1.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№12сабақ_Пайымдау мәтіні_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлімі Жанды табиғат

12-сабақ. Тақырыбы Пайымдау мәтінін құраймын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жарылғасова Ж.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу.

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

-жоспар бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап жаза алады;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

Оқушылардың көбі:

-жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.

Оқушылардың кейбірі:

-жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

 Бағалау критерийлері

  • Жоспар бойынша пайымдау мәтінін құрастырып жазады.
  • Жіберілген қателерді анықтайды және түзетеді.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Мәтін, пайымдау мәтіні, көмекші сөздер, мәтіннің құрылымдық бөліктері

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Қаз бен ит неліктен бір-бірінен қашады?

Жануарлардың бір-бірінен ерекшелігі неде?

Менің сүйікті жануарым қандай?

 Құндылықтар

Жануарларға қамқорлық жасау, оларды қорғау.

 Пәнаралық байланыс

Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады. Әдебиеттік оқу, дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады.

 АКТ қолдану дағдылары

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін. Мәтін түрлері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

(Ө) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Өзің тап» диктанты жүргізіледі. Мәтін оқылады. Тақырыбы Құндыз. Оқушылар тақтадан сөйлемді көшіріп жазады. Жіберілген қателерді анықтап, түзетіп жазады.

Дескриптор:

- қате берілген сөздерді түзетеді;

- сөздерді сауатты жазады;

- каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

30 минут

5 минут

5 минут

20 минут

(Ұ;Қ) Өлеңдегі негізгі ойды анықтау. Өлең мазмұны бойынша пікір білдіру.

1.45-жаттығу.Оқулықпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, өлеңді оқып шығады. Өлеңді өз сөздерімен мазмұндайды. Өлеңдегі негізгі ойды анықтайды.

Қабілеті жоғары оқушылар сөздікпен жұмыс жасайды: өлең мазмұнын түсіну үшін «матады», «малшынды» сөздерінің синонимін табады.

2.46-жаттығу орындалады. Оқулықтан өлең мазмұнын ашатын мақалды тауып жазады. Неліктен сол мақалды таңдағанын дәлелдейді.

3.(Ж) «Артық суретті тап» әдісі бойынша жұмыс жүргізіледі. Жұптасқан оқушылар артық суретті сөзбен жазып отырады. Соңында «Ашық микрофон» әдісі арқылы талқыланады.

Сергіту сәті жүргізіледі. Оқушылар әуен ырғағымен қимылдар жасап билейді.

3.3.1.1 (МК; Ө; Қ) Берілген тақырып бойынша пайымдау мәтінін құрап жазу.

«Шебер жазушылық» әдісі бойынша «Менің ең жақсы көретін жануарым» тақырыбында пайымдау мәтінін жазу тапсырылады.

1.Мәтін құрастырмас бұрын, ең алдымен, пайымдау мәтінінің ерекшеліктері еске түсіріледі.

2.Мәтін жазуда қойылатын талаптар айтылады.

Дәлелденетін пікір

Дәлелдеу өйткені... себебі... біріншіден, ....

екіншіден,.... үшіншіден,.......

Қорытынды сол себепті.... сондықтан..... демек.

3. Жоспар құрылады.

1. Менің сүйікті жануарым қандай?

2. Неліктен ол жануар саған ұнайды?

3. Ол жануарға сенің көзқарасың қандай?

Дескриптор:

-жоспарға сәйкес пайымдау мәтінін құрап жазады;

-көмекші сөздерді орынды қолданады;

-көркем бейнелі сөздерді қолданып жазады;

-сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

-сөйлемдерді сауатты жазады.

Сабақ соңында «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында сурет салып, қабырғаға іліп қояды. Үзілісте оқушылар бір-біріне стикер парағын жапсырып, тілек қалдырады.

Оқулық

http://balapan.kaztrk.kz

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін «Қол белгісі» стратегиясы қолданылады. Осылайша, олардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетулері сұралады.

Мен ________ түсініп отырмын және түсіндіре аламын (қолдың бас бармағын жоғары көтереді).

Мен ___________ әлі түсінбей отырмын (қолдың бас бармағын бір жанына қарай бұрады).

Мен __________ түсінгеніме сенімді емеспін (қолды бұлғау).

Үй тапсырмасы оқулықтағы 48-жаттығу:

-мәтінді түсініп оқу;

-мәтін жанрын, түрін, стилін ажырату;

-әдеби кітаптар мен журналдардан осы тақырыпта көркем мәтін тауып жазу.

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады.

Қабілеті жоғары оқушылар сөздікпен жұмыс жасайды. Мәтіндегі берілген қиын сөздерді сөздіктен тауып, синонимін тауып жазады.

Оқушылардың

- қате берілген сөздерді түзетіп жазуы;

- жоспарға сәйкес пайымдау мәтінін құрап жазуы;

- сауатты жазуы

бағаланады.

Сергіту сәті өткізіледі.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу