Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_Әңгімелеу мәтінін құрастырайық_Әдістемелік нұсқау


Әдістемелік нұсқаулық

1-бөлім. Жанды табиғат.

Сабақ тақырыбы Әңгімелеу мәтінін құрастырайық

Оқу мақсаттары

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.

Бағалау критерийлері

-Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды;

-Қаратпа сөздерді ажыратады;

-Қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды;

-Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

Құндылықтар Жануарларға қамқор болу, оларды қорғау.

Пәнаралық байланыс әдебиеттік оқу, дүниетану.

Ресурстар кесте, суреттер, қима қағаздар, түрлі түсті маркерлер.

Сабақ барысы

1.) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар 1,2,3,4 сандарын айту арқылы топқа бөлінеді.

Мұғалім оқушыларға өткен материалды еске түсіру үшін сұрақтар қояды:

-Қаратпа сөз деген не?

-Қаратпа сөз сөйлем ішінде қалай ажыратылады?

-Сөйлем айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін ата?

-Қаратпа сөзі бар сөйлемдер айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түріне жатады?

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

2.(Т)3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.

1.Мұғалім әр топқа бір мәтіннен береді. Тапсырма бойынша оқушылар мәтінді тиісті дауыс ырғағымен рөлге бөліп оқып, қаратпа сөздерді табады. Қаратпа сөзі бар сөйлемдер айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түріне жататынын ажыратады. Сұрақтарға жауап береді.

- Қаратпа сөзді ата.

- Қандай тыныс белгісі арқылы ажыратылып тұр?

1-топ

Кәкеннің демалыс кезінде әкесі әкесі:

- Ертең жолға шығамыз, балам, тағы да тауға шығып кетпе, -деді.

- Қайда барамыз, көке? - деп, Кәкен кәдімгідей көңілденіп, қуанышын жасыра алмай қутыңдап қалды.

- Ауылға барамыз, балам, бабаңа сәлем беріп, батасын алып қайтамыз.

(Әбдібай Табылды)

2-топ.

Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:

– Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.

– Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік.

Қасқыр:

– Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті.

(Қазақша ертегілер жинағы)

3-топ.

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

- Әке, мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

(Ыбырай Алтынсарин) 4-топ.

  Жаңа ғана жүгiрiп ойнап жүрген бала тышқан саңылаудан қылтиып шыға бергенде, мысық бас салыпты. Баласының мысықтың қолына түскенiн бiлген ата тышқан:

–Мысеке, баламды жiберiңiз. Ертең осы уақытта сiзге сыйлық берiп, апа-қарындастарым мен барлық бала-шағамды сiздiң үйге жiбергелi отырмын, – дептi.

– Рас айтасың ба,тышқан, – дейдi мысық.

– Рас айтам, мысеке, шиқ, шиқ, – дейдi тышқан.

(Балалар әлемі)

2. Осыдан кейін топтағы әр оқушыға карточка беріледі.Тапсырма барлық оқушыларда бірдей. Тапсырма бойынша оқушылар көп нүктенің орнына қаратпа сөзді қою қажет. Алдымен оқушылар жеке орындайды. Содан соң ортақ бір пікірге келіп, әр сөйлемге бір қаратпа сөзден қояды.

  • ..., құстар туралы мақалдар тауып берші!
  • Терезені дұрыстап жауып жіберші, ... .
  • Иә, ..., ауа райы қандай екен?

Қабілеті жоғары оқушыларға сөйлемдер беріледі. Сөйлем ішінен қаратпа сөзді тауып, тиісті тыныс белгісін қояды.

  • Әсем мына ертегіне оқып берші!
  • Мына есептін шешуін Асқар түсіндіріп жібер.
  • Кесте тігуді үйретші әже.

3. Оқушылардың қаратпа сөз туралы білімдерін қорыту үшін «Фрайер» моделін құрады. Мұнда қаратпа сөздің қысқаша мазмұнын анықтайды, мысалдармен көрсетеді, ерекшеліктеріне тоқталып, жаңа идея ұсынады. Оқушыларға қатырма қағаз, түрлі маркерлер беріледі. Қатырма қағазда модель сызылып тұрады. Оқушылар әр бөлікке қаратпа сөз туралы білімдерін жазып көрсетеді.Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасайды. Сөбен жазуға, шартты белгілермен көрсетуге, суретпен бейнелеуге болады.Мүғалім оқушылардың жұмысын бақылайды. Бағыт-бағдар береді.Қорытындысы ортаға шығып қорғалады.Оқушылар мадақталады.

Анықтамасы

Тыныс белгісі

Мысалдар

Жаңа идея

Дескриптор:

- мәтіннен қаратпа сөздерді анықтайды;

- көп нүктенің орнына қаратпа сөзді қояды;

- сөйлемдегі қаратпа сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.

- қаратпа сөз туралы жаңа идея ұсынады.

4.Сергіту сәті жүргізіледі. Оқушылар қимыл жаттығуларын жасайды.Жай музыка ойнап тұрады.

Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір

Бір анда, бір мұнда, Өзінді өзін айнала.

Бас аяқты топ,топ, Шапалақтап хоп,хоп

Бір анда бір мұнда,Өзінді өзін айнала

Басымызды иеміз,би билейміз күлеміз,

Бір анда бір мұнда, Өзінді өзін айнала.

(Т)3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

1. Мұғалім оқушылардың назарын суретке аудрады.

- Суретке мұқият қараймыз. Мәтіннің тақырыбын оқимыз (Күтпеген олжа).

- Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін?

- Мәтін құру үшін нені ескеру керек?

- Мәтіннің қай түріне жатады?

2.Берілген тақырып пен суреттерді пайдаланып мәтін құрастыру қажет. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Жауабын топта талқылайды.

1. Әңгіменің басы. Оқиға неден басталды?

2. Әңгіменің ортасы. Оқиға қалай жалғасты? Олар не туралы сөйлесті?

3. Әңгіменің соңы. Оқиға немен аяқталды деп ойлайсың?

«Басымдылық пирамидасы» әдісі бойынша тапсырманы орындайды. Мұнда проблема жайлы өз білімдерін көрсетеді.Тапсырма бойынша сызбаны қолдана отырып, әңгімелеу мәтінін құру қажет. Сонымен қатар қаратпа сөздерді дұрыс қолдану және қаратпа сөздің тыныс белгілеріне мән беру қажеттігі ескертіледі. Топта проблема шешімдерінің түрлі нұсқаларын ұсынады. Топ ішінде талдайды, бір шешімге келіп бір нұсқаны ұсынады. Оқушылар бір-бірімен ақылдаса отырып, өздері ұсынған әңгімені жазып шығады. Соңынан оқушылардың жұмыс дәптерлері жинап алынады.

Мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушылар сұрақтарды басшылыққа алады. Тірек сөздер мен сөз тіркестері беріледі.

  • Бұл қай мезгіл?
  • Мысық пен ит қайда келді?
  • Олар қайтті?
  • Мысық пен ит не туралы сөйлесті?
  • Оқиға қалай аяқталуы мүмкін?

Тірек сөздер мен сөз тіркестері: балық аулау, тұнық көл, қарап отыру, қармақ салу, жем шаншу, қармақ тастау, іліну, ашулану, олжа.

Дескриптор:

- мәтіннің мазмұнын болжайды;

- тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;

- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;

- сөздерді мағынасына сәйкес қолданады;

- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды;

- қаратпа сөздерді қолданады;

-сөйлемдегі қаратпа сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;

- бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтайды;

- сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазады;

- әріптердің дұрыс байланысын көрсетеді.

Сабақ соңында рефлексия жасалады. Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

- Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?

- Сіз үшін не жеңіл болды?

- Сізге қай жерде көмек қажет болды?

- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Үй тапсырмасына жаңа материал туралы түсініктерін кеңейту үшін қаратпа сөздері бар мәтін тауып, оқып келу. Қаратпа сөздердің астын сызу.

Қосымша әдебиеттер

1.Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)

2.«Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.

2.«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж

3.«Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,

4. Н.М.Сламбекова.Тіл дамыту бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауы.Аруна,2008

5. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша

6. Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал.

7. Ы.Алтынсарин әңгімелері

8. Жануарлар туралы қазақ ертегілері

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу