3_Қазақ тілі_3 сынып_1 бөлім Жанды табиғат_Өмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу_Дидактикалық материал


Қосымша №1

Үлестірме қағазға арналған сөздер: сәби, бала, ересек, жасөспірім, балғын жастық, мосқал, қарт.

Қосымша №2

 Теңіз тасбақасының өмірлік саяхаты

 

 Бұл тамыз айының жұлдызды түні болатын. Жұмыртқалары бар ұя Коста-Рика жағалауынан 60 сантиметр тереңдікте құмда көмілген. Ұяның ішінде жасыл теңіз тасбақаларының 100-ден аса жұмыртқалары бар, олардың әрқайсының көлемі гольф добымен бірдей.

 Теңіз тасбақасы балапандарының бірі қозғалып, жұмыртқасынан шыға бастайды. Ол жұмыртқасының қабығын тұмсығының үшкір ұшымен жарады. Теңіз тасбақасының баласы құмның астына көмілсе де, еркіндікке шығады.. Аз уақытта ұяның іші қимыл-қозғалысқа толады...

 Жұмыртқасынан жаңа жарып шыққан тасбақа балапаны құмның бетіне жеткен кезде, мұхиттан шағылысқан ай жарығына қарай жүреді...

 Суға қарай жол – оның өмір сүруінің шешуші сәті деп санауға болады. Тасбақа баласының көлемі грек жаңғағынан үлкен емес...

 Тасбақа баласының ашық теңізге саяхатын жиі «жоғалған жылдар» деп атайды. Жасыл теңіз тасбақасы өмірінің осы кезеңі туралы ғалымдар нақты деректер келтірмеген...

 Бірнеше жылдар өткеннен кейін ол балғын тасбақаға айналады... Ол жайлап өскенше бірнеше жылдар өтеді. Ол жағалаудан алыс кетіп, теңіз түбінде қоректеніп ересек тасбақаға айналады.

 Тасбақа 26-ға толған кезде, оның сауытының ұзындығы 90 сантиметрге, ал салмағы 120 килограммға жетеді. Енді ол жаңа саяхатқа аттанады. Ол өзінің ұзақ сапарын туған жеріне қайта оралудан бастайды. Сол кезде тасбақа өз жұмыртқаларын басуға дайындалады...

 Әрбір жасыл тасбақа осылай өмір бойы жұмыс істейді, ол 80 жасқа дейін өмір сүруі мүмкін. Бұл уақыт аралығында мыңдаған жас тасбақалар туылып, ашық теңізге кетеді.

Тасбақа саяхаттарынан, Гари Миллер

Қосымша №3

Өмірлік кезеңінің атауы

Көлемі

Қорегі

Жұмыртқаның өзінің қорегі бар

Балапан тасбақа

Түскі ас ішетін тәрелкедей

Балдырлар және теңіз шөбі

Қосымша №4

Өзін-өзі бағалау кестесін толтыру

Бағалау критерийі

Басқаларға түсіндіре аламын

Қолымнан келеді

Қиналамын, себебі

Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтай аламын

 

Мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтай аламын

Көркем жаза аламын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу