Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.11 өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу;

Сабақ мақсаттары

  • Өткізгіштерді тізбектей қосқанда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану
  • Өткізгіштерді параллель қосқанда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану

- Өткізгіштерді аралас жалғағанда әр бір резистордың ток күші мен кернеуін анықтай алу.

Бағалау критерийлері

  • Өткізгіштердің жалғану түрін анықтайды;
  • Өткізгіштерді аралас жалғау кезіндегі тізбектің кедергісін анықтайды;

-Өткізгіштерді тізбектей, параллель және аралас жалғау кезіндегі заңдылық пен тізбек үшін Ом заңын пайдаланып, ток күші мен кернеуді дұрыс анықтайды.

Тілдік

мақсаттар

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

ток күші

сила тока

amperage

кернеу

напряжение

voltage

амперметр

амперметр

ammeter

вольтметр

вольтметр

voltmeter

тізбектей жалғау

последовательное соединение

series connection

параллель жалғау

параллельное соединение

parallel connection

Электрлік кедергі

электрическое сопротивление

resistor

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Тізбек бөлігіндегі ток күші – осы бөліктіӊ ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштіӊ кедергісіне кері пропорционал.

Кедергініӊ 1 Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1 В болғанда, бойымен 1 А ток өтетін өткізгіштіӊ кедергісі қабылданған.

Параллель жалғану кезінде.....

Тізбектей жалғану кезінде....

Құндылықтарды дарыту

  • Мұғалім мен оқушының арасында және оқушылардың бір-бірімен сабақ бойы ынтымақтастықта болады;
  • Мұғалім оқушыларды және оқушылар бірін бірі әділ, әрі ашық бағалайды, бағалауларын негіздейді, кері байланыс береді;
  • Оқушылар өз ойларын еркін айтады;
  • Мұғалім және оқушылар бір-біріне өзара көмек және қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Паралелль және тізбектей жалғау заңдылықтарын қолданып есептер шығаруда математика пінімен байланыс.

Бастапқы білім

Электр тізбегі. Тізбектегі ток күші мен кернеу және оларды өлшеу, тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы 0-2 мин

2-5 мин

1. Ой қозғау.

- Гирляндының бір шамы өшсе, неге барлығы өшіп қалады?

- Үйде бір бөлменің шамының өшірсек, неге басқа бөлменің шамы өшпейді?

- Егер кедергісі бар бірнеше өткізгіштер болса, тізбекте қандай құбылыс байқалуы мүмкін?

Тапсырма 1.

Әр оқушыға үш түтікшеден таратылады. Алдымен олар бір түтікшеге үрлейді. Содан соң оқушылар оларды бір-біріне жалғап, үрлейді. Кейін бөліп, үш түтікті қатарынан аузына салып үрлейді.

Содан соң жүргізілген эксперимент бойынша қорытынды жасайды.

Болуы мүмкін жауап: тізбектей жалғанған үш түтікке үрлеу, біреуге үрлегеннен қиынырақ. Ал үш параллель түтікке үрлеу, біреуге үрлегеннен оңайырақ. Осыдан қорытынды: бұл түтіктердің кедергісі оларды жалғау тәсіліне тәуелді.

Оқушылардың ойларын сабақ тақырыбы және мақстымен байланыстыру.

2. Мақсатты болжау Оқушылармен бірге талқыланады.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу;

Пластикалық

түтікше

Слайд 1

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-12 мин

12-14 мин

14-24 мин

24-26 мин

26-30 мин

30-39 мин

Мағынаны тану

1) Жеке жұмыс

«Кім жылдам» ойыны арқылы өзара байланысқан электр тізбектерді шешуде алғашқы сабақтағы теориялық білімдерін оқшылар практикада қолданады.

Тізбек тақтада көрсетіледі

Жауап: 1. 5 Ом; 2. 15 В; 3. 5А ; 4. 4А; 5. 12В

2) Оқушылар жүппен парақшада дұрыс жауаптын астың сызады « Шын / Жалған ». Әр жұп кезектесіп жауап береді, өзара бағалайды.

1 Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күші тұрақты болады.

Шын / Жалған

2. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда кернеу тұрақты болады.

Шын / Жалған

3.При соединении двух резисторов по 28 Ом параллельно общее сопротивление 56 Ом

Шын / Жалған

4. is unit of resistivity the Om

Шын / Жалған

5. The resistance of the thermistor increases when the temperature of the thermistor decreases.

Шын / Жалған

6. Ammeter instrument foreasuring the voltage

Шын / Жалған

3) Оқушылар жүппен берілген ақпараттың ақиқаттығын тексереді, дәлелдейді. Жұпта талқылайды, жауаптары cағат тілімен көрші жұппен алмасып бірін-бірі тексереді

1. Егер ток күшімен кернеудің шамалары келесідей беілсе, өткізгіштер қалай жалғанулары керек(тізбектей немесе параллель):

1) I1= 3 А, I2= 4 А? (Параллель)

2) I1= 3 А, I2= 3 А? (Параллель немесе тізбектей; бірінші жағдайда кедергілері бірдей болуы қажет)

3) U1= 5 В, U2= 4 В? (Тізбектей)

4) U1= 5 B, U2= 5 B? (Параллель немесе тізбектей; екінші жағдайда кедергілері бірдей болуы қажет.)

2. Бірнеше өткізгіштер қалай жалғасуы(тізбектей немесе параллель) мүмкін, егер

1) Өткізгіштердің біреуінің кедергісі 5 Ом, ал тізбектегі жалпы кедергі 10 Ом? (Тізбектей)

2) Өткізгіштердің біреуінің кедергісі 3 Ом, ал тізбектегі жалпы кедергі 2 Ом? (Параллель)

4) Сыныпқа жалпы тапсырма беріледі. Оқушылар өздігінен орындарында шығарады. Жауаптарын сыныппен талқылайды

Тапсырма: Әр бір резистордың ток күші мен кернеуін анықтаңыз.

(Жауабы: U4=8 B, I1=I2=I3=I4/3=2/3 A, U1=U2=U3=4 B, U5=U6=48 B, R5,6=2,4 Oм, I5=1,2 A, I6=0,8 A, I5,6=2 A)

5) Өткізгіштерді аралас жалғауда есптерді шығару алгоритімін құрастыру.

Оқушылар қатар бойынша алгоритімді топпен талқылайды, жауаптарын постерге түсіріп ортаға іледі, реттілігін жалпы талданған сон, оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

Назарларын аудару:

  • Өткізгіштердің қалай жалғанғандығын анықтау қажет.
  • Қандай шаманың өзгермейтіндігін анықтау қажет.
  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын қолдану қажет

6) Жұппен жұмыс

Оқушылар аралас жалғауға сұлбасын салып тапсырма құрастырады, жауабын дайындайды. Кейін өздері құрастырған тапсырманың жауабын алып қалып, тапсырмаларын сағат тілімен басқа жұпқа береді. Соңында өздерінің жауабы бойынша бірін – бірі бағалайды.

Критерийлер:

  • Өткізгіштерді аралас жалғаудағы сұлбасын сызады ;
  • Өткізгіштердің қалай жалғанғандығын анықтайды.
  • Қандай шаманың өзгермейтіндігін анықтайды;
  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын қолданады.

Бекіту тапсырмасы.

Оқушыларды түс бойынша білім деңгейін ескеріп 3 топқа біріктіру. Әр топтын оқушылары жауаптарын жеке А4 парақтартарына жазады.

Бағалау критерийлері:

  • Өткізгіштердің жалғану түрін анықтай алады;
  • Өткізгіштерді аралас жалғау кезіндегі тізбектің кедергісін анықтай алады;
  • Өткізгіштерді тізбектей, параллель және аралас жалғау кезіндегі заңдылық пен тізбек үшін Ом заңын пайдаланып, ток күші мен кернеуді дұрыс анықтай алады.

Дескриторлар:

  • жалпы кедергіні есептеу формуласын қолданады;
  • жалпы кедергіні анықтайды;
  • аралас жалғау кезіндегі тізбектің кедергісін анықтай алады;
  • тізбектегі ток күшін есептеу формуласын қолданады;

Жауаптарың мұғалімнің жауаптарымен салыстырып, тексереді, өзін өзі бағалайды.

Слайд 4

Қосымша 1

Қосымша 2

Слайд 5,6

Тақта, фламастер

А4 парағы

Таратпа материал

А4 парағы

Сабақтың соңы

39-40 мин

Рефлексия: Бағалау критерийлері бойынша оқушылар өз-өзін бағалайды.

  • Не білдім, нені үйрендім
  • Не түсініксіз қалды
  • Немен жұмыс жасау қажет

Үй тапсырмасын беру Тарау бойынша теориялық ақпаратты қайталау. Өз үйлеріңіздегі электр құрылығыларынын қалай жалғандығы зерттей отырып, 4 мысал жазып келіңіздер.

Слайд 7,8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар білуі тиіс:

Өткізгіштердің қалай жалғанғандығын, қандай шаманың өзгермейтіндігін анықтай алады; тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын қолдана алады,

дұрыс есептеулер жүргізеді

Көпшілік оқушылар білуі тиіс: алгоритмді құрастыра алады;

Есепті шығарылуын талдай алады, қорытынды жасай алады

Кейбір оқушылар білуі тиіс:

Жоғары деңгейдегі есептерді есептей алады және жауаптарына анализ жасайды.

Сабақ барысында есептер шығару бойынша, жұптық жұмыс кезінде оқушылар бірін-бірі бағалайды, өзін- өзі рефлексия жасауда бағалайды және жалпы сабақ барысында мұғалім кері байланыс арқылы формативті бағалау жүргізеді.

Физика кабинеттерінде қауіпсіздік ережелерін ұстану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу