3. Қазақ тілі мен әдебиеті_3-сынып_ 1-бөлім Жанды табиғат_Өмір кезеңдерін зерттеу_Дидактикалық материал


Қосымша № 1

Бақа қайда барасың? (ертегі)

Баяғы заманда бір кішкене бақа өмір сүріпті. Ол көл бетіндегі құты сияқты әдемі гүл қауызын мекен етеді.

-Бақ-бақ, бақ-бақ! — дейді бақа.

Бақа жасыл жапырақтың бірінен-біріне секіріп мәз болып жүреді.

Айналасына көз салып, не қызық бар екен деп қызықтайды.

Бақа серуендеп, алаңқайға шықты. Міне, шөп өсіп тұр. Жап-жасыл. Шыбын-шіркейлер ызылдап жүр: «Ыз-ыз-ыз!»

Аралар да тынымсыз ызыңдап жүр: «Ж-ж-ж-ж!»

Ал, мынау кім? Жер бетінде жыбырлап, бірдеңе жүріп келеді. Ұлу екен. Бақа оған қарағанда өзінің жылдам екенін ұқты.

Алаңқайдың ортасында әдемі гүлдер өсіп тұр. Мынау — ақ гүл. Мынау -қызыл гүл. Мынау — сары гүл. Мынау — көк гүл. Түрлері таңғажайып. Онсыз да әсем алаңқайға бір кезде көбелектер ұшып келіп, айнала тіпті әсемденіп кетті. Көбелектер де түрлі түсті — ақ, қызыл, сары. Бақа, әсіресе, қызыл көбелекті ұнатты. Бір қараса, ол көрінбей кетті. Осы сиқырды бақа артынан түсінді. Қызыл көбелек қызыл гүлге қонғанда көрінбей кетеді екен! Бақаның көңілі өсіп кетті. Бақа серуендеп, әрі қарай алаңқайға шықты.

Міне, шөп өсіп тұр. Жап-жасыл. Шыбын-шіркейлер мен аралар тыным­сыз ызылдап жүр: ж-ж-ж!

-Бақ-бақ, бақ-бақ! Бақа әрі қарай жүрді.

Орманда бақа қонжықты кездестірді. «Дүңк-дүңк!». Мынау — бұталар. Жемістері қандай?! Қонжық жидек теріп жеп келеді. «Ням-ням!» Шаршап кеткен болу керек, ағаш түбіріне отырып дем алды. Бақа қараса, балық жүзіп келеді: бүлк-бүлк! Міне, балық жағаға жақындады. Қамысқа қарай жүзді.

Ал, су бетінде ызыңдап маса ұшып жүр. «Ыз-ыз-ыз!» деп әндетіп қояды. Балық секіріп — масаны ұстамаққа тырысуда. Бірақ, маса ұстатпады. Құтылып кетті! Бір мезетте бақа көл бетінде жүзіп жүрген үйрек-ананы көреді. Артында ерткен балапандары бар. Бір, екі, үш… Көп. Үйрек-ана: «Кря, кря, кря! Маған қарай жүзіңдер!» Балапандар: «Кря-кря-кря!» Табандарын тарпылдатып жүзіп жүр. Анасы бар, баласы бар, барлығы жүзіп жағаға шықты. Әрі қарай, орманға бет алды. Мынау — тал. Мынау — шырша. Соқпақпен секіре жөнелген бақа ағаш түбіртегіне келіп отырды. Қараса, алдында қоян секіріп жүр. Секең-секең! Бір кезде қайдан келгені белгісіз — Түлкі пайда болды. Қорқып кеткен қоян «ойбайлап» тұра жүгірді. Жанынан кірпі жүгіріп өте шықты. Тікендерін-ай! Бақа кірпінің соңынан қалмай жүгірді…Кірпі орманға қарай бет алды. Бақа қалар емес. «Шиқ-шиқ-шиқ!» деген дауыс шықты. Басын көтеріп қараса, төбесіндегі бұтақта кішкентай құстар отыр: «Шиқ-шиқ-шиқ!» — деп өлеңдетіп қояды. Қанаттарын қағып-қағып әндетеді.

Ұядағы балапандары болса, ауыздарын ашып, «ши-ши-ши» — деп тамақ сұрап қояды. Аналары мен әкелері оларға кішкентай құрттар әкеліп беріп, тамақтандырды. Бақа жүгіріп келеді, жүгіріп келеді. Қанша секірсе де, Кірпіні қуып жете алар емес!

Бір мезетте басына қарағай жаңғағы құлап түсті: «Тоқ!» Бақа төбесіне қараса, бұтақта Тиін отыр. Жаңғақ шағып, мәз болып.

Тиін бұтақтан-бұтақка секіріп қояды. Көрші тал басындағы құстарға қонаққа да кіріп шықты. Бақа әрі қарап, бері қарап, секіре жөнелді. Кешкісін шаршап-шалдығып, үйіне де жетті-ау?!

Балалар энциклопедиясы, 2 том

 

 

 Қосымша № 1. 1

 

 Бақа

 11

 

 22

 

 33

 

 44

 

 

 Қосымша № 2

 

 

 Қосымша № 3

 Бақаның пайдасы

Бақаның пайдасын көп адам біле бермейді. Көбіне ертеңгілік, кешкілік уақыттарда, түнде белсенді тіршілік етіп, зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына көп пайда келтіреді.

Сондай-ақ, медицина және халықтық медицина саласында да бақаның пайдасы туралы көп мәліметтер келтіруге болады. Атап айтсақ, ғалымдар бақа уының жүрекке әсерін зерттеп, буфатин деп аталатын жүректің жұмысын жақсартатын дәрі жасап шығарды. Ол 46 науқасқа қолданған кезде жақсы нәтиже көрсеткен. Ғалымдар ормандарда тіршілік ететін бақалардың уынан ісік ауруына қарсы жаңа дәрі ойлап шығарды. Ал Аргентинада тіс ауруларына бақаның терісін алып қоятын болған. Тіс лезде жазылып кеткен. Халық медицинасында баспаны (ангина) антибиотикке қарағанда табиғи жолмен емдеуді ұсынуға болады. Қолдану әдісі: Өзен бақасын алып адамның аузына жақындатып қою қажет. Науқас бақаның терісіне дем алып, дем шығарады. Мұны 15-20 минут үзбей қайталап жасау керек. Осы кезде бақаның терісі біртіндеп солып, ол дымқылданып, көзі ішіне қарай кіріп солып, дел-сал болып қалады. Бір рет жасағаннан кейін-ақ нәтижесі белгілі болады. Тамақтың ауырғаны қойып, сөйлеуі жеңілдейді, ірің қайтады. Егер осыны 3-4 мәрте жасаса адам баспа ауруынан құлан таза айығады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу