Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау. Физика, 9 сынып, презентация.


Күн жүйесінде қашықтық анықтау

Серікбаев Тлебалды Серікбайұлы,

физика пәні мұғалімі

ФМБ НЗМ-і, Астана қаласы

Оқу мақсаттары.

Қашықтық анықтаудың геометриялық әдісі және базис ұғымын білу және түсіну;

Горизонталь және жылдық параллакс ұғымдарын білу және түсіну;

Астрономиядағы қашықтық бірліктері: астрономиялық бірлік, жарық жылы және парсек шамаларын білу және түсіну;

Күн жүйесіндегі аспан денелеріне дейінгі қашықтықты горизонталь параллакс әдісі арқылы анықтай білу;

Игерген икемділік - дағдыларын түрлі есептер шығаруда қолдана білу

Тілдік мақсаттар. Language objectives

Тілдік мақсаттар -

ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады.

Бұл ретте:

Сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау.

Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілдік мақсаттарға қол жеткізулеріне көмектеседі.

(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология,

(2) диалог- жазылым үшін қажетті сөз тіркестері.

Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі арақашықтықты анықтау тәсілдері

Жер бетіндегі және Жерге жақын аймақтағы қашықтықтарды анықтауда радиолокация әдісі қолданылады.

Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оның тұрған орнын дәл анықтау радиолокация деп атайды.

Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі арақашықтықты анықтау тәсілдері

Аспан денелеріне дейінгіқашықтықты анықтаудың аса маңызды тәсілі – параллакс методы

Параллакс (гр. parallaxіs – ауытқу) - бір затқа жылжымайтын нүктеден қарап, одан соң басқа бір көру аясында екінші нүктеден қараған кездегі заттың жылжуы болып көрінетін құбылыс. Осы екі бағыттың арасындағы бұрыш параллактикалық бұрыш немесе қысқаша параллакс деп аталады.

Астрономияда параллакс – бақылаушының орын ауыстыруына байланысты ғарыш денелерінің көрінерлік орнының өзгеруі.

Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі қашықтықты

анықтау тәсілдері

Қасына баруға болмайтын денеге дейінгі қашықтықты анықтау

Қасына баруға болмайтын нуктеден базис көрінетін бұрыш параллакс

деп аталады

Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі қашықтықты анықтау тәсілдері

Горизонталь параллакс деп жұлдыздан қарағанда Жер орбитасының улкен жарты осі Көрінетін бұрышты айтады.

Астрономдар XVII ғасырда-ақ горизонталь параллакс көмегімен Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі қашықтықты анықтады.

Күн жүйесіндегі аспан денелеріне дейінгі қашықтықты анықтауда Жер радиусы базис ретінде алынады

Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі қашықтықты анықтау тәсілдері

Өте алыс , яғни жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтау

Жұлдыздарға дейінгі ашықтықты анықтау, базис – 1а.б.

Күн жүйесіндегі қашықтықты анықтау тақырыбына есептер

шығару

Күн жүйесінде қашықтықты анықтау

тақырыбына есептер

шығару

1-есеп:

Құз жартастың арғы жағындағы өскен талға дейінгі қашықтықты анықта, егер көру сәулесіне перпендикуляр орналасқан өзара ара қашықтығы 57 м нуктелерден қарағандағы, талдың бұрыштық ығысып орналасуы 20 болса

2-есеп:

Айдың горизонталь параллаксы 54болған жағдай үшін оның Жерден қашықтығын анықта

Күн жүйесіндегі қашықтықты анықтау тақырыбына есептер

шығару

Күн жүйесінде қашықтықты анықтау

тақырыбына есептер

шығару

3-есеп:

Күннің горизонталь параллаксы 8,8’’. Юпитердің горизонталь параллаксы 1,5’’ болған жағдай үшін оның Жерден қашықтығын анықта.

Есепті 2-түрлі жолмен шығаруға болатынын көрсет.

4-есеп:

Сатурнның горизонталь параллаксы 0,9’’ болса, оның Жерден қашықтығын анықта.

Күн жүйесіндегі қашықтықты анықтау тақырыбына есептер

шығару

Күн жүйесінде қашықтықты анықтау

тақырыбына есептер

шығару

5-есеп:

Күн мен Айдың горизонталь параллакстары сәйкес 8,8’’ және 57, ал көрінерлік бұрыштық диаметрлері бірдей деп алып, Күн өлшемінің Айдан неше есе үлкен екенін анықта.

Жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтау тақырыбына есеп шығару

Күн жүйесінде қашықтықты анықтау

тақырыбына есептер

шығару

6-есеп:

Процион жұлдызының параллаксы 0,28’’. Ал Бетельгейзе жұлдызына дейінгі қашықтық 652 жарық жылы. Қай жұлдыз бізден алыс орналасқан және неше есе?

Ескерту: Жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтауда базис ретінде Жер орбитасының үлкен жарты осі алынады.

ҚЖБ жұмыстарын бағалау бойынша жетістік критерийлері

Қашықтық анықтаудың геометриялық әдісін және базис ұғымын біледі және түсінеді;

Горизонталь және жылдық параллакс ұғымдарын біледі және түсінеді;

Астрономиядағы қашықтық бірліктері: астрономиялық бірлік, жарық жылы және парсек шамаларын біледі және түсінеді;

Күн жүйесіндегі аспан денелеріне дейінгі қашықтықты горизонталь параллакс әдісі арқылы анықтай біледі;

Игерген икемділік - дағдыларын түрлі есептер шығаруда қолдана біледі

Үйге тапсырма:

Тақырыпқа сәйкес материалдарды жалпы қайталау.

Есеп:

Пайдаланылған ресурстар

Физика оқулығы - 9 сынып

Оқу бағдарламасы - Физика

Оқу жоспары Физика 9 сынып 4нұсқа 03052017

Г.И.Малахова, Е.К.Страут. Дидактический материал по астрономии

Түрлі интернет ресурстар

www.sai.msu.su/ng/kuhnya/rasstoyanie.html

https://www.calc.ru/168.html

works.tarefer.ru/works/7/100124/index.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу