Электрсыйымдылығы. Конденсатор түрлері мен құрылысы. Конденсаторларды параллель және тізбектей жалғау. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Есептер шығару.
Тақырып «Конденсаторлар»
- Конденсаторды 1,4 кВ кернеуге дейін зарядтағанда ол 28 нКл заряд болатын болса, конденсатордың сыйымдылығы қандай?
- Мектеп конденсаторының ең үлкен сыйымдылығы 58 мкФ. Оны 50 В-қа тең тұрақты кернеу көзінің полюстеріне қосқанда ол қандай заряд жинақтайды?
- Конденсаторда 100 пФ; 300 В деген жазу бар. 50 нКл заряд жинақтау үшін осы конденсаторды пайдалануға бола ма?
- Диаметрі 3 см болатын өткізгіш шардың электрсыйымдылығын анықтаңыз. Шар ауада орналастырылған.
- Конденсатордың пластиналарының жұмыстық аудынын 2 есе, ал олардың арақашықтығын 3 есе кемітсе, конденсатордың сыйымдылығы қалай өзгереді?
- Егер пластиналардың арасындағы парафинделген қағаз қабатының орнына қалыңдығы сондай жалпақ слюданы пайдаланса, конденсатор сыйымдылығы қалай өзгереді?
- Ауа конденсатордың пластиналары арасындағы кеңістікке қатты диэлектрикті енгізгенде конденсатордың кернеуі 400 В-тан 50 В-қа дейін кеміген. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?
Есептер шығару.
Тақырып «Конденсаторлар»
- Сыйымдылықтары C1 = 20 мкФ, С2 = 25 мкФ және С3 = 30 мкФ конденсаторларды тізбектей жалғанған. Тізбектің жалпы электрсыйымдылығын анықтаңыз.
- Әрқайсысының сыйымдылығы 2 мкФ болатын 100 конденсатор параллель жалғанған. Жалпы сыйымдылықты анықтаңыз.
- Батареяның сыйымдылығы 160 пФ болу үшін сыйымдылығы 800 пФ конденсаторға тағы да қандай сыйымдылықты конденсаторды тізбектей жалғау керек?
- Сыйымдылықтары сәйкесінше C1=0,1 мкФ, С2=0,4 мкФ және С3=0,52 мкФ болатын конденсаторлар тізбектегідей жалғанған. Конденатор батареясының электрсыйымдылығын анықтаңыз.
- Сыйымдылықтары С1=С2=2мкФ, С3=С4=С5=6мкФ болса, конденсаторлар батареясының сыйымдылығы қандай?
- Суретте берілген конденсаторлар батареясының жалпы сыйымдылығын анықтаңыз. Әр конденсатордың сыйымдылығы C=1 мкФ.
- Сыйымдылықтары С1=5 мкФ және С2=8 мкФ конденсаторлар тізбектей жалғанып, ЭҚК-і ε=80 В болатын ток көзіне қосылған. Конденсаторлардағы q1 және q2 зарядтарды және әр конденсатордың пластиналарының арасындағы потенциалдары айырымын U1 және U2 анықтаңыз.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру