2. Қазақ тілі_3 сынып_ 1-бөлім Жанды табиғат _Қаратпа сөздер _Презентация
Қазақ тілі
3-сынып«Жанды табиғат» бөлімі Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөздер (Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын тақырыпшасы)Психологиялық ахуал.
Шаттық шеңберінде тұрып бір-біріне сәттілік тілеу.
Алдыңғы білімді пысықтау.
Пайымдау мәтіні дегеніміз не?
Пайымдау мәтінінің ерекшелігі.
Оқу мақсаты
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау
3.3.7.1* қаратпа сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қою.
Бағалау критерийлері
Тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып әңгіме құрай алады;
Көмекші сөздер арқылы мәтін түрін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
Пунктуациялық нормаларды сақтайды, қаратпа сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;
(МК, Ө) Көркем жазу.
Мақсаты: Оқушылардың көркем жазу дағдыларын дамыту.
(Ө) 1-тапсырма Мәтінмен жұмыс.
Тыңдалым, айтылым.Мәтінді мұқият тыңда.Нұржан кішкентай ағаштың артық бұтақтарын қия бастады. Байқамай ағаштың қабығымен қоса, діңін кертіп тастады.
- Балам-ау, мұның не? Ағашты жарақаттадың ғой, енді ол жылайтын болды?
Нұржан қалт тұрып қалды.
Қалайша ағаш та жылай ма?–деді таңданып.
- Әрине, оның да жаны бар, тіршілік иесі, - деді бағбан.
Көз жасы қайсы, көрінбейді ғой?
Оны кез келген адам көре бермейді.
Сендер ағашты аялап өсіріп, жүректеріңмен сезіне білулерің керек, - деді бағбан.
Мәтін бойынша сұраққа жауап бер.
Мәтін не туралы ?
Мәтінге қандай ат қоюға болады?
Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді оқыңдаршы? Сен, не айтар едің?
Діңі дегенді қалай түсінесің?
(Ж, Ө, Қ) Мәтіннен тірек сөздерді белгіле, қорытынды пікірлерді тап.
Тыңдаған мәтіннен тірек сөздерді белгіле;
Неліктен бұл сөздерді тірек сөздер деп ойлайсыңдар?
Тірек сөздер
Нұржан, ағаштың қабығы, діңі, кертіп тастады, жылайтын болды, бағбан, көз дасы, жүректеріңмен сезіну
Сергіту сәті
«Көңілді күн»
(Ж, Ө, Қ) 2- тапсырма
Жоспар құрастырып жазу.Мәтіннің басы, негізгі бөлімі, соңын анықтап, кестеге жапсырады. Әр бөлікке ат қояды.
Жоспар
Нұржанның ағаш бұтағын қиюы.
Ағаштың көз жасы.
Бағбанның сөзі.
(МК,Ұ) 3- тапсырма
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге назар аудару .
Бұл сөз не үшін қолданылып тұр деп ойлайсың?
Ережемен жұмыс
Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөздер дейді. Ол сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келеді.
Мысалы:
1. Балам-ау, мұның не? Ағашты жарақаттадың ғой, енді ол жылайтын болды?
2. Мұның не, балам-ау, ағашты жарақаттадың ғой, енді ол жылайтын болды?
3. Мұның не? Ағашты жарақаттадың ғой, енді ол жылайтын болды ғой, балам-ау?
Балам-ау деген сөздің орнын құлыным-ау, Нұржан-ау, күнім-ау т.с.с. сөздермен ауыстырып айтуға болады.
Кәне, айтып көрейікші?
Құлыным-ау, мұның не? Ағашты жарақаттадың ғой, енді ол жылайтын болды?
4- тапсырма (МК, Ө, Т, Қ) Суретпен жұмыс. Жоспар мен суреттердің көмегімен «Жанды табиғат өлі табиғатқа айналуы мүмкін» тақырыбында әңгіме құрау.
Жоспарды толықтыр.
Жанды табиғаттың өлу себептері.
2.
3.
4-тапсырма Жазылым.
(Ж, Ө, Қ) Сөйлемді жетілдір.(сөз қосу, тыңдаушыға бағыттау, эмоция қосу, тыныс белгілерін қою, шашыраңқы берілген сөздерден сөйлем құрау)
Сөйлемді қаратпа сөздермен толықтыру.
Жіберші, маған, көмектесіп.
Ертегі, маған, айтып беріңізші.
Өте, ертегі, айтыңызшы, көп.
Саяхатқа, сенбі күні, шығыңдар.
Жазған жұмыстарын өзара тексеру
Сөйлемде қаратпа сөздерді қолданғаны дұрыс па?
Тыныс белгілерін қойғаны дұрыс па?
Қате кездеседі ме?
Өзара кері байланыс 2 жұлдыз, 1 тілек.
РЕФЛЕКСИЯ
(Ұ) «Менің сөзім» әдісі
Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.
Үйге тапсырма
Қаратпа сөзге 3 сөйлем жазып келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?