Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_ №15 сабақ_ Сөйлеу мәдениетін үйренемін_КМЖ
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Тарау: Жанды табиғат Сабақ тақырыбы: 15-сабақ. Сөйлеу мәдениетін үйренемін | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жангазакова Ж. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу; 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.3.7.1* қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жоспарлай алады; - түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде диалогке қатыса алады; - түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде сөйлеу мәдениетін сақтай алады; - сөйлем құрамында қаратпа сөздің қызметін түсініп, ажырата алады; - сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолдана алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік сөздер Сөйлеу мәдениеті, сыпайы сөздер, әдеп. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: - Өз жолдастарымен жиі ұрыссасыңдар ма? - Оның себептері неде деп ойлайсыңдар? - Өз көзқарасыңды дәлелдеуге мүмкіндігің болды ма? - Ол неге байланысты болды? - Әңгімелескен адамды өз пікіріңнің дұрыстығына көндіре алдың ба? - Адамның мәдениеті туралы оның сөйлеу мәнеріне қарап білуге бола ма? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Қоршаған ортада сөйлеу мәдениетін сақтау маңыздылығын түсінуге баулу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Адамдардың бір-біріне мәдениетті сөйлеу арқылы қарым-қатынасты жақсартатынын біледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут 5-10 минут 10-25 минут 25-30 минут 30-35 минут | Ұйымдастыру кезеңі.(Ұ) «Сыпайы адам» жаттығуы Оқушылар сыпайы адам қандай болу керек екен стикерлерге (Мұғалім стикерге топқа бөлу мақсатын ескере отырып, төрт түсті стикер таратады) сипаттап жазып тақтаға жабыстырады. Жағдаяттарды шешу: Оқушылар жағдаяттарды тыңдап, сұрақтарға жауап беру арқылы талқылайды. 1. Айдар үйден шыға сала, аялдамада тұрған автобусқа үлгеру үшін жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып, автобус күтіп тұрған бір баланы қағып кетті. Автобуста адам көп екен. Артқы есіктен кірген ол, автобустың алдыңғы жағына өту үшін қыстырылыса жөнелді. Жолда біреудің аяғын басып кетті. - Айдардың асығуының салдары маңайындағы адамдардың көңіл күйіне қалай әсер етті? 2. Мектеп дәлізінде жүгіріп жүрген Талғаттың артынан Қуандық қуалай жөнелді. Қуып жетіп, желкесінен бір соқты. Ал, Аружан Талғатқа тілін көрсетті. - Талғаттың көңіл күйі қалай өзгереді деп ойлайсыңдар? - Неге? - Қуандық пен Аружанның қылықтары дұрыс па? Өз пікіріңді дәлелде.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Тыңдалым. Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беру, қорытынды шығару https://www.youtube.com/watch?v=W6lfYCpsuBo - Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады). Мұғалімнің кіріспе сөзі Сөйлеу мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс және орынды қолдану. Тіл болмаса адам өз ойын екінші біреуге жеткізе алмас еді, біреудің ойын да түсініп, біле алмас еді. Оқулықпен жұмыс 56-жаттығуды орында (Тапсырманы топта орындайды. Топта талқылап, жауаптарын сыныпқа айтады. Топқа стикердің түстеріне байланысты бөлінеді). 1. Өлеңді мұқият тыңда. 2. Ащы сөз, тұл сөздерінің мағынасын түсіндір. 3. Қарамен жазылғандардың антонимдік тіркестерін тауып көр. Бағалау критерийі - ащы сөз, тұл сөздерінің мағынасын түсіндіреді; - қарамен жазылғандардың антонимдік тіркестерін табады; - топта бірін-бірі тыңдайды. 58-жаттығуды орында (Жұптық тапсырма: мәтіндегі әдеп сөздерін пайдаланып, парталас көршісімен жанды табиғат кейіпкерлерін таңдап алып, солардың рөлінде диалог құрастырады). Әр топқа түрлі жағдаяттарда кездесетін сыпайы сөздерді қатыстырып диалог жазуға тапсырма беру 1-топ. Киім ілгіште 2-топ. Асханада 3-топ. Автобуста 4-топ. Кітапханада Бағалау критерийі - 3-тен артық сыпайы сөздерді біледі; - кем дегенде 2 қаратпа сөз қолданады; - диалогке белсенді қатысады. Сергіту сәті. «Жаңбыр» Біз орманда келеміз, Күн бұлттанды. Жаңбыр жауды Жаңбыр қайта жауды. Күн басылды, Қабағымыз айдай ашылды. 57-тапсырма. Топтық жұмыс. Әрбір оқушы мысалды түсініп оқиды. 1-топ. Мәтіндегі көңіл күйді білдіретін сөздерді теріп жаз. 2-топ. Радио әдепті кейіпкер болатын әңгіме жаз. 3-топ. Радиоға сөйлеу мәдениетін түсіндір. 4-топ. Радиоға сыпайы сөздерден сыйлық жасаңыз. Әр топқа телефон арқылы 1-топ - ата-анасымен 2-топ – сыныптасымен 3-топ – көршісімен 4-топ - ата-әжесімен диалог құрастырып, сахналау ұсынылады. Бағалау критерийі - 3-тен артық сыпайы сөздерді біледі; - кем дегенде 2 қаратпа сөз қолданады; - диалогке белсенді қатысады. Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар: Өз жолдастарыңа ренжіген кезің болды ма? Оның себептері неде деп ойлайсыңдар? Өз көзқарасыңды дәлелдеуге мүмкіндігің болды ма? Ол неге байланысты болды? Әңгімелескен адамды өз пікіріңнің дұрыстығына көндіре алдың ба? Адамның мәдениеті туралы оның сөйлеу мәнеріне қарап білуге болады ма? Реніш жанжалға айналып кетпес үшін ұсыныс бер. 59-жаттығу. Қосымша ретінде беріледі. Көңіл күй лебіздері мен олардың атауларын сәйкестендіреді.
Рефлексия Бағалау критерийлері
| Тақтада адамның бейнесі салынған сурет ілініп тұрады https://www.youtube.com/watch?v=W6lfYCpsuBo сілтеме бойынша 2 мин «Тіл және сөйлеу» тыңдалады «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж. Қосымша № 1 Қосымша № 2 Қосымша № 3 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут | Үйге тапсырма «Сыпайы сөздер» тақырыбына сөз тіркестерін жазу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
| Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс. 1: 2: Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?