1.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_Өмір кезеңдері туралы мәтіндер оқу_ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:

Тарау: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: Өмір кезеңдері туралы мәтіндер оқу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.2.1.1тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері туралы біледі;

- тірек сөздер арқылы мәтін құрайды;

- мәтіннің мазмұнын айта алады;

Оқушылардыңкөбі:

- мәтін түрлерін көмекші сөздер арқылы анықтайды;

- мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады;

- мәтін мазмұнына сызба құрастыра алады

Оқушылардыңкейбірі:

- мәтіннен тірек сөздерді өз бетінше таба алады;

- мәтіннің құрылымдық бөліктері бойынша жоспар құра алады;

- мәтін мазмұны бойынша нақты тұжырыммен жауап береді;

Бағалау критерийлері

- мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері туралы біледі;

- мәтін бойынша кесте толтырады;

- тірек сөздер арқылы мәтін құрастыра алады;

- мәтінді бөліктерге бөле алады;

  • - толық ойды білдіретін сөйлем құрастыра алады;

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Мәтін, сипаттау мәтіні, әңгімелеу мәтіні, пайымдау мәтіні

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- Құрбақалар неге Антарктиданы мекендемейді?

- Оқыған мәтіннен қандай фактілер маңызды деп ойлайсыңдар?

- Адамдар құрбақаларға зиян келтірмеу үшін не істеу керек?

- Егер табиғатта құрбақалар болмаса не болар еді?

- Құрбақалар туралы тағы не білгілерің келеді?

Құндылықтар

Қоршаған ортаға зиян келтірмеуге баулу

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері туралы біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.(Т)Мәтін түрлерін пысықтау жаттығуы

Әр топқа берілетін мәтін үлгілері:

1-топ Тасбақа

2-топ Қолтырауын

3-топ Кірпі

1-топ (сипаттау)

2-топ (пайымдау)

3-топ (әңгімелеу)

Тақырыбы: Тасбақа

Жоспар:

1. Тасбақа түрлері

2. Тасбақа мекені

3. Тасбақаның сипаттамасы

4. Дала тасбақасының қорегі

Тірек сөздер: тасбақа, түрлері, сауыт, ұйқы, қоректенеді.

Тақырыбы: Қолтырауын

Жоспар:

1. Қолтырауын құрылысы

2. Қолтырауынның сипаттамасы

3. Қолтырауынның пайдасы

Тірек сөздер: қолтырауын, ет, сүт, май, пайдасы.

Тақырыбы: Кірпі

Жоспар:

1. Орманға серуен

2. Кірпінің пайда болуы

3. Кірпінің сипаттамасы

4. Үйге қайту

Тірек сөздер: кірпі, тікенек, тұрқы, салмағы, қоректенеді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін бірге белгілеу

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатына қарап, мұғаліммен бірге бағалау критерийлерін құрастырады. Мұғалім БК тақтаға жазып, сабақтың соңында қайта оралатындығын ескертеді.

https://www.youtube.com/watch?v=6E7nz_d83sw сілтемесі бойынша 30 секунд тыңдалуы керек

5-слайд

уылдырық, дернәсіл, итшабақ, құрбақа суреттері

Жұмыс парағы №1

Сабақтың ортасы

5-35 минут

5 минут

7-17 минут

17-20 минут

21-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

(МК,Ө,Т) Сөздікпен жұмыс

Әрбір топ кестеде берілген сөздерге сәйкес келетін сөйлемдерді тауып, жазады.

№1жұмыс парағы

Уылдырық

Дернәсіл

Итшабақ

Құрбақа

1.Бақалар көктемде оны су қоймасына шашады. 2. Ол желбезек арқылы суда тыныс алады. 3. Олар50 күндей дамып, ұзындығы 30 -32 мм-ге жетеді. 4. Олардың терісі бұдырлы, мүйізді.

Тапсырманы орындау реті:

- берілген сөйлемдерді мұқиятоқу;

- әр сөйлемнен кестеде берілген сөзге сәйкес келетін сөйлемдерді тауып, жазу.

Топтық бағалау

Топтардың парақтары өзара ауыстырылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушылар слайдтан жауаптарды салыстырып, бағалайды.

«Құрбақа»мәтінімен жұмыс.

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

Оқушыларды топтастыру кезінде қабілеті төмен, қабілеті орташа, қабілеті жоғары оқушыларды ескере отырып, топтау керек. Оқушыларды өзара қолдау көрсету арқылы жоғары деңгейдегі тапсырманы орындауға ынталандыру.

Тірек сөздер: құрбақа, Қазақстанда, терісі, мекендейді, әндетеді, су қоймасына, уылдырығын, итшабақ, дернәсілі, түлейді,өрмекші

- Мәтіннің қай түріне жатады? (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау). Неліктен екенін дәлелде.

- Мәтіннен маңыздылығына қарай 5 мәліметті іріктеп жаз. Іріктеу себебіңді түсіндір. Неліктен маңызды деп ойлайсың?

1.

2.

3.

4.

5.

Барлық оқушыларға парақтағы мәтін таратылып беріледі.

1-деңгей

1. Құрбақаны сипатта.

2. Құрбақа немен қоректенеді?

2-деңгей

1. Мәтінді бөліктерге бөл.

2. Мәтін бөліктеріне ат қой.

3-деңгей

1. Оқыған мәтіндегі ақпаратты сызба түрінде көрсет.

Тапсырманы орындау реті:

- берілген мәтінді мұқият оқу;

- деңгей бойыншаберілген тапсырмаларға оқушылардың әрқайсысы жеке жауап жазады.

- деңгей бойынша уақытша топтарға бөлініп, ортақ шешімге келеді.

- әр деңгей бойынша соңында сыныппен бөліседі.

- Осы мәтіндегі негізгі кейіпкер туралы 5 жолды өлең (Синквейн) құрастыр.

Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойынын ұйымдастыру.

Бір топ басқа топқа бір жануарды іс-қимыл арқылы көрсетеді, алқалған үш топ оны табады, солайша әр топ бір реттен көрсетіп шығады.

(МК, Ж) Саралау: оқушылар жұбына 4 сұрақтан беріледі, ал қабілеті жоғары оқушыларға 6 сұрақ ұсынылады. Мысалы,

- Құрбақалар неге Антарктиданы мекендемейді?

- Оқыған мәтіннен қандай фактілер маңызды деп ойлайсыңдар?

- Адамдар құрбақаларға зиян келтірмеу үшін не істеу керек?

- Егер табиғатта құрбақалар болмаса не болар еді?

- Құрбақалар туралы тағы не білгілерің келеді?

(Ұ) Тірек сөздермен жұмыс

Мәтіндегі қарамен белгіленген тірек сөздерден шағын әңгіме құрап айту.

Тірек сөздер: құрбақа, Қазақстанда, терісі, мекендейді, әндетеді, су қоймасына, уылдырығын, итшабақ, дернәсілі, түлейді, өрмекші.

Құраған әңгімелерін топта талқылайды, ең үздік әңгімені толықтырып, жазу. «Автор орындығында» оқиды.

(Ө). Оқылымнан кейінгі тапсырма

Мақсаты: Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейлерін анықтау.

1.Мәтіннен тірек сөздерді тап.

А) итшабақ, құрбақа, дернәсіл, уылдырық

В) көктем, қыс, мұз

С) өрмекші, құмырсқа, түлеу

D) желбезек, қыркүйек, қазан

2.Мәтінде жауабы бар сұрақты тап.

А) Құрбақаның басы қандай?

В) Құрбақаның терісі несімен пайдалы?

С) Құрбақа немен тыныс алады?

D) Құрбақада неше аяқ болады?

3. Мәтінге сәйкес нұсқаны анықта.

А) Қазақстанда құрбақаның үш түрі кездеседі.

В) Құрбақалар шөппен қоректенеді.

С) Бірнеше құрбақа бірігіп өмір сүреді.

D) Құрбақа Антарктидада кездеседі.

4. Мәтінге сәйкес ақпаратты белгіле.

А) Құрбақа күн сайын 10-15 минуттай ғана қоректенеді. 

В) Итшабақ 50 күндей дамып, ұзындығы 30-32 мм-ге жетеді.

С) Құрбақаның денесінде бұлшық ет жоқ.

D) Құрбақа тек салқын жерді мекендейді.

5. Мәтінге сәйкес тақырып таңда.

А) Құрбақалар өмірі.

В) Жасыл құрбақа

С) Құрбақаның емдік қасиеттері

D) Құрбақаның пайдасы

Тест жауаптары:

1. А

2. С

3. А

4. В

5. А

Жұмыс парағы №2

слайд

«Құрбақа» мәтіні:

Қосымша №2

Жұмыс парағы №3

Жұмыс парағы №4

9-слайдта тірек сөздер шығып тұрады

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Сабақты қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау кестесін қолдану.

Бағалау критерийі

Қолымнан келді

Көмек қажет

Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін ажырата аламын

Мәтін бойынша кесте толтырамын

Тірек сөздер арқылы мәтін құрастыра аламын

Мәтіндегі ақпаратты сызба түрінде көрсете аламын

Берілген тақырып бойынша әңгіме құрай аламын

Қорытынды: Оқушы оқу мақсатына жетті

Үй тапсырмасы.

Оқырман жазбасы

Сұрақ

Өзің тұратын жерде қандай құрбақа түрлері кездеседі?

Дереккөздер

Маңызды мәлімет

Тірек-сөздер:

Сөйлем:

Өзің тұратын жерде кездесетін құрбақа түрлері туралы мәлімет жинақта. Сол құрбақалар туралы постер дайындап, таныстыр.

Кесте

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау;
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындату;
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін оқылым тапсырмалары негізінде ұйымдастыру
  • Рефлексия барысында «Плюс-минус-қызықты» кестесін қолдану

Жаратылыстану пәні.

«Кім тапқыр?» ойыны.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу