Стандартты майшамды қолдана отырып жұлдызға дейінгі қашықтықты анықтау. Физика, 11 сынып, презентация.


HOW ARE YOU?

Сабағымызға қош келдің!

Суреттен нені көріп тұрсың?

Оны не үшін қолданады?

Біз бүгін оның басқа да мақсатта қолданылатынын қарастыратын

боламыз

Тақырыбы:

Стандартты майшам

Қарастырылатын сұрақтар:

Стандартты майшам дегеніміз не?

Стандартты майшамды қолданып ара қашықтықты есептеу

Стандартты майшам типтері

Стандартты майшам түрлері:

1. айнымалы цефеидтер

2. І А типті асажаңа жұлдыз

Стандартты майшам.

Стандарт майшам деген не?

Астрономияда стандартты майшам дегеніміз – жарықтылығы белгілі жарық көзі

Жарықтылық – бұл жұлдызбен 1 секундта  шығарылатын толық энергия. Вт-пен өлшенеді.

1Lꙩ= 3.84 X 10^26 Вт

Стандартты майшамды қолданып ара қашықтықты өлшеу

Өте алыс орналасқан жұлдыздарға дейінгі қашықтықты өлшеуде параллакс әдісін қолдану мүмкін болмайды. Сондықтан астрономдар «стандартты майшамды» қолданылады.

Өте қашық орналасқан жарық көздері, әлсіз болып көрінеді, себебі жарық кең ауқымдағы аймақтарға таралады.

Егер біз, жарық көзінің жарықтылығын білетін болсақ, онда Жерден қарағандағы жарықтылығын біле отырып, оған дейінгі қашықтықты анықтауға болады.

Жер бетіне келіп жететін жарық, қандай да бір сфералық аймақты қамтиды.

Сфераның радиусы= жерге дейінгі қашықтыққа тең болады, r

Сфера бетінің ауданы = 4Πr^2

Бірлік ауданға келетін энергия = сфералық беттің бірлік ауданына келетін жарық көзінің жарықтылы,ына тең

Received power per unit = source of luminosity

per unit area of the sphere

area

Жұлдыз неғұрлым алыс орналасқан сайын, одан келіп жететін энергия да азырақ болады.

Әдетте астрономдар бірлік бетке келетін энергияны жұлдыздық шамамен өлшейді, бірақ 1 квадрат метрге келетін ватты да қолдануға болады. (Вт / м2)

Стандартты майшам типтері

Айнымалы цефеидтер

Айнымалы цефеидтербұл жарықтылығы тұрақты циклде өзгеріп отыратын жұлдыздардың ерекше типі

Шамамен 1908 ж. Генриетта Ливитт жұлдыздардың жарықтылығы олардың лүпіл периодының өзгеруімен тығыз байланыста болатынын байқаған.

Сонда, егер біз цефеид жалтырауының өзгеру периодтылығын білетін болсақ, онда оның жарықтылығын да болжай алатын боламыз.

Ал егер оның Жерден қарағандағы жарықтылығын білетін болсақ, онда оған дейінгі қашықтықты да есептей алатын боламыз.

Цефеидтерді 30 000 000 парсек қашықтықта орналасқан галактикаларға дейінгі қашықтықты анықтау үшін қолданады.

Цефеидтеді Эдвин Хабл «Тұмандықтар» арасындағы қашықтықты анықтау және Хаббл заңын қорытып шығару үшін қолданған.

1А типті Аса жаңа жұлдыздар

Алып жұлдыздар өмірінің соңғы кезеңдерінде жарылады да, аса жаңа жұлдыздар пайда болады.

Гравитациялық тартылыс күштерімен байланысқан қызыл ергежейлі(немесе басқа да кәдімгі жұлдыздар) мен ақ ергежейлі біртіндеп бір-біріне тартыла бастайды. Қызыл ергежейлі ақ ергежейліге қарай өте бастағаннан-ақ, ақ ергежейлінің массасы біртіндеп артады. қызыл ергежейліні толығымен жұтып алады. Екі жұлдыздық заттардың алмасуының нәтижесінде ақ ергежейліде жүретін термоядролық реакция, ақ ергежейлінің қопарылысына алып келеді. Астрономдар бұл құбылысты І а типті аса жаңаның жарқырауы деп атайды. Осындай жарылыс өте үлкен мөлшерде энергия мен жарық бөлінеді.

Мұндай қопарылыс белгілі бір массада ғана жүретін болғандықтан, жарылыс кезіндегі жарықтылық әрқашан бірдей болады. Жарықтылықтың осындай белгілі мәні үшін біз ара қашықтықты өлшей алатын боламыз.

Аса жарық - өте жарық жұлдыз. Оның өте жарық болғандығы сонша, бүтін галактикадағы барлық жұлдыздардың жарқаруын бірге қосқандағыдай жарық болады. Сондықтан да біз оларды өте үлкен қашықтарда, шамамен 10 000 000 000 парсек қашықтықта да бақылай алатын боламыз.

Аса жаңаның стадартты майшам ретінде кемшілігі біз...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу