3. Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№16 сабақ_Сөйлеу мәдениетін үйренемін_ Дидактикалық материалдар


Қосымша № 1

Оқылым.

 Күндердің бірінде бір адам алыс сапарға шықпақшы болады. Үйінде тұрған екі қап бидайды өзі келгенше сақтап қоюға көршілеріне қалдырады.

Көршілердің бірі бидайды үйдің астыңғы қабатындағы қойманың бір бұрышына сақтайды. Екіншісі қаптың аузын ашып, тұқым ретінде егістікке себеді.

Адам сапардан қайтып оралған соң бидайын алу үшін көршілеріне барады. Бірінші көршісі сақтаған бидайын қоймадан алып шығады. Сыртынан бүтін көрінген қапты ашқанда жартысының бұзылғанын, қалған жартысына құрт түскенін көреді.

Ешқандай пайдаға жарамайтын бидайды не істесін?

Қатты ашуланып, екінші көршісіне барып бидайын сұрайды. Көршісі қолынан ұстап: -Менімен бірге жүр. Саған бидайынды көрсетейін, - деп, адамды егістікке ертіп апарады. Жайқалып тұрған егінді көріп:

-Міне, бидайың, үйде тұрса шіритін еді. Оны тұқым қылып сеуіп, егін ектім. Егін піскен кезінде қолымызда қаптар толы бидай болады, - дейді. Адам риза болып күлімсіреп:

-Иә, Аллаға шүкір, көп нәрседен хабары бар, түсінігі мол досымның болғанына.Арғы көршім сөзімнің мағынасын түсінбеді. Оның астарына көңіл бөлмеді. Келесі досым сөзімнің шын мағынасын түсінді.

- Әзіз досым! Жазда егін жиналғаннан кейін, маған бидайдың екі қабын ғана жібер. Қалғаны өзіңде қалсын. Саған қалдырған бидайды еңбегіне қайтарған ризашылығым деп қабыл ал. Саған көп рахмет айтамын,-деді ол.

М. Жұмабаев

Қосымша № 2

1.Мәтіннен басты тірек сөздерді тап.

А) алыс сапар, қап бидай, пайдаға жарамайды

Б) түсінігі мол, егін егу, үйде жатқан

В) көрші дос, егін, бидай

С) қап бидай, жаздағы егін, жер

2. Мәтіннің негізгі ойын анықта

А) Екі көршінің достығы туралы

Б) Екінші көршісінің адал достығы жайлы

В) Егін еккеннің маңыздылығы

С) Алыс сапар жайлы

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты тап.

А) Ешқандай пайдаға жарамайтын бидайды не істеуге болады?

Б) Көршілер бидайды қалай сақтаған?

В) Көктемде егін жиналғаннан кейін оны не істейді?

С) Бір адам қай қалаға бармақшы болды?

4. Мәтінге сәйкес нұсқаны анықта

А) Екінші көршісі сақтаған бидайын қоймадан алып шығады.

Б) Бірінші көршісі бидайды тұқым қылып сеуіп, егін еккен.

В) Сапардан қайтып оралған соң бидайын алу үшін көршілеріне барады

С) Көктемде егін жиналғаннан кейін, өзіне бидайдың екі қабын ғана сұрайды.

5. Мәтінге сәйкес тақырып таңда

А) Сөз және мағына

Б) Сөз құдіреті

В) Сөз әдебі

С) Сөз мәдениеті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу