Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_Жанды табиғат туралы мәтін құрастыру_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Сабақ тақырыбы: Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын.

  • Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;

3.2.1.1 көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету..

2. Қауіпсіздік және денсаулық сақтау нұсқаулығы, оқушыларға қолайлы ортаны қалай ұйымдастырылады

Ширату жаттығуларын орындап, психологиялық жағымды ахуал орнату.

Жазу барысында қаламның ұшын дұрыс ұстау, түзу отыру қауіпсіздік ережелері таныстырылады

Сабақта оқушыларды жалықтырып алмас үшін және денсаулығын сақтау мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады. «Кім зерек?» ойынын ұйымдастыру. Оқушыларға жанды табиғат және жансыз табиғатқа қатысты сөздер айтылады. Егер жанды табиғатқа жатса, орнынан тұрып, шапалақ соғады. Жансыз табиғатқа жатса, орнында отырып аяғын топшылап, тізесін қағады. Мысалы: күн, үй, тас, адам, ағаш, гүл, ауа, түйе, киім, торғай т.б.

Мақсаты: жанды және жансыз табиғатты ажыра алуын байқау, зейінін бір ортаға шоғырландыру, қызығушылығын ояту.

Қолданылуы: сабақтың басында немесе ортасында пайдалануға болады.

3 . Сабаққа қажетті теориялық материалдар: ереже, анықтамалар, түсіндірмелі сөздік, т.с.с.

Пайымдау мәтіні дегеніміз - оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен? Тірек сөздері- көмекші сөздер болады.

4. Әдіс-тәсілдерді ұйымдастырудың егжей-тегжейлі нұсқаулығы

«Ойлан, тап» әдісі

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Қолданылуы: жетелеуші сұрақтар қою арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

  • Жапырақ неге жасыл түсті болады?
  • Балықтар неге сөйлемейді?
  • Неліктен, үкі күндіз ұшпайды?

«Дауыстап ойлау» әдісі

Мақсаты: Оқи отырып ой түю, ой бөлісу

Тиімділігі: Оқушыларды дұрыс тыңдауға ынталандырады. Оқылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.

Қолданылуы : Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.

«Оқиық және жауап берейік»

Мақсаты: Оқыған мәлімет бойынша өз ойларын тұжырымдау.

Қолданылуы: Мәліметті әр оқушы өз жұбымен талқылап, ортақ шешімін айтады, кері байланыс жасауға болады.

5. Қосымша деңгейлік тапсырмалар, жағдаяттар, ықтимал жауаптар

Шығармашылық жұмыс

Берілген суретті пайдаланып, жанды табиғат туралы мәтін құрау. Құрылымдық бөліктерін анықтау. Тірек сөздері неге? неліктен? деген сұраққа жауап беретін пайымдау мәтінін құрайды..

Саралау.

  • Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету, бағыт беру, ой тастау.

Мысалы үшін, «Жылқы адамға пайдалы, себебі....» әрі қарай жалғастыру.

  • Берілген сурет бойынша пайымдау мәтінін құрай алады, сұраққа жауап бере алады.

6. Қалыптастырушы бағалауға ұсыныстар:

Қалыптастырушы бағалау дискрипторлары негізінде ұйымдастырылады.

Топтық жұмыс кезінде сұраққа өз ойын жүйелі жеткізе білуін, берілген мәтін түрін анықтай алуын және мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтай алуын; берілген мәтін түріне қарай мәтін құрай алуын бағалау. Өзара бағалауды жүзеге асыруда себебін сұрап, әділ бағалауын айту. Мотивациясы төмен оқушыларға көмек қажет ететін тапсырма бойынша қолдау көрсету.

7. Қосымша сілтемелер:

С. Мұқанов әңгімесі

Ол кім? Бұл не? кітабынан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 .

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу