Аспан денелеріне дейінгі арақашықтықты анықтау. Параллакс. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4С-Астрофизика

Мектеп: ХББ НЗМ Ақтау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аспан денелеріне дейінгі арақашықтықты анықтау. Параллакс.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.7.2.1 - жұлдыздық параллакс ұғымын түсіндіру;

9.7.2.4 - парсек дегеннің не екенін білу;

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Астрономиялық бірлік, парсек, жарық жылы ұғымдарын түсінеді және оларды метр өлшеміне өрнектей алады. Аспан денелеріне дейінгі арақашықтықтарды анықтаудың әдістерін атай алады;

Оқушылардың көпшілігі: Аспан денелеріне дейінгі арақашықтықтарды анықтаудың әдістерін сипаттай алады; аспан денелеріне дейінгі арақашықтықтарды анықтаудың әдістерінің ерекшелігін түсіндіре алады:

Кейбір оқушылар: аспан денелеріне дейінгі арақашықтықты формула бойынша есептей алады.

 Бағалау критерийлері

Аспан денелеріне дейінгі арақашықтықтарды анықтаудың әдістерін біледі ;

Қашықтықты анықтаудың әртүрлі әдістерін қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Параллакс- parallax

Годичный параллакс -annual parallax

Солнечная система -solar system

Небесное тело-heavenly body

Линейные радиусы - linear radius

Угол –angle

Расстояние –distance

Базис- base

Астрономическая единица

Парсек – parsec

Световой год- light year

Радиолокация - Radar

Цефеиды- Cepheids

Закон Хаббла- Cepheids

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)

Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру

 Пәнаралық байланыстар

Математика, геометрия

 АКТ қолдану дағдылары

Презентацияны АКТ көмегімен ұсыну. Twiq-bilim.kz

Бастапқы білім

Жұлдыздар, Күн жүйесі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Жағымды көңіл- күй сыйлау.

«Ой қозғау» сұрақтары:

- Адам бара алмайтын (өзеннің немесе қандай да бір бөгет ) үлкен мұнаралардың өлшемдерін қалай анықтауға болады?

- Ай мен Жер , Жер мен Күн арақашықтығы қанша км және оны қалай анықтаған?

Оқушылар болжамдар жасайды.

Бейнефильм «Ғаламдық өлшемдер»

Бейнебаяннан не түсініксіз болғанын сұрау. (Оқушылар жарық жылы ұғымын білмейді.)

Бейнефильмде аспан денелерінің арақашықтығы көрсетілгенін , және оларды қалай анықтағаны туралы сұралынады.

Ендеше , сол сұрақтарға жауап беру мақсатында бүгінгі жаңа сабағымызды бастаймыз.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырылады.

https://twig-bilim.kz/kz/film/scale-of-the-universe

Презентация

Сабақтың ортасы

13 мин

15 мин

5 мин

Жаңа тақырыпты игеру

Оқушыларды 3 топқа бөлу .

1-топ: Астрономиялық бірлік

2-топ: Жарық жылы

3-топ: Парсек

Дайындық тапсырмасы :

Бағалау критерийлерін талқылау.

Топ аттарын түсіндіріп өту (дидактикалық материал)

Оқушылар өздігінен берілген материалдар бойынша дайындылады

Тапсырмалар:

1-топ: Параллакс әдісі

2-топ: Жұлдыздың жылдық параллаксы

3-топ: Радиолокация әдісі

  Бағалау критерийлері:

  • https://jamboard.google.com/ сайтында постер қорғау.
  • Аспан денелеріне дейінгі арақашықтықты анықтауда түрлі әдістердің қолдануын түсіндіру

Оқушылар постер қорғап болғаннан кейін тақырыпты бекіту мақсатында сұрақтар қойылады. (мұғалім және оқушылар)

Есептер шығару.

1-есеп.

1-кестені толтырыңыз. (Әр оқушыға бір жолдан)

Дескрипторлар:

  • Километрді парсекке, жарық жылына, астрономиялық бірлікке түрлендіреді.

2) Сириустың параллакс бұрышы 0,379 д / сек. Ол парсектермен қаншалықты алыс? =

3) Вега, 25,04 жарық жылы. Параллакс бұрышы доғалық секундтарда қандай болар еді?

4) Айға дейінгі қашықтықты анықтаңыз, егер оның көкжиектік параллаксы 57′ болса. Жауапты км-мен беріңіз.

=

Дескрипторлар:

  • Жұлдызға дейінгі қашықтықты анықтау тәсілін қолданады.
  • Жауабын берілген астрономиялық өлшем бірлікте жазады.

https://jamboard.google.com/

Таратпа материал 1

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.

Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау. Жеке жұмыс.

Рефлексия

  • Мен бүгін …………..білдім.
  • Мен үшін ...............қызық болды.
  • Маған ……………..қиындық туғызды.
  • Келесі сабақта.............................

Таратпа материал 2

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: Бүгінгі игерген материалдар келесі сабақтардың негізі болатындықтан, тақырып бойынша теориялық білімдерін барлық оқушыда қалыптастыру.

Оқушылардың басым бөлігі: үйкеліс және оның түрлерін біледі және ажырата алады. алады. Үйкеліс күшіннің формуласын пайдаланып есеп шығара алады.

Оқушыларға тақырыпты ашатын мазмұнды сұрақтар қою арқылы олардың жаңа тақырыпты қалай меңгергендігін тексеріп, бағалау; - Есептер шығару арқылы олардың білімдерін бағалау;

- Жұпта практикалық тапсырмалар орындата отырып бағалау.

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу