Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат__Сипаттау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері_Әдістемелік нұсқаулық


Әдістемелік нұсқаулық

1-бөлім. Жанды табиғат.

Сабақ тақырыбы Сипаттау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері

Оқу мақсаттары

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.

Бағалау критерийлері

-Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды;

-Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

-Мәтіннің түрлерін ажыратады;

-Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;

-Қаратпа сөздерді ажыратады;

-Қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды;

-Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

Құндылықтар Жануарларға қамқор болу, оларды қорғауға баулу.

Пәнаралық байланыс дүниетану, жаратылыстану,әдебиеттік оқу, көркем еңбек

Ресурстар кесте, суреттер, қима қағаздар, түрлі түсті маркерлер, стикерлер.

Сабақ барысы ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға жануарлар туралы жұмбақтар қойылады.

Тікірейіп құлағыМенен бұрын тұрады.Бойын жазып керіліп,Беті-қолын жуады. (Мысық)

Қанаты бар ұшпайды,Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)

Кілемнің түріндей жүндері бар,

Айбаты жан шыдамас үні бар. (Жолбарыс)

Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)Басында көп-ақ бұтағы,Адамды көрсе зытады.  (Бұғы)Тұмсығы дөңгелек,Денесі он бөлек.    (Шошқа)Секіреді – Бала емес.Сақалы бар –Шал емес.    (Серке)

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Ө) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

Оқушылар мәтінді тыңдайды.

Қаз

Қаз —суда жүзетін құс. Оның мойны ұзын, аяғы қысқа болады. Түсі ақ, қара, қызғылт сары.

Олар суда ғажап жүзеді. Бірақ өте сирек сүңгиді. Су астында ұзақ болмайды

Қаздың асыранды және жабайы түрлері болады. Олар шөп, жапырақ және дәнмен қоректенеді.

Қаз майы — үсікті емдеуде шипалы зат. Қаздың мамығы, қауырсыны өте пайдалы

Мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін «Ыстық орындық» әдісі арқылы анықталады. Ортаға орындық қойылады. Оқушылар бір сөйлемнен түсінгендерін айтады. Мәтін мазмұны талданып болған соң оқушылар тыңдалған мәтін ішінен тірек сөздерді теріп жазады. Сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың жұмысы жинап алынады.

1) Мәтін не туралы? _________________________________________________________

2) Қаз суда қалай сүңгиді? Белгіле ().

Неліктен?__________________________________________________________________

3) Тірек сөздер ___________________________________________________________

3. Мәтіннен қандай ой түйдің? ______________________________________________________

_________________________________________________________________________________

Дескрипторы:

-тірек сөздерді анықтайды;

-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

-мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады.

Осыдан соң сергіту сәті жүргізіледі.Сергіту сәтін қыздар, ұлдар болып кезектесіп айтады.

-Қаздар, қаздар!

-Га –га-  га!

-Жем жейсіңбе?

-Иә- иә- иә.

- Жем жесеңдер келіңдер, 

-Жоқ — жоқ.

-Неге?

-Тауда қасқыр орнаған,

Жібермейді ол саған.   

(Т) 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

Оқушылар топқа бөліну үшін үстел үстінен төрт жануардың түрін бейнелейтін суреттерді (құстар, жәндіктер, аңдар, бауырымен жорғалаушылар) таңдап алады. Таңдап алған суреттер бойынша төрт топқа бөлінеді.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

- «Қаз» мәтіні мәтіннің қай түріне жатады?

- Сипаттау мәтіні екенін дәлелде?

Оқушылардың назарын суретке аудартамын.

Жануарларды сипаттау үшін қолданылатын белгілер

  • Жануардың аты
  • Түсі
  • Дене мүшелері
  • Терісі
  • Дауысы
  • Қорегі
  • Мекені
  • Іс-қимылы
  • Адамға, қоршаған ортаға тигізер пайдасы

Қабілеті жоғары оқушылар мұғалім орнында сурет бойынша айтып береді. Оқушылар суретке қарай отырып, өздері кез келген жануар туралы сипаттау мәтінін құрастырады. Суретке қабілетті оқушылар сол жануардың суретін салады. Белгіленген уақыттан соң топ біріге отырып, өз жұмыстарын қорғайды.

Дескриптор

- мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады;

- мәтіннің түрін анықтайды.

(Ө)3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.

1.Оқушыларға карточкалар беріледі. Сөйлемдерді іштей оқиды. Қаратпа сөздерді тауып, тиісті тыныс белгілерін қойып жазады. Оқушылар жазып болған соң, тексеріледі. Балмұздақ таяқшалары арқылы мұғалім тапсырманы оқытады.

-Түйе қайда барасың?-дейді түлкі (Қазақ ертегілері). Кел балалар келіңдер. Кереметті көріңдер (С,Сейітов). Жаңа Жыл Не әкелдің сен бізге? (Х.Ерғалиев) Құлпыра берші кең дала! (Ж.Саин) Анау тағаны балам ала жүр (Ы.Алтынсарин).

Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Соңынан сұрақтар қойылады.

-Қаратпа сөз дегеніміз не?

-Сөйлем ішінде қаратпа сөзге сұрақ қойылады ма?

Сабақ соңынан рефлексия жасалады. Мұғалім тақтаға өткен материал бойынша қаншалықты меңгергендерін білу үшін «Жетістікке жету» әдісі арқылы бағалайды. Тақтада мынадай сөздер жазулы тұрады:

Білмеймін

Білемін

Түсінемін

Басқаларға көмектесе аламын.

Оқушылар әр сөздің тұсына өзінің есімі жазылған стикерді жапсырады.Үй тапсырмасына өздері жақсы көретін бір жануар туралы сипаттау мәтінін жазып келеді.

Қосымша әдебиеттер

1.Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)

2.«Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.

2.«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж

3.«Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,

4. Н.М.Сламбекова.Тіл дамыту бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауы.Аруна,2008

5. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша

6. Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал.

7. Ы.Алтынсарин әңгімелері

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу