👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі_3-сынып _1-бөлім Жанды табиғат_Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын _Презентация


Қазақ тілі

3-сынып

«Жанды табиғат» бөлімі

Сабақтың тақырыбы:

Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын

.

Ширату жаттығуы. Психалогиялық ахуал.

Аққу болып ұшамыз

Көлге келіп қонамыз.

Көлдің бетін құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

Алдыңғы білімді пысықтау.

Мәтін дегеніміз не?

Мәтін түрлерін ата.

Мәтін неше бөліктен тұрады?

Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма? Неліктен?

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;

3.2.1.1 көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Бағалау критерийлері

түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысады;

көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтайды;

мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;

көркем жазу дағдыларын дамытады;

1-топ Жапырақ неге жасыл түсті болады?

2- топ Балықтар неге сөйлемейді?

3-топ Неліктен, үкі күндіз ұшпайды?

Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен? Тірек сөздері: көмекші сөздер

Құстардың ішінде қазақ халқының қадірлейтіні – бүркіт. Ол ұясын ең биік ағаштың басына, тау шыңдарының ең биік төбесіне, жел мен аяздың ең күшті өтіне салады. Сондықтан да, бүркіттің балапандары ыстық пен суыққа шынығып, сомдалып өседі.

Бүркіттің қас жауы – түтін. Кеудесін түтін шалса, табанда өледі. Сол себепті оны түтінсіз жерде ұстайды. Қыста қора мен сарайда, жаз кезінде ашық далада ұсталады.

Сәбит Мұқановтан

Мәтінді оқы. Пайымдау мәтіні бөліктерін тап

Сергіту сәті. «Кім зерек

+ шапалақ соғу

– аяғын топшылап, тізесін қағу

Мәтін түрін анықтау

Орындау реті:

Мәтінді оқып, мәтін түрін және оның құрылымдық бөліктерін өзара анықтау.

мәтін түрін дәлелдеу.

1-топ Аққу

Аққу – киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар –

достықтың, мәңгіліктің белгісі.   

Лашын  

Лашын қазіргі кезде сирек кездеседі. Табиғатта саны азайып бара жатқан құстардың қатарында. Сондықтан ол біздің елімізде қорғауға алынған.

2-топ Тоты

Тропиктік құстардың бірі - тоты. Тотылар алуан түрлі дауыспен сайрайды, тіпті адамша сөйлей де алады. Тотылар үшін қанаттан гөрі тұмсық әлдеқайда маңыздырақ. Өйткені олар бұтақтан-бұтаққа секіріп жүреді, ұшуды білмейді. Ал тұмсығымен ірі жаңғақтарды шағады, дәнді шоқып жейді.

Оқпақ

Оқпақ – көкқұтанға ұқсас құс. Ол өте сақ. Қамыс арасында ешкімге көрінбей өмір сұреді. Құс аулап жүрген адам өзінен бірнеше қадам жерде жасырынып тұрған оқпақты байқай алмайды.

3-топ Ақбөкен

Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ - тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Қауіп төнгенде пысқырып дауыс береді.

Қайың

Қайың - пайдалы ағаш. Өйткені, қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады. Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.

Мәтін түрін анықтау, негіздеу

Оқылым тапсырмасы

Топтық жұмыс.

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

Топ пайымдауларын ортаға салу.

Өзара кері байланыс: 2 жұлдыз, 1 тілек.

Бағалау дескрипторы

мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра алады;

сұраққа жауап бере алады;

Берілген суретті пайдаланып, жанды табиғат туралы мәтін құрастыру. Тірек сөздері неге? неліктен? деген сұраққа жауап беретін пайымдау мәтіні болу керек.

Өзін өзі бағалау кестесі


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы