Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_Жанды табиғат туралы мәтін құрастыру_Дидактикалық материал


Қосымша №1

Құстардың ішінде қазақ халқының қадірлейтіні – бүркіт. Ол ұясын ең биік ағаштың басына, тау шыңдарының ең биік төбесіне, жел мен аяздың ең күшті өтіне салады. Сондықтан да, бүркіттің балапандары ыстық пен суыққа шынығып, сомдалып өседі.

Бүркіттің қас жауы – түтін. Кеудесін түтін шалса, табанда өледі. Сол себепті оны түтінсіз жерде ұстайды. Қыста қора мен сарайда, жаз кезінде ашық далада ұсталады.

Сәбит Мұқановтан

Қосымша №2

1-топ

АққуАққу – киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі.     

Лашын

Лашын қазіргі кезде сирек кездеседі. Табиғатта саны азайып бара жатқан құстардың қатарында. Сондықтан ол біздің елімізде қорғауға алынған.                 

2-топ

Тоты

Тропиктік құстардың бірі - тоты. Тотылар алуан түрлі дауыспен сайрайды, тіпті адамша сөйлей де алады. Тотылар үшін қанаттан гөрі тұмсық әлдеқайда маңыздырақ. Өйткені олар бұтақтан-бұтаққа секіріп жүреді, ұшуды білмейді. Ал тұмсығымен ірі жаңғақтарды шағады, дәнді шоқып жейді.

Оқпақ

Оқпақ – көкқұтанға ұқсас құс. Ол өте сақ. Қамыс арасында ешкімге көрінбей өмір сұреді. Құс аулап жүрген адам өзінен бірнеше қадам жерде жасырынып тұрған оқпақты байқай алмайды.

3-топ

АқбөкенАқбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ - тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Қауіп төнгенде пысқырып дауыс береді.

.

Қайың

Қайың - пайдалы ағаш. Өйткені, қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады. Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.

Жұмыс парағы №1

Бағалау критерийлері

Басқаларға түсіндіре аламын

Қолымнан келеді

Қиналамын, себебі

Көмекші сөздер арқылы мәтін түрін, оның құрылымдық бөліктерін анықтаймын

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беремін.

Көркем жаза аламын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу