Қазақ тілі _3 сынып_ 1-бөлім Жанды табиғат _Қыстырма сөз _Презентация


Қазақ тілі

3-сынып

«Жанды табиғат» бөлімі

Сабақтың тақырыбы:

Қыстырма сөздер.

(“Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын” тақырыпшасы негізінде)

Психологиялық ахуал.

Шаттық шеңберінде тұрып бір-біріне сәттілік тілеу.

Алдыңғы білімді пысықтау.

Қаратпа сөз дегеніміз не?

Қаратпа сөздің тыныс белгілері қалай қойылады?

Оқу мақсаты

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту;

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;

Бағалау критерийлері

жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзете алады;

интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана алады, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударта алады;

Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырата алады және тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;

(МК, Ө) Көркем жазу.

Ққ

Қызық қорық қатық

Әріптердің биіктігін қандай болу керек?

Қ дыбысынан басталған сөздерден сөйлем құрастырып жазу. Мысалы, Қалтай қалаға қызыға қарады.

1-тапсырма Жазылым

1. Көру диктантын жазу.

Қатемен жұмыс жасау.

1. Әр сөйлемді іштей 2-3 рет оқы.

Сөйлемнің тыныс белгісіне назар аудар.

Қарамай сөйлемді жатқа айтып көр.

Қайта оқып, есте сақта.

2. Сөйлемді жатқа жаз.

Жазған жұмысыңды тексер. Қате анықталды ма?

Көру диктанты

Ата, Қарагердің үйірі қашан келеді?

- Е, балам, сәті түскен күні келеді, - деді атасы

-Ата, Күреңтөбел аман-сау келсе, өзім білдіремін, - деді Жарас.

-Жарасжан, Күреңтөбел саған көне қоймас, асау ғой, - деді атасы.

Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Тақтада берілген сөйлемдерге қарап тексеру.

Сөйлемдер реті сақталған ба?

Тыныс белгілері дұрыс қойылған ба?

Қате кездеседі ме?

2-тапсырма Мәтінді рөлге бөліп оқу. Тыңдарманның назарын өзіне аудару.

Жер-Ана

Бейбіт бақша ішіндегі жерді қопарып ойнап жүр еді, бір қария:

-Әй, балам, жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой,- деді.

Таңғалған Бейбіт:

Менің анам үйде, аты-Зейнеп, -деді.

Балам, онда сол Зейнеп анаңнан сұра, түсіндіреді, -деп қария кете берді.

Бейбіт үйге келіп, анасынан Жер-ана туралы сұрады.

-Балам-ай, ол кісі саған дұрыс айтқан. Жер-бәріміздің анамыз. Онсыз өмір жоқ. Жер-Ана дейтін себебіміз- ішетін суымыз, жейтін нанымыз жердікі. Адамға қажеттінің бәрі жерден шығады...

Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады. Түстен кейін бақшаға барып, шашып ойнаған топырақты тегістеді.

(Қ. Сәрсекеев)

Сергіту сәті.

Ой сергек!

Мұғалім айтып, қимылдарды көрсетеді.

Күз болды, жел тұрды,

Жел қатты тұрды.

Жаңбыр тырыс-тырс жауа бастады.

Жаңбыр қатты жауды.

Қайтадан жел тұрды,

Жаңбыр қойып, күн шықты

3-тапсырма

Кестедегі сөйлемдерді салыстыр, қарамен жазылған сөздерге назар аудар.

Ережемен жұмыс

Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын (сену, мақұлдау, күмәндану) білдіретін сөзді қыстырма сөз дейді. Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. Қыстырма сөздер: меніңше, оның ойынша, бәлкім, әйтеуір,әрине, жаңылмасам, шынында, шынын айтсам, шіркін,бәсе, айтпақшы, қысқасы, әлбетте, демек, рас, ең алдымен, тоқ етері,сәті түсіп біріншіден, екіншіден. Мысалы: Әрине, ол қуанды.

Қыстырма сөздер сөйлемде үтір арқылы ажыратылады. Сөздің басында келсе,одан соң үтір қойылады. Мысалы: Меніңше, бұл дұрыс.

Ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады.

Мысалы: Маған, шынын айтсам, бұл сурет ұнамады.

Ал, соңында келсе, одан бұрын үтір қойылады. Мысалы: Ғарышкер болғысы келетін шығар, бәлкім

Қыстырма сөздердің мағынасына қарай түрі

4-тапсырма Жазылым

Графикалық сызбамен жұмыс

Қыстырма сөздері бар сөйлемдердің графикалық сызбасын сызу. Сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу.

(қыстырма сөздердің тыныс белгілеріне назар аудару және одан қорытынды шығару.)

_____ ______ _____ ______ , ______.

______ , _______ ______ ______ ______.

____ ______ ,______, ______ _____.

_______ ______ ______ ,______ , ______.

Кестені қолдана отырып, қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтау.

Жазған жұмыстарын өзара тексеру.

Сөйлемді сызба бойынша дұрыс құрастыра алды ма?

Қыстырма сөздерді дұрыс қолданды ма?

Қате кездеседі ме?

5-тапсырма

«Адамдар Жанды табиғатсыз өмір сүре ала ма?» тақырыбында көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін ауызша құрастыру.

(«Біріншіден», «екіншіден», «үшіншіден», «меніңше», «шындығында» т.б. қыстырма сөздері арқылы «Адамдар Жанды табиғатсыз өмір сүре ала ма?» тақырыбында пайымдау мәтінін ауызша құрастыруды ұйымдастыру.)

Мәтінді жазу

Жазған мәтіндерін өзін өзі қарындашпен тексеру.

Мәтін пайымдау мәтініне құрылған ба?

Көмекші сөздерді пайдаланған ба?

Пунктуациялық нормалар сақталған ба?

Қате кездесе ме?

Тексерілген жұмысты алмасып, өзара тексеріп, бағалайды.

Рефлексия.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақтан не үйрендіңдер?

Саған не ерекше қызықты болды?

 

Егер оқушыларға сабақта бәрі түсінікті болса- ,

 

түсінбеген жерлері болса- ,

 

 

бәрі түсініксіз болса-

,

Үйге тапсырма

Қыстырма сөздерді қатыстырып, 3 сөйлем құрастыру, сызбамен көрсету.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу