Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Сынып: 9

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы

Мұғалімнің аты –жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін ОМ (оқу бағд. сілтеме)

9.7.2.8 Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтап үйренеді

Бағалау критерийлері

  • Астрономияда қашықтықты анықтау үшін пайдаланылатын негізгі терминдердің глоссарийін біледі.
  • Қашықтықты анықтаудың әртүрлі әдістерін қолданады.

Күтілетін нәтижесі

  • Теориялық білімдерін практикамен ұштастырады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Жарқырау

Светимость

Luminosity

Алып жұлдыздар

Звезды гиганты

Stars of the Giants

Ергежейлер

Карлики

Dwarfs

Протожұлдыздар

Протозвезды

Protostars

Қызыл алыптар

Красный гигант

Red giant

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)

Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Пәнаралық

байланыстар

геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Презентацияны АКТ көмегімен ұсыну

Бастапқы білім

Жұлдыздар, Күн жүйесі

Сабақ барысы

Уақыт кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

2 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Сабақ алды ой тастау:

Кластер жасақтау

Жұлдыздар

Оқушылардан күтілетін ақпараттар: жұлдыздар көлемі, массасы, жарықтылығы мен Жерден қашықтығы туралы өздерінің біілетін ақпараттарын көрсетеді.

Бейнефильм «Ғаламдық өлшемдер»

Оқушылар ақпараты

https://twig-bilim.kz/kz/film/scale-of-the-universe

Ойлану / ақпарат

10 мин

Мағынаны тану

Жұлдыз кейде тұрақты жұлдыз (лат. stella немесе лат. astrumастрономиядағы белгісі: ✱) — салмағы ерекше ауыр, өзегіндегі термоядролық реакция арқылы айналасына тұрақты жарық шығаратын[1], плазмалық газ күйдегі аспан денесі. Жұлдыздарды арнаулы түрде Жұлдыз астрономиясы ғылымы зерттейді.

Әдетте қазақ тілінде жұлдыз сөзі кең мағынада қолданылады: барлық аспан денелерін (күн, ай, МарсШолпанқұйрықты жұлдыздар т.б.) жай тілмен жұлдыз деп бірдей атай береді. Дегенмен, ғылыми арнаулы мағынада жұлдыз тек Күн секілді, сүмбілетемірқазықжетіқарақшыүркер секілді, қосаржұлдызүйіржұлдызғаламатжұлдыз секілді өзінен жарық шығаратын алып аспан денелеріне қаратылады.

Астрономдар жұлдыздардың спектрінжарық шамасын, кеңістіктегі қозғалысын өлшеу арқылы оның салмағын, жасын, құрамындағы металл мөлшерін және басқа да қасиеттерін таниды. Жұлдыздың жалпы сапасы оның өзгерісі мен кейінгі тағдырының маңызды көрсеткіші. Басқа қасиеттері, мысалы диаметрі, өз осьінде айналуы, қозғалысы мен температурасы қатарлылар оның тарихи өзгерісі барысында ұқсамайды. Жұлдыз температурасының жарық шамасына байланысты суреті әдетте "HR диаграммасы" деп аталады. Ол арқылы жұлдыздың жасы мен өзгеріс сатысы айқындалады.

Жұлдыз негізгі уақытын өзегіндегі термоядролық реакция арқылы айналасына жарық шашуымен өткізеді. Өзегіндегі термоядролық реакция өзектің шетіне дейін жоғары энергия бөліп шығарады, сосын оны сыртқы әлемге радиация болып шашырайды.

Сутегі мен гелийден ауыр элементтер термоядролық реакциядан пайда болады. Жұлдыздар негізінен сутегіні негіз еткен күйде пайда болады және гелий мен аз мөлшерде ауыр элементтердің сығылуынан құралады. Өзегінде жеткілікті тығыздық болса, кейбір сутегі термоядролық реакция барысында тұрақты түрде гелийге айналады[2] (мысалы, Күнде 4 атом сутегі 1 атом гелийге айналудан біз тұтынатын жылу мен жарық қалыптасады). Жұлдыздың ішіндегі артық энергия радиацияланып сыртқа шығып кетеді. Жұлдыз ішкі гравитация әсерінде өз салмағының жеміріп жібермеуіне (өз өзегіне бірақ құйылып, шөгіп кетпеуге де, айналасына шашырап тозып кетпеуге де) қол жеткізеді.

Жұлдыздың өзегіндегі сутегі отыны таусылса салмағы күн салмағының 0,5 есесінен кем болмаса, онда ол өсіп Алып қызыл жұлдызға айналады[3] Кейбір жағдайда оның өзегінде тіпті де ауыр атомдар отынға айналып қайта жана бастауы мүмкін. Мұндай жұлдыздар ақыры ықшамдалып, ғарыштағы материялық денеге айналады, басқаларға қосылады, немесе жаңа элементтер пайда болу сатысына өтеді.[4].

Жұлдыздар ғарышқа біркелкі шашылған емес. Олардың көбі тартылыс күш әсерінде ұйысып екіден көп қосаржұлдыздарға біріксе, тіпті неше миллиард жұлдыздар топтасып алып үйіржұлдыздарға айналады. Екі жұлдыздың орбитасы оларды жақындатқанда олардағы өзгеріс тездейді[5]. Мысалы, Ақ ергежейлі жұлдыз өзінің серік жұлдызына жақындағанда оның газдарын өзіне сіміріп, жаңа жұлдыз болып жарқырайды.

Жұлдыздар әлемі өте әр алуан. Кейбір жұлдыздар Күннен мың есе үлкен (көлемі бойынша) әрі жарығырақ болып келсе (алып жұлдыздар), ал кейбіреуінің мөлшері мен шығаратын жарығының энергиясы Күннен әлдеқайда аз болып (ергежейлі жұлдыздар) келеді. Жұлдыздардың жарқырауы да түрліше болады. Алтын Балық шоқжұлдызының S жұлдызы Күннен 400 мың есе артық жарқырайды.

Күн өзінің барлық белгілері жағынан қатардағы жұлдыз болып саналады. Көптеген жұлдыздарды күн секілді ғаламшарлық жүйеден тұрады деп санауға толық негіз бар. Жұлдыздар өте алыс қашықтықта орналасқандықтан, олардың серіктері ең күшті телескоппен де көрінбейді. Оларды анықтау үшін зерттеудің нәзік әдістер қолданып, бірнеше ондаған жылдар бойы ұқыпты бақылау мен күрделі есептеулер жүргізу қажет. Жұлдыз спектріне талдау жасау арқылы да жұлдыздың ғаламшар серігі бар-жоғы анықталады

Ой тастау

Ғаламдағы Жұлдыздардың сан түрлілігіне байланысты олардың бірнеше топтарға жіктеуге болады:

-алып немесе ергежей

-қашық немесе жақын

-ыссы немесе суыған

-жарық немесе көмескі, бірақ осы қасиеттері Жер бетіндегі бақылаушы адамдарға қаншалықты рас болуы мүмкін?

Күтілетін жауап: жұлдыздардың Жерден қаншалықты қашықта екеніне байланысты салыстырмалы болады?

Жұптық тапсырма:

оқушылардан астрономияда қашықтықты анықтау үшін пайдаланатын негізгі теримндердің глоссарийін құрау үшін ізденуі сұралады.

Оқытушылық қызметті орындап аяқтаған соң, оқушылар «стандартты шамдар» дегеніміз не және олардың астрономияда қашықтықты анықтау үшін қалай пайдаланылатыны туралы ескерту жазбаларын өз бетінше жазуы тиіс. Олар өз глоссарийлерінен кемінде үш түрлі арнайы терминдерді пайдалануы қажет. Оқушылар тыныштықта, өз жазбаларына немесе өзге де ақпарат көздеріне қарамастан жазуы тиіс.

Жұлдыздар туралы жинақталған ресурстар топтамасы

http://www.myshared.ru/slide/47867/

Практикум

10 мин

10 мин

Практикалық жұмыс: параллакс әдісі арқылы жұлдызға дейінгі қашықтықты анықтау.

Теориясы: Жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтаудың негізгі әдісі – Жердің Күн төңірегінде айналуын негізге ала отырып, жұлдыздардың көрінерлік орын ауыстыруын өлшеу. Сол ауытқу (параллакс) бойынша жұлдызға дейінгі қашықтық есептеліп шығарылады. Әр түрлі спектрлік кластағы жұлдыздардың орташа абсолюттік жұлдыздық шамасын анықтай отырып және оны сол кластағы жекелеген жұлдыздардың көрінерлік жұлдыздық шамасымен салыстыра отырып, жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтауға болады.

Параллакс (гр. parallaxіs – ауытқу) - бір затқа жылжымайтын нүктеден қарап, одан соң басқа бір көру аясында екінші нүктеден қараған кездегі заттың жылжуы болып көрінетін құбылыс. Осы екі бағыттың арасындағы бұрыш параллактикалық бұрыш немесе қысқаша параллакс деп аталады. Егер бір нүкте жердің бетінде, ал екіншісі (ойдағы) оның дәл ортасында десек, онда параллакс тәуліктік, ал егер осы кезде шырақ көкжиекте болса, онда тәуліктік горизонталь параллакс деп атайды. Экватордан қараған кездегі тәуліктік горизонталь параллакс экваторлық деп аталады. Тәуліктік параллакс Жердіңішкі дәл ортасынан Күн жүйесінің шырақтарына дейінгі және жердің бетінен оның дәл ортасына дейінгі арақашықтықты анықтау үшін пайдаланылады.[1]

Параллакстың схемасы

Астрономияда параллакс – бақылаушының орын ауыстыруына байланысты ғарыш денелерінің көрінерлік орнының өзгеруі. Параллакс тәуліктік, жылдық және ғасырлық болып ажыратылады.Тәуліктік Параллакc Жердің өз осінде айналу салдарынан болады. Тәуліктік Параллакс төбесі ғарыш денесінің центрінде болатын, қабырғалары Жер центріне және бақылаушыға бағытталған бұрыш ретінде анықталады. Күннің орташа қашықтығы үшін тәуліктік Параллакс шамамен 8”,794;

Жылдық Параллакс Жердің Күнді айнала қозғалуы салдарынан болады. Ол – гипотенузасы Күн мен ғарыш денесіне дейінгі қашықтық, кіші катеті Жер орбитасының үлкен жарты осі болатын тікбұрышты үшбұрыштың кіші бұрышыболып анықталады. Жылдық Параллакс өте аз шама болғандықтан оның мәні ғарыш денесіне дейінгі қашықтыққа (r) кері пропорционал r=1/П. Жұлдыздардың жылдық Параллаксы 1”-тан аз;

Ғасырлық Параллакс – Күн жүйесінің Галактикадағы қозғалысына байланысты ғарыш денесінің бір жыл ішіндегі бұрыштық ығысуы. Ғарыш денелерінің өз қозғалыстары болғандықтан олардың орташа статистикалық ығысуын ғана ғасырлық Параллакс деп санайды. Ғарыш денелерінің Параллаксын өлшеу арқылы оларға дейінгі қашықтықты анықтауға болады.

Жұмыстың барысы:

Топтық жұмыс – рөлдік ойын арқылы жүреді, Күн, Жер, қашықтығы анықталатын жұлдыз рөлінде оқушылар сайланады (ОМ 9.7.2.8 үшін қалыптастырушы тапсырма болып саналады)

Жіп, транспортир

Сабақтың соңы

5 мин

Үйге тапсырма

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі.

Мен білемін Мен білдім Мен білгем келеді

Тақырып бойынша іздену

Стикер

Internet ресурстары

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:Дәптерге қажетті мәліметтерді толтырады.

Оқушылардың көпшілігі: Есептер шығарады

Кейбір оқушылар:Қосымша тапсырма орындап үлгереді

Мадақтау

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныбы__________ФИО_________________________________

ОМ 11: өте массивті қара ойықтардың галактика ортасында болатынын білу

ОМ 14: Шварцшильдтің қара құрдымның оқиғалар көкжиегінің радиусын есептеу

Жетістік критерийі

Галактикадағы супермассивті қара ойықтардың орналасуын біледі

Үлкен жарылыс теориясын біледі

Қара құрдым оқиғалары горизонты туралы біледі

Гравитациялық радиус формуласын біледі және есептер шығару кезінде қолданады

Гравитациялық тұрақтының, жарық жылдамдығының сандық мәндерін және өлшем бірліктерін біледі

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

1-тапсырма: Галактикалардағы супермассивті қара құрдым туралы сипатта

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма: Үлкен жарылыс және Әлем эволюциясының негізгі кезеңдері туралы сипатта

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма: Қара құрдым оқиғаларының горизонты ұғымын қалай түсінесің?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4-тапсырма: Цефей шоқжұлдызындағы Мю Цефей жұлдызының массасы 25 МК на тең. Осы жұлдыз үшін гравитациялық радиусты анықта. Формуладағы тұрақтыларды сипатта және өлшем бірліктерін көрсет.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу