Қазақ тілі мен әдебиеті _3 сынып_1 бөлім Жанды табиғат_Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу_Мұғалімге әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу

Сабақ мақсаттары

Ресурстар: «Бақалар» суреті, таблицалар, интерактивті тақта, стикер,т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау керек.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Ертегі түрінде жазылған мәтін және ғылыми-танымдық мәтіндердің екі түрін қарастыру.

Ғылыми-танымдық мәтіндер – ғылыми тұрғыдан негізделген, деректік қоры айқындалған, оқушының таным өрісін кеңейтетін қызықты мәтіндер.

Сабаққа қатысты ескертпелер

«А, В, С» әдісі

А - сұрақ қояды.

В - жауап береді.

С- айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

1.Оқушыларға сұрақты хабарлау

  • Мәтіннің тақырыбы деген не?
  • Мәтіннің негізгі ойы деген не?
  • Мәтін түрлерін қалай ажыратуға болады?

2. Оқушыларды өз ойларын ортаға салуға тарту

3. Айтылған ойларды қысқаша жазып тұру

4. Жауап нұсқаларынан қорытынды жауапты бірге тұжырымдау

Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.

Осы арқылы оқушының тақырып бойынша білім, білігі туралы мәлімет жинақтау мүмкіндігі болады. Жинақталған идеялардан қорытынды жауапты тұжырымдау барысында, қате пікірлерді қолданбай, неліктен бұл сөздерді қолдана алмайтынын талқылау арқылы түсіндіріп кетуге көңіл бөлу керек.

Өзара бағалау

«Тапқыр болсаң, тауып көр» жұмбақ шешу. Оқушылардың қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Бұл сабақтың психологиялық қолайлы ортада өтуіне алғашқы қадам болып табылады.

1.Жұмбақ мазмұнымен таныстыру.

2. Жұмбақтың шешуін табу.

Қатар тұрған парталарда отырған оқушылар орындарынан тұрып ақылдаса алады.

Көркем жазу

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада көрсетіледі. Қолдауды қажет ететін оқушыларға дәптеріне үлгі көрсету, бастырып жазуға арналған материалдар ұсыну арқылы үйрету.

Суретпен жұмыс

Топта оқушылар пікіралмасып өз болжамдарын таныстыруы тиіс. Топ құрамындағы оқушылар бір-бірінің ойын жалғап, сөйлемді жалғастырып сөйлеу талап етіледі.

1. Сурет көрсетіліп, сұрақтар қатары беріледі.

  • Бұл суретке қандай тақырып қоюға болады?
  • Бақаның қозғалысына қарап не айтар едің?
  • Бақалардың жағдайы қандай деп ойлайсың?
  • Неліктен бақаның басы жалпақ, аяғы ұзын?

2. Оқушылар шағын топта (4 оқушыдан) ақылдасады. Топ жауабын дайындайды.

3. Бір топ мүшелері бірінші сұраққа жауап береді. Қалған топтарға толықтыруға және нақтылау сұрағын қоюға мүмкіндік беріледі. Осылай келесі топтар жауап беруді жалғастырады.

4. Өзара кері байланыс беру.

Суреттегі деталдар бойынша толықтыру жолдарын көрсетуге бағыт беріліп, оқушыларға қолдау көрсетіледі. Ұтымды жауапты сыныппен бірге құрастыруға болады.

Тыңдалым мәтінімен жұмыстың ерекшелігі оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту, қажетті ақпаратты, тірек сөздерді анықтауға, ашық және жабық сұрақтарға жауап беруге, өз ойын ортаға сала білуге дағдыландыру. Жұпта жазған жұмыстарын талқылау. Шағын топта идея алмасып, топтың тірек сөздері мен қызықты мәліметін белгілеп (А4 немесе кез келген 1 бет қағазға) жазады. Топ жұмысын таныстырады. Әр топ өз сахналауын көпшілікке ұсынады.

1. Мұғалімнің мәтінді оқып беруі.

2. Тыңдаған мәтіннен тірек сөздерді теріп жазу.

3. Топта идея алмасу, өз тірек сөздер қатарын толықтыру. Топтың тірек сөздерін бір бет қағазға түсіру.

4. Топ тірек сөздерін таныстыру және сыгныппен бірге ортақ тірек сөздерді белгілеу.

Тыңдалым материалынан мәлімет алу

1. Мәтінді қайта тыңдау. Қызықты мәліметтерді түртіп алу.

2. Топта өз мәліметтерімен бөлісу. Таныстыру барысында бастапқы болжамын негіздеуге қажетті ақпаратты ортаға салады.

Сызбамен жұмыс.

1. Сұрақ түрлері сызбасы бойынша мәлімет алып, ой қорытындысын жасау.

2. Топ мүшелерімен ақылдасып, мәтін негізінде 1 ашық және 1 жабық сұрақ құрастыру.

3. Топтар өзара сағат тілімен бір-біріне сұрақтар қоюы және жауап беруі. Сұрақтың қай түріне жауап бергенін анықтау.

4. Өзара кері байланыс беру.

Мысалы: Мәтін негізінде берілген сұрақтарға топта ақылдасып, жауап жазу:

  • Бақа қайда мекен етеді?
  • Қызыл көбелек қызыл гүлге қонғанда неге көрінбей кетеді екен?
  • Бақа серуендеп, алаңқайға шыққанда айналадағы қандай қызыққа тап болды?

(Шағын топтағы оқушылар ақылдасып 1 сұраққа жауап жазады. Өз жауаптарын сынып алдында таныстырады)

Оқылым. Мәтінмен жұмыс.

«Бақаның пайдасы» мәтінін топта өзара талдайды. Ауру түрлеріне байланысты емдік қасиетін анықтап, дәптерге жазады.

1. Оқушылар жұбына «Бақаның пайдасы» мәтінін тарату.

2. Тыңдаған материалды іріктеп, қажеттісін табады. Таныстыру

3. Бақаның емдік қасиетін анықтап, жазу.

4. Дәптерлерін жұптарымен ауыстырып, қатесіз, сауатты жазылуын тексереді. Өзара бағалау.

Саралау

Оқушылардың ойлау және жазу жылдамдығын ескере отырып, әр топқа 1 сұрақтан бөліп беру.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару. Оқушылар өзара бағалауды жүзеге асыру барысында Қай дескрипторға сүйендің? Не себепті оны таңдадың? Қандай ұсыныс жасар едің?» арқылы, бағалаудың әділдігін қамтамасыз етуге көңіл бөліну керек.

Оқушының оқу мақсатын игеруіне тиімді шараларды жоспарлаңыз.

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Берілген тақырып пен суреттің негізінде мәтіннің мазмұнын болжаймын

Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап бере аламын

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жаза аламын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу