. Сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорытады. | Сергіту сәтін жүргізу кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?