4. Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№16 сабақ_Сөйлеу мәдениетін үйренемін_ Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: №16-сабақ. Сөйлеу мәдениетін үйренемін
Сабақ мақсаттары
1. Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.
2. Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
3. Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау.
Ресурстар: Интерактивті тақта презентация, кеспе қағаздағы тапсырмалар (оқылым мәтіні).
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау керек. (Сергіту сәті «Күн ашылды»)
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
Сұхбат дегеніміз – бағытталған диалог немесе пікірталас, әңгімелесу. Ол ақпарат жинау үшін қолданылады.
Сұхбат алуда мынандай қағидаларға сүйену қажет:
1. Сұхбат алуға бармас бұрын не сұрайтыныңды жоспарлап ал.
2. Сұхбатты көз алдыңа елестет.
3. Міндетті түрде сәлемдесуді, қоштасуды ұмытпа.
4. Сұхбат алатын адамның атын жиі атаған жөн.
5. Сұхбат барысында дөрекілікке жол берме.
- Әңгімені жалғастыру. Көшеде екі таныс адам кездесіп қалды. Олар бір-бірінен хал жағдайларын сұрастырды. Бір-біріне «Жақсы» деп жауап берді. Әңгімені жалғастыруға болады ма? Егер біреуі «Жағдайым нашар» десе, онда қалай жалғастырар едің.
Әңгіменің екі түрлі үлгісі беріледі
1-үлгі
- Ассалаумағалейкум, Серік?
- Уағалейкумусалам, Әсет.
- Серік, бала-шаға, мал-жан аман ба?
- Шүкір, Әсет. Өз қалың қалай?
- Рахмет, жақсы.
2-үлгі
- Сәлем, Ілияс!
- Сәлем Ғазиз!
- Қалың қалай?
- Жақсы, Ғазиз. Өз қалың ше?
- Қазақ тілінен екілік деген баға алып, жағдайым нашар болып тұр.
- 60-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді басқа сөздермен алмастыру.
Ықтимал жауаптар:
Жер Тауға мұңын шақты. Жер Тауға жағдайын айтты.
Өзендерім суалды, теңіздерімнің суы тартылды.
Өзендерім суалды, теңіздерімнің суы азайып қалды.
2. Мысалды жалғастырып жаз.
3. Мысалға ат қой.
Ықтимал жауаптар:
Жердің мұңы. Жер жылады. Жердегі шық қайдан пайда болды?
- 61-жаттығу. Мәтінге ат қою.
- 62-жаттығу. Әдептілік туралы сұхбат алу.
Тапсырманы орындамас бұрын сұхбат алу қағидалары мен сұрақтарының үлгісі беріледі.
Сұхбат сұрақтарының үлгісі:
- Мәдениетті адам дегеніміз қандай адам?
- Мәдениетті адамның бойында қандай қасиеттер болады?
- 63-жаттығу. Әдептілік деңгейін анықтау.
Сабаққа қатысты ескертпелер
«Жүгіртпе» жаттығуы
Мұғалім жүгіртпе сұрақтарды қояды, бірінші болып қол көтерген оқушының жауабы тыңдалады. Дұрыс болмаса басқа оқушы түзетеді:
1. Таңертең оянғанда не дейсің? (Қайырлы таң)
2. Қоштасқанда не дейсің? (Сау болыңыз, көріскенше)
3. Мектеп дәлізінде байқамай басқа оқушыны қағып кетсең де дейсің? (Ғафу ет, кешір)
4. Ас ішкенде не айтасың? (Ас дәмді болсын)
5. Кезек соңын қалай сұрайсың? (Кезектің соңы кім?)
6. Ұйықтар алдында қандай тілек тілейсің? (Жайлы жатып, жақсы тұр).
7. Біреуді ренжітсең не дейсің? (Кешіріңіз).
Оқулықпен жұмыс
60-тапсырманы орындау.
Мысалды әрбір оқушы оқиды.
1. Қарамен жазылған сөздерді басқа сөздермен алмастыру.
2. Мысалды жалғастырып жазу.
3. Мысалға ат қою.
4. Жанды табиғатты атау.
61-тапсырманы орындау.
1. Мәтінге ат қою.
2. Әңгімені жалғастырып жазу.
3. Әңгімедегі негізгі ойды анықтау.
Бағалау критерийі
- мәтінге ат қояды;
- негізгі ойды анықтайды;
- сөздердің мағынасын біліп алмастыра алады;
- мәтіндегі ойды жалғастыра алады.
62-тапсырманы орындау.
1. Журналистің 3-сынып оқушыларынан әдептілік туралы алған сұхбатын оқу.
2. Қай жауап өзіне көбірек ұнағанын айтып, дәлелдеу.
3. Әдептілік туралы сұхбат құрастырып жауз.
Оқушылар жазған жұмыстарын топта жариялайды.
Бағалау критерийі
- тақырыпқа сәйкес ашық және жабық сұрақтарды құрастырады;
- сыпайы сөздерді қолдана алады;
- диалогке белсенді қатысады.
Сергіту сәті «Күн ашылды»
Саралау
Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар арқылы жүргізіледі.
- Сыпайы сөздер адам өмірінде не үшін қажет?
- Сыпайы сөздер арқылы дау-жанжалды шешуге болады ма?
- «Әдеби тіл-дұрыс сөйлеудің үлгісі» - дегенді қалай түсінуге болады?
- Әдеби тілді қалай меңгеруге болады?
Оқушылар жауабы шамамен төмендегідей болуы мүмкін:
1.Білім-кітапта. Көркем әдебиетті көп оқу керек.
2. Ата-баба мұрасы. Мақал-мәтел, нақыл сөздерді жаттап жүру керек.
3. Қоршаған ортаңда өзің дұрыс сөйлеуге тырыс. Сонда ғана сен оларға жақсы әсер ете аласың.
1. Сұраққа жауап алу барысында оқушы белсенділігіне назар аудару.
2. Қоршаған ортада сөйлеу мәдениетін сақтау маңыздылығын түсінуіне назар аудару.
Тестік тапсырманы түсініп орындау.
Өз әдептілік деңгейін оқулықта берілген 63-тапсырма бойынша тестік тапсырманы орындау арқылы бағалайды. Нәтижесін топта оқып, талдайды.
№ | Тест тапсырмалары | иә | кейде | жоқ |
1 | Көршілеріңмен үнемі амандасасың ба? | |||
2 | Тамақ ішіп болғаннан кейін анаңа алғысыңды білдіресің бе? | |||
3 | Сабаққа кешіккен жағдайда мұғалімнен кешірім сұрайсың ба? | |||
4 | Абайсызда біреуді қағып кетсең, сен одан кешірім сұрайсың ба? | |||
5 | Қиын есепті шығаруға көмектескен үлкендерге рақмет айтасың ба? | |||
6 | Бір нәрсеге келіспеген жағдайда дауысыңды көтермей, бірқалыпты сөйлейсің бе? | |||
7 | 8 наурыз мерекесімен анаңды, әжеңді, әпкеңді құттықтайсың ба? | |||
8 | Ұйықтар алдында үйдегілерге «Қайырлы түн!» деп айтасың ба? |
Оқылым. М. Жұмабаев шығармасынан үзінді бойынша
Оқылым бойынша берілген тапсырмалар.
Тестегі дұрыс жауаптар қарамен белгілен.
1.Мәтіннен басты тірек сөздерді тап.
А) алыс сапар, қап бидай, пайдаға жарамайды
Б) түсінігі мол, егін егу, үйде жатқан
В) көрші дос, егін, бидай
С) қап бидай, жаздағы егін, жер
2. Мәтіннің негізгі ойын анықта
А) Екі көршінің достығы туралы
Б) Екінші көршісінің адал достығы жайлы
В) Егін еккеннің маңыздылығы
С) Алыс сапар жайлы
3.Мәтінде жауабы бар сұрақты тап.
А) Ешқандай пайдаға жарамайтын бидайды не істеуге болады?
Б) Көршілер бидайды қалай сақтаған?
В) Көктемде егін жиналғаннан кейін оны не істейді?
С) Бір адам қай қалаға бармақшы болды?
4. Мәтінге сәйкес нұсқаны анықта
А) Екінші көршісі сақтаған бидайын қоймадан алып шығады.
Б) Бірінші көршісі бидайды тұқым қылып сеуіп, егін еккен.
В) Сапардан қайтып оралған соң бидайын алу үшін көршілеріне барады
С) Көктемде егін жиналғаннан кейін, өзіне бидайдың екі қабын ғана сұрайды.
5. Мәтінге сәйкес тақырып таңда
А) Сөз және мағына
Б) Сөз құдіреті
В) Сөз әдебі
С) Сөз мәдениеті
Қалыптастырушы бағалау
Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару. Әр тапсырмадан соң анықталған бағалау критерийлеріне оқушы жауаптарының сәйкестігін сынып болып анықтау арқылы бағалаудың әділдігін қамтамасыз етуге көңіл бөліну керек.
Оқушылар қолдау қажет ететін мәселелер бойынша дер кезінде немесе бағытталған топ немесе жұп құру арқылы ұйымдастыру тиімді болатыны туралы ойланыңыз. Оқушының оқу мақсатын игеруіне тиімді шараларды жоспарлаңыз. Көмек қажет еткен оқушылармен жеке жұмыс жүргізіңіз.
Бағалау критерийлері | Қолымнан келеді | Көмек қажет етемін |
мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап бере аламын | ||
жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетемін | ||
мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтай аламын |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?