Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат__Сипаттау мәтінін құрастырайық_Әдістемелік нұсқаулық


Әдістемелік нұсқаулық

1-бөлім. Жанды табиғат.

Сабақ тақырыбы Сипаттау мәтінін құрастырайық

Оқу мақсаттары

3.3.1.1 жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрастырып жазу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.

Бағалау критерийлері

-Тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады;

-Қаратпа сөздерді ажыратады;

-Қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды;

-Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

Құндылықтар Жануарларға қамқор болу, оларды қорғауға баулу.

Пәнаралық байланыс дүниетану, жаратылыстану,әдебиеттік оқу, көркем еңбек

Ресурстар кесте, суреттер, қима қағаздар, түрлі түсті маркерлер, стикерлер.

Сабақ барысы

) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім сөйлемнің басын бастайды да, допты лақтырады, допты алған оқушы айтылған ойды аяқтайды. Егер оқушы жауап бере алмаса, келесі оқушыға жалғастырады.

Лимон қышқыл,ал қант.... Адам екі аяқты, ал құмырсқа ..... Ит үреді, ал мысық... Адамдар үйле тұрады, құстар... Қыста қар жауады, жазда..... Жүннен тоқиды, ал матадан .... Футболшы доп тебеді, ал домбырашы .....Сен аузыңмен ас ішесің, ал құс... Құс ұшады, ал жылан.....Ресейде орысша сөйлейді, ал біздің елімізде ..... Ағаш биік өседі, гүл...

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

(Ө) 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтай отырып, сабақ тақырыбына байланысты шығармашылық диктант жүргізіледі. Бұл «Өзің тап» диктанты әдісімен өтеді. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдердіі тастап кетеді, оқушы дұрысын өзі табады. Бұл диктантта тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады. Ол оқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Оқушылар жұмысы «Ашық микрофон» әдісі арқылы тексеріледі. Оқушылар бірнеше нұсқаларын оқиды.

Қайсысына не керек?

Қыранға ... тау керек.

Бұлбұлға.... бау керек.

Балыққа ... көл керек.

Батырға.... ел керек.

Осыны білген қор болмас

Осыны білген ер зерек. Жауабы: биік, жасыл,мөлдір,туған.

Дескриптор:

-бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;

- әріптерді көлбеу салады, үзбей жазады

- мәтінді қатесіз, сауатты көшіреді.

(Ө)3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.

Қаратпа сөз туралы білімдерін тексеру үшін оқушыларға тест беріледі. Белгіленген уақыт ішінде сұрақтарға жауап береді.Тест жауабы тақтадан көрсетіледі.Оқушыларын жауабын тексереді.

Қаратпа сөзді тап.

A) Мәди, екеуіміз кітапханаға барайық.

B) Мәди екеуі кітапханаға барды.

C) Мәди екеуіміз кітапханаға бардық.

2.Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықта.

Әділет, сен ауылға барасың ба?

А) сен

В) Әділет

С) барасың ба.

3.Қаратпа сөздің анықтамасын көрсет.

А) Аяқталмаған ойды білдіретін сөздер.

В) Айтушының көңіл-күйін білдіретін сөздер.

С)Біреудің назарын өзіне өзіне аудару үшін айтылатын сөздер.

4.Қаратпа сөзі бар сөйлемді анықта.

А) Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!

В) Ауылдың табиғаты қандай керемет!

С) Сен өзенге барасың ба?

5.Қаратпа сөз сөйлемнің ...

A) тек басында тұрады.

B) тек ортасында тұрады.

C) басында, ортасында және соңында тұрады.6.Сөйлемнің ортасындағы қаратпа сөзді анықта.

A) Келіңдер қыздар жазайық!

B) Балалар үлкендерді сыйлаңдар!

C) Шыңғыс қаламыңды бере тұршы!

7.Сөйлемнің соңындағы қаратпа сөзді анықта.

A) Аманбысыз ата!

B) Ботам ұйқың қанды ма?

C) Кел Сәкен төрге шық!

8.Қаратпа сөз бар сөйлемде қойылатын тыныс белгісін анықта.

A) Нүкте.

B) Үтір.

C) Сұрау белгісі.

Жауабы: 1А; 2В; 3С; 4А; 5С; 6А; 7В.

Дескриптор

- қаратпа сөздерді ажыратады;

- сөйлемдегі қаратпа сөздердің тыныс белгілерін анықтайды.

Жоғары - 0 қате;

Жақсы -1 және 2 қате;

Орташа -3 және 4қате;

Төмен- 5 қате және 5 қатеден артық

(Ж) 3.3.1.1 жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрастырып жазу;

Оқушыларға сұрақ қойылады:

- Сипаттау мәтінінің әңгімелеу мәтінінен ерекшелігі неде?

Оқушыларға өткен сабақтағы суретті сызбаны еске түсіреді.

  • Жануардың аты
  • Түсі
  • Дене мүшелері
  • Терісі
  • Дауысы
  • Қорегі
  • Мекені
  • Іс-қимылы
  • Адамға, қоршаған ортаға тигізер пайдасы

Мүғалім «Бұл үңгірде қандай жануар тұрады?» тақырыбында сипаттау мәтінін жазуды тапсырады. Оқушылар бұл үңгірде қандай жануар тұратынын елестете отырып, суретті сызба бойынша сипаттап жазады. Ол жануарды ешкім көрмеген және естімеген болуы тиіс, яғни қиялдап жазады. Тапсырма жұптасып орындалады. Белгіленген уақыттан соң топ біріге отырып, өз жұмыстарын қорғайды.

Дескриптор

-үлгі негізінде сызбаны қолдана отырып сипаттау мәтінін құрап жазады;

- сөйлемдегі сөздерді сауатты жазады;

Сабақты қорытындылауда рефлексия жүргізіледі.

«Менің білетінім,...»

«Бүгін білдім, ....»

«Есімде сақтаймын, ...» оқушылардан кері байланыс алынады.

Қосымша әдебиеттер

1.Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)

2.«Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.

2.«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж

3.«Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,

4. Н.М.Сламбекова.Тіл дамыту бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауы.Аруна,2008

5. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша

6. Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал.

7. М.Султанова. Елестетуді дамыту жаттығулары. Хатбер-пресс,2014.

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу