2. Қазақ тілі_3 сынып_1-бөлім Жанды табиғат_№8-сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері_Презентация


Қазақ тілі

3-сынып

«Жанды табиғат» бөлімі

№8-сабақ

Тақырыбы: Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері

(«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018ж.)

көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтау;

суретті жоспар мен тірек сөздерді қолданып шағын әңгіме құрау;

жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді мұғалімнің көмегімен табу;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу

Сабақтың мақсаты:

Бағалау критерийлері:

Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтайды

Тірек сөздер және тақырыпқа қатысты сұрақтар арқылы әңгіме құрастырады

Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді түзетеді

Жазу талаптарын сақтап жазады

«ПОПС формуласы» әдісі

Бірінші сөйлем: « Менің ойымша,....»

Екінші сөйлем: «Себебі, оны былай түсіндіремін....»

Үшінші сөйлем: «Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Мәтін түрлері

Өз ойыңды жеткізу

Мәтін түрлері

Әңгімелеу мәтіні

Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Не істейді? қайтеді? қайда болыпты сұрақтарына жауап береді. Тірек сөздері негізінен етістіктен болады.

Сипаттау мәтіні

Зат немесе құбылыстар суреттеліп, сипаттайтын мәтін түрі сипаттау мәтіні деп аталады. Қандай? қай? сұрақтарына жауап береді. Тірек сөздері негізінен сын есімнен болады.

Пайымдау мәтіні

Белгілі бір жағдаяттар мен оқиғаларды, құбылыстардың себебін түсіндіріп, дәлелдейтін мәтін түрі пайымдау мәтіні деп аталады. Мәтіннің бұл түрінде сондықтан, сол себепті, себебі т.с.с. Көмекші сөздер қолданылады. Неліктен? неге? сұрақтарына жауап береді.

Түйеқұс туралы бейнематериал үзіндісін тамашалау

(00.40 сек уақытқа дейінгі аралық)

Түйеқұстың қандай пайдасы бар? Неліктен?

32-жаттығу «Көршіңмен талқыла!» әдісі

Мына сұрақтарға жауап бер. Керекті сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастыр. Әңгімеге ат қой

1.Бала орманнан не тауып алды?

2.Қоянның аяғына не болды?

3.Бала оған қандай қамқорлық жасады?

4.Қоян жазылғаннан кейін оны қайда апарды?

5.Бала неліктен көмектесті?

Көркем жазу

33-жаттығу ( Ж.ж) «Орнын анықта» әдісі

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, жұмбақты жатқа жазу. Шешуін табу. Неліктен қорқып тұратыны туралы өз ойыңды қысқаша жаз.

Қалқ ....ып ұзын құла...ы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

Үй жұмысы

Ұядан түсіп қалған балапанға қандай көмек беруге болады? Санамалап жаз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу