1. Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№16 сабақ_Сөйлеу мәдениетін үйренемін_КМЖ
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Тарау: Жанды табиғат Сабақ тақырыбы: 16-сабақ. Сөйлеу мәдениетін үйренемін | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жангазакова Ж. | ||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау. | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап бере алады; - мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзете алады; - мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтай алады. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік сөздер Сөйлеу мәдениеті, сыпайы сөздер, әдеп. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: - Сыпайы сөздер адам өмірінде не үшін қажет? - Сыпайы сөздер арқылы дау-жанжалды шешуге бола ма? | ||||||||||||||||
Құндылықтар | Қоршаған ортада сөйлеу мәдениетін сақтау маңыздылығын түсінуге баулу | ||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Адамдардың бір-біріне мәдениетті сөйлеу арқылы қарым-қатынасты жақсартатынын біледі. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут 5-10 минут 10-25 минут 25-30 минут 30-35 минут | Ұйымдастыру кезеңі.(Ұ) «Жүгіртпе» жаттығуы Мұғалім жүгіртпе сұрақтарды қояды, бірінші болып қол көтерген оқушының жауабы тыңдалады. Дұрыс болмаса басқа оқушы түзетеді: 1. Таңертең оянғанда не дейсің? (Қайырлы таң) 2. Қоштасқанда не дейсің? (Сау болыңыз, көріскенше) 3. Мектеп дәлізінде байқамай басқа оқушыны қағып кетсең де дейсің? (Ғафу ет, кешір) 4. Ас ішкенде не айтасың? (Ас дәмді болсын) 5. Кезек соңын қалай сұрайсың? (Кезектің соңы кім?) 6. Ұйықтар алдында қандай тілек тілейсің? (Жайлы жатып, жақсы тұр). 7. Біреуді ренжітсең не дейсің? (Кешіріңіз) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Әңгімені жалғастыр Көшеде екі таныс адам кездесіп қалды. Олар бір-бірінен хал жағдайларын сұрастырды. Бір-біріне «Жақсы» деп жауап берді. Әңгімені жалғастыруға болады ма? Егер біреуі «Жағдайым нашар» десе, онда қалай жалғастырар едің. Әңгіменің үлгісі: 1-үлгі - Ассалаумағалейкум, Серік? - Уағалейкумусалам, Әсет. - Серік, бала-шаға, мал-жан аман ба? - Шүкір, Әсет. Өз қалың қалай? - Рахмет, жақсы. 2-үлгі - Сәлем, Ілияс! - Сәлем Ғазиз! - Қалың қалай? - Жақсы, Ғазиз. Өз қалың ше? - Қазақ тілінен екілік деген баға алып, жағдайым нашар болып тұр. Оқулықпен жұмыс 60-тапсырманы орында. Мысалды әрбір оқушы оқиды. 1.Қарамен жазылған сөздерді басқа сөздермен алмастыр. Ықтимал жауаптар: Жер Тауға мұңын шақты. Жер Тауға жағдайын айтты. Өзендерім суалды, теңіздерімнің суы тартылды. Өзендерім суалды, теңіздерімнің суы азайып қалды. 2. Мысалды жалғастырып жаз. 3. Мысалға ат қой. Ықтимал жауаптар: Жердің мұңы. Жер жылады. Жердегі шық қайдан пайда болды? 4. Жанды табиғатты ата. 61-тапсырманы орында. 1. Мәтінге ат қой. 2. Әңгімедегі негізгі ойды анықта. Бағалау критерийі - мәтінге ат қояды; - негізгі ойды анықтайды; - сөздердің мағынасын біліп алмастыра алады; - мәтіндегі ойды жалғастыра алады. 62-тапсырманы орында. Сұхбат дегеніміз – бағытталған диалог немесе пікірталас, әңгімелесу. Ол ақпарат жинау үшін қолданылады. Сұхбат алуда мынандай қағидаларға сүйену қажет: 1. Сұхбат алуға бармас бұрын не сұрайтыныңды жоспарлап ал. 2. Сұхбатты көз алдыңа елестет. 3. Міндетті түрде сәлемдесуді, қоштасуды ұмытпа. 4. Сұхбат алатын адамның атын жиі атаған жөн. 5. Сұхбат барысында дөрекілікке жол берме. Сұхбат сұрақтарының үлгісі: - Мәдениетті адам дегеніміз қандай адам? - Мәдениетті адамның бойында қандай қасиеттер болады? Тапсырмалар: 1. Журналистің 3-сынып оқушыларынан әдептілік туралы алған сұхбатын оқы. 2. Қай жауап өзіне көбірек ұнағанын айтып, дәлелде. 3. Әдептілік туралы сұхбат құрастырып жаз. Оқушылар жазған жұмыстарын топта жариялайды.
Бағалау критерийі - тақырыпқа сәйкес ашық және жабық сұрақтарды құрастырады; - сыпайы сөздерді қолдана алады; - диалогке белсенді қатысады. Сергіту сәті «Күн ашылды»
Күн ашылды жарқырап, Түтін көкке өрледі. Қарлығаштай қанатын Жайып көкке ұшырды. Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар: - Сыпайы сөздер адам өмірінде не үшін қажет? - Сыпайы сөздер арқылы дау-жанжалды шешуге болады ма? - «Әдеби тіл-дұрыс сөйлеудің үлгісі» - дегенді қалай түсінуге болады? - Әдеби тілді қалай меңгеруге болады? (Ө; Қ) Тестік тапсырманы түсініп орындау. 63-тапсырма. Өз әдептілік деңгейін оқулықта берілген тестік тапсырманы орындау арқылы бағалайды. Нәтижесін топта оқып, талдайды. Оқылым. М. Жұмабаев шығармасынан үзінді Оқылым бойынша берілген тапсырмалар. 1.Мәтіннен басты тірек сөздерді тап. А) алыс сапар, қап бидай, пайдаға жарамайды Б) түсінігі мол, егін егу, үйде жатқан В) көрші дос, егін, бидай С) қап бидай, жаздағы егін, жер 2. Мәтіннің негізгі ойын анықта А) Екі көршінің достығы туралы Б) Екінші көршісінің адал достығы жайлы В) Егін еккеннің маңыздылығы С) Алыс сапар жайлы 3.Мәтінде жауабы бар сұрақты тап. А) Ешқандай пайдаға жарамайтын бидайды не істеуге болады? Б) Көршілер бидайды қалай сақтаған? В) Көктемде егін жиналғаннан кейін оны не істейді? С) Бір адам қай қалаға бармақшы болды? 4. Мәтінге сәйкес нұсқаны анықта А) Екінші көршісі сақтаған бидайын қоймадан алып шығады. Б) Бірінші көршісі бидайды тұқым қылып сеуіп, егін еккен. В) Сапардан қайтып оралған соң бидайын алу үшін көршілеріне барады С) Көктемде егін жиналғаннан кейін, өзіне бидайдың екі қабын ғана сұрайды. 5. Мәтінге сәйкес тақырып таңда А) Сөз және мағына Б) Сөз құдіреті В) Сөз әдебі С) Сөз мәдениеті | 3-слайд 2-слайд 4-слайд 5-слайд «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж. 6-слайд 7-слайд 8-слайд 9-10 слайд 11-слайд 14-слайд 15-слайд Қосымша 1 Қосымша 2 | |||||||||||||||
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут | Рефлексия Бағалау критерийлері
Үйге тапсырма: 60-тапсырмадағы әңгімені жалғастырып жазып келу | 16-слайд | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
Саралау | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік | |||||||||||||||
|
| Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | |||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс. 1: 2: Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?