Қазақ тілі және әдебиеті_ 2 сынып _5-бөлім Дені саудың – жаны сау_Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын_ДИДАКТИКА
Шыбық тимес шыңқ етер
Көңілі тым қаяулыСамат деген бала бар.Басқалардай аяулыОнда да асыл ана бар.
Елжіреп ет жүрегі,Ұлын жақсы көреді.Бірақ, бірақ үнеміЖөнсіз ақыл береді:
«Желең шықпа далаға,Сасық тұмау тиеді.Жазда талды панала,Күнге бетің күйеді.
Қашанда сен басыңнанТымағыңды тастама.Әдеттеніп жасыңнан,Сызды жерді баспа да.
Ентіктіріп деміңді,Жарысам деп жүгірме.Бұраңдатып беліңді,Беталдына бүгілме.
Жылы болсын тұрағың,Киіміңді шешерде.Қам су ішпе, шырағым,Ұшырайсың кеселге.
Не ішемін демегін,Зауқың соқса тамаққа.Қара нанды жемегін»,–Дейді анасы Саматқа.
Содан бастап сол СаматҚара суды ішпеді.Қаймақ жалап, бал жалап,Ана айтқанын істеді.
Тонға оранып қыс күні,Тұмшалады құлағын.Келсе де жаз ыстығы,Тастамады тымағын.
Бірақ біздің бұл СаматДенсаулығы мәнсіз боп,Жіңішкерді жыл санап,Аяқ-қолы әлсіз боп.
Тамаққа да тәбет жоқ,Ойнағысы келмеді.Үйде отыру әдет боп,Ұйқы болды ермегі.
Мектепте де көңілсіз,Ашпады бір қабағын.Тұрып кейде тек үнсіз,Айта алмады сабағын.
Бірде Самат туристікСаяхатқа аттанды.Жол да ұзақ, күн ыстық,Жылауға өзі шақ қалды.
«Шыбық тимес шыңқ етер»Деп балалар күлді оған.Бұл мазақтың құр бекерКетпейтінін білді олар.
Самат үйге келді де,Анасына шақты мұң:«Бұдан былай енді менӨзгеремін, нақ шыным.
Апа, басқа балаларМенен артық туған ба?Бәрі мықты, қара, бар,Қорықпайды судан да.
Ал мен ше?Мен нәп-нәзік,Сіздің сөзді құптадым.Еш болмаса бой жазып,Тауға да бір шықпадым»,–
Деді дағы бастадыСамат бәрін басынан.Еркелікті тастадыӘдет болған жасынан.
Күнде ертемен тұра сап,Тастай шапты жылы үйді.– Мұның не?– деп сұрасақ,– Жаттығу,– деп жымиды.
Салқын сумен ысқылап,Шынықтырды денені.Күш үстіне күш құрап,Спортзалға келеді.
Шыр айналып шығырда,Көрсетті өнер турниктен.Деп қаласың шынында,Шебер еді бұл неткен?
Брусельде бұлтылдап,Ағаш аттан қарғиды.Саусақтары сыртылдап,Қозғалады сан қилы.
Тығыз бұлшық еті де,Білектері балғадай.Балбырап тұр беті де,Жаңа піскен алмадай.
Бұл күнде ешкім СаматтыНәзіксің деп жатпайды.Өнерлі де талаптыШын батыр деп мақтайды.
Абдрахман АСЫЛБЕК
Балалар ... алды. Мен ... тебемін. Біз таудан ... сырғанаймыз. Мұз айдынында ... тебеміз. Айбек ... киді. Мен ... сатып алдым. Мен ... спортымен айналысамын.
Қажетті сөздер: доп, велосипед, шаңғымен, коньки, былғары қолғап, спорттық форма, еркін күрес.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?