Конденсаторларды параллель және тізбектей жалғау. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2В – Конденсаторлар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Конденсаторларды параллель және тізбектей жалғау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.3 – параллель және тізбектей жалғанған конденсаторлардың жалпы электрсыйымдылығын анықтау

Сабақ мақсаттары

Параллель және тізбектей жалғанған конденсаторлардың жалпы электр сыйымдылығын анықтау

Бағалау критерийлері

- Параллель жалғанған конденсаторлардың жалпы электр сыйымдылығын анықтай алады;

- Тізбектей жалғанған конденсаторлардың жалпы электр сыйымдылығын анықтай алады;

- Формуланы дұрыс қорытып, математикалық амалды қатесіз орындайды.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Конденсатор, конденсатордың сыйымдылығы.

Заряд жинайды, зарядынан айырады, босатады, зарядтың бөлінуі

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

ағылшынша

Конденсатор

Конденсатор

Capacitor

Заряд

Заряд

Charge

Кернеу

Напряжение

Voltage

Параллель жалғау

Параллельное соединение

Parallel connection

Тізбектей жалғау

Последовательное соединение

Series connection

Электр сыйымдылық

Электроемкость

Electric capacity

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Аккумулятор конденсаторды зарядтау үшін жұмыс істейді.

Конденсатор энергияны сақтайды.

Электрлік потенциалдық энергия конденсатор қуатынан айырылған (разрядталған) кезде босатылады

Зарядталған конденсаторда жинақталған электр энергиясы жарқылдаған шамнан жарық энергиясына түрленеді.

Құндылықтарды дарыту

Жеке тапсырмаларды оқушылар өздігінен орындайды; 

Оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді; 

Оқушылар бір-бірін тыңдайды, сөздерін бөлмейді;

Оқушылар бір-біріне   өзара көмек және қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Онлайн симмулятор арқылы зерттеу жүргізу https://phet.colorado.edu/en/simulation/capacitor-lab

Бастапқы білім

8 сынып: параллель және тізбектей жалғау

10 сынып: электр өрісі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, алдыңғы сабақта өткен теориялық білімдерін меңгергу деңгейін Microsoft forms тест арқылы айқындау. Оқушыларға сілтемені чат арқылы ұсыну.

Бағалау критерийі:

Оқушылар бірден өздерінің қанша бал алғандарын көреді және қатемен жұмыс жасай алады.

Кері байланыс. Көмек қажет оқушыға қолдау көрсету.

Microsoft forms тест

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты игеру

Сабақ тақырыбын және мақсаттарын, мақсаттарға жету үшін бағалау критерийлерін оқушылармен талқылау, презентация арқылы айқындау.

Мағынаны ашу.

Оқушыларды жасырын саралау арқылы алдын ала 2 топқа каналдар арқылы біріктіру. 1,2 топтар жалғаудың түрін қарастырады, тізбектей бір топ, параллель екінші топ. Және өзара бағалау жүргізеді.

Phet.colorado.edu cиммуляторының көмегімен зерттеу жүргізу арқылы параллель және тізбектей жалғанған конденсаторлардын жалпы электрсыйымдылығын анықтайтын формулаларды өздігінен болжайды және жұмыс жасау арқылы болжамдарының дұрыстығына көз жеткізедіү Қорытынды жасайды

Бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

Топтық жұмысты қорғау барысында мұғалім бірлесіп жұмыс жасап, топтарға қолдау көрсетіп отырады, жетелеуші сұрақтар қойылады.

Жеке жұмыс. Есептер шығару

MS TEAMS каналдары

https://phet.colorado.edu/en/simulation/capacitor-lab

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

Оқу мақсатына қол жеткізілгеніне көз жеткізеді. Үй жұмысы беріледі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Конденсатордың сызбасын қарапайым сызбада құра алады; параллель және тізбектей жалғанған конденсаторлардың жалпы электрсыйымдылығын анықтай алады

Оқушылардың көпшілігі:

Деректерді қолданып кернеу мен зарядтың тәуелділігін талдап, сыйымдылықты анықтайды.

Кейбір оқушылар:

Зерттеуді жұргізу барысында өз ойын ұсынып дәлелдей алады, формуланы дұрыс қорытып, математикалық амалды қатесіз орындайды.

  • Бірін бірі бағалау
  • Өзін өзі бағалау
  • Жалпы бағалау

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы. Жоғары вольты конденсаторлардың қауіптілігін атап өту

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу