Қазақ тілі және әдебиеті_3-сынып_1-бөлім Жанды табиғат_Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Жанды табиғат

Күні:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Сабдина А.А. Калилаева А.Т.

Сынып: 3 В

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

Сабақ мақсаттары

  • Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
  • Мәтін бойынша берілген суреттер мен тірек сөздер арқылы мәтін мазмұнын болжау

Бағалау критерилері

  • Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді;
  • Ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
  • Мәтін бойынша берілген суреттер мен тірек сөздер арқылы мәтін мазмұнын болжайды

 Тілдік мақсаттар

Жарық, қараңғы, сіздің пікіріңіз. Себебі..., өйткені..., неліктен?, не себепті?

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, жалпыазаматтық құндылықтар, ұлтжандылық

 Пәнаралық байланыстар

Өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Жарық пен қараңғыны зерттеу

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

(Ұ, Ө) «Жасырын кейіпкер»

Мақсаты: интонация, мимика, қаратпа сөздерді дұрыс қолдануға дағлыдану. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

Тақтада «жасырын суреттер» ілініп тұрады.

Тапсырма: бір суретті таңдап алып, онда жасырылған тіршілік иесін мимика немесе қаратпа сөздерді қолдану арқылы оқушыларға жасыру. Оқушылар жасырылған тіршілік иесінің (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) атауын табу керек.

  • Балалар, орындалған тапсырмаға қарай отырып, сабағымыздың тақырыбын анықтауға бола ма?
  • Бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ? Қалай ойлайсыңдар?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалып, сабақтың тақырыбы анықталады/.

Сабақтың тақырыбын анықтау. Мақсатымен танысу, бағалау критерийін шығару.

Суреттер

слайд

Сабақ ортасы

3 минут

10 минут

5 минут

3 минут

2 минут

5 минут

2 минут

(Ұ) «Ойлан тап»

Оқушыларға жұмбақ жасырылады.

Сұм жүздi,

Құралай көздi,

Киiкше секiрген,

Бура санды,

Жолбарыс тонды.    (Құрбақа)

-Ендеше, бүгін біз не туралы айтатын боламыз?

/Құрбақа, қосмекенді жануар –құрбақа туралы/

(Т)Бейнефильммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту, ақпаратты есте сақтау және қайта жаңғырту.

Топтық жұмыстың ережелері таныстырылады. Бағалау критерийлерін шығарады.

Бағалау критерийлері:

Мұғалім әр топтың атқаратын жұмысын түсіндіреді. Топтық жұмысты қорғау үшін алдын ала спикер тағайындап алулары керектігін айтады. Кейін өзара бағалау үшін сыныппен бірге жетістік критерийлерін құрастырады.

  • Бақаның өмір кезеңін дұрыс айта алды.
  • Сөйлемдерді тірек сөздер арқылы жүйелі байланыстыра алды.
  • Сөздердегі әріптерді қатесіз жаза алды.
  • Тыңдаушыларды қызықтыру үшін көркем сөздерді қолдана алды.
  • Берілген уақытта топ жұмысын қорғай алды.

Тапсырмалар реті:

1-топқа сызба беріледі. Топ мүшелері сызбаға бақаның өмір кезеңін білдіретін сөздерді ретімен орналастырады. Сөздерге тиісті әріпті қояды. Таныстыру барысында уақытты білдіретін сөздерді (алдымен, кейін, содан кейін, соңында) қолданып айтуы тиіс.

У...лдыр...қ, и...ша...ақ, же...без...к, ба...а

2-топқа суреттер беріледі. Топ мүшелері берілген суреттерді пайдаланып, бақаның өмір кезеңін туралы баяндайтын сөйлемдерді суретпен байланыстырады. Сөйлемдегі сөздердің әріптерін толықтырып жазады. Таныстыру барысында уақытты білдіретін сөздерді (алдымен, кейін, содан кейін, соңында) қолданып айтуы тиіс.

Сөйлемдер: Ба... а у...лдыр...қ шашады. У...лдыр...қтан и...ша...ақ пайда болады. И...ша...ақ же...без...гімен дем алады. Артқы аяғы өсіп, же...без...гі жойылады. И...ша...ақтың алдынғы аяқтары өсіп, құйрығы қысқарады. Елу күнде ба...а болып шығады.

3-топқа мәтін беріледі. Топ мүшелері мәтіндегі сөздерге тиісті әріптерді қойып, мәтінді оқиды. Мәтінде бақаның өмір кезеңін ретін білдіретін тірек сөздерді жазады.

 Мәтін

Ба...а– құйрықсыз қосмекенділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, тек Антарктидада кездеспейді.

_____________наурыздың аяғы — мамырдың басында қысқы ұйқыдан оянғаннан кейін су қоймасына у...лдыр...ғын шаша бастайды. У...лдыр...қта 1200 — 7000 мыңға жуық жұмыртқа болады. _________ и...ша...ақ пайда болады. Оның құйрығы ұзын болды. _________ и...ша...ақтың же...без...гі болады. ____________ күннен кейін артқы аяғы өсіп, же...без...гі жойылады да, өкпесі пайда болады. _________ алдынғы аяқтары өсіп, 50 күнде ба...а болады. Оның ұзындығы 30 — 32 мм-ге жетеді. Ба...алар зиянды жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

 

 Тапсырама орындалып болған соң, постерлері «Галлерея» түрінде айналдыра орналастырылады. Қорғау барысында қорғаушы топтың жанына тыңдарман топ жиналады. «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы» өзара бағалайды. Пікірлерін ортаға салады.

  Тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен салыстырылып, тексеріледі.

 (Ө) Дәптермен жұмыс.

 Құрбақаның өмір кезеңдерін дәптеге жазып алады.

 

 (Ұ, Ө) «Сен – маған, мен-саған» әдісі.

  Мақсаты: ашық және жабық сұрақтар қоюға, жауап беруге дағдылану. Білімдерін бекіту.

  Оқушылар бақаның өмір тіршілігі туралы ашық және жабық сұрақтар құрастырып, ұжымға қояды. Дұрыс жауап берген оқушы келесі сұрақты қою мүмкіндіге ие болады.

 

Слайд

https://www.youtube.com/watch?v=Uuq8GunJjos

https://www.youtube.com/watch?v=lPV46lroCqQ

https://www.youtube.com/watch?v=F4-6u0XpGyU

Сызбалар, постерлер, дидактикалық материалдар

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

5 минут

Маған сабақта __________қызықты/қызықсыз болды.Себебі....................

Алдағы уақытта ______________білгім келеді.

«Жетістік жолында» өзін-өзі бағалайды.

«Блоб» ағашы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қарапайым мәтіндерден көпмағыналы сөздерді анықтайды

Бір-бірін итермеу, жүгірмеу. Топта бірі-бірі тыңдау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1-тапсырма: Сұрақтарға жауап бер:

  • Теке мен Қошқарға бақытты болу үшін не жетіспейді?

А) романтика

Ә) шөп

Б) су

  • Сапарға шығуды кім ұсыныды?

А) Қошқар

Ә) Ешкі

Б) Қожайыны

  • Теке неге үйінен кеткісі келді?

А) қыдырғысы келді

Ә) қызықты өмір сүргісі келді

Б) су ішкісі келді

  • Қошқар не үшін келісті?

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма: Сөйлемді дұрыс құрастыр.

Отанымызда өз деген бақыт үйімізде өз екен.

_________________________

Түсіндім оны енді мен.

_________________________

3-тапсырма: «Теке мен Қошқар» ертегісіндегі негізгі ой:

А) Достық жеңеді

Ә) Бақыт отбасында

Екі ойдың біреуін таңдап, астын сыз, сол ойыңды дәлелдеп, бір сөйлем жаз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4-тапсырма:

Жарыққа жататын кейіпкерлер:__________________

Қараңғыға жататын кейіпкерлер:_________________

Б И Н Г О !

жарық

көлеңке

айырбастау

бөлік

қуаныш

тәулік

қорқыныш

сыйлау

қараңғы

таласу

жарқырау

Күн сәулесі

Б И Н Г О !

жарық

көлеңке

айырбастау

бөлік

қуаныш

тәулік

қорқыныш

сыйлау

қараңғы

таласу

жарқырау

Күн сәулесі

Б И Н Г О !

жарық

көлеңке

айырбастау

бөлік

қуаныш

тәулік

қорқыныш

сыйлау

қараңғы

таласу

жарқырау

Күн сәулесі

Б И Н Г О !

жарық

көлеңке

айырбастау

бөлік

қуаныш

тәулік

қорқыныш

сыйлау

қараңғы

таласу

жарқырау

Күн сәулесі

Б И Н Г О !

жарық

көлеңке

айырбастау

бөлік

қуаныш

тәулік

қорқыныш

сыйлау

қараңғы

таласу

жарқырау

Күн сәулесі

Б И Н Г О !

жарық

көлеңке

айырбастау

бөлік

қуаныш

тәулік

қорқыныш

сыйлау

қараңғы

таласу

жарқырау

Күн сәулесі

Б И Н Г О !

жарық

көлеңке

айырбастау

бөлік

қуаныш

тәулік

қорқыныш

сыйлау

қараңғы

таласу

жарқырау

Күн сәулесі

Б И Н Г О !

жарық

көлеңке

айырбастау

бөлік

қуаныш

тәулік

қорқыныш

сыйлау

қараңғы

таласу

жарқырау

Күн сәулесі

Б И Н Г О !

жарық

көлеңке

айырбастау

бөлік

қуаныш

тәулік

қорқыныш

сыйлау

қараңғы

таласу

жарқырау

Күн сәулесі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу