Электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабатың тақырыбы: Электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар

Оқу мақсаты: қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру

Теориялық материал

Ең алғашқы электр шамдар, осы уақытқа дейін пайдаланылып жүрген, қыздыру шамдары б. т. Олардың жарық көзі адам көзінің қабылдауына оптималды б. т. Бірақ олардың елеулі кемшілігі бар: жуық шамамен олардың 95% энергиясы жылуға айналады, ал 5% ғана жарық көзінің үлесіне қалады.Электр шамының бір ғана өнертапқышы жоқ. Шамның тарихы әр түрлі уақытта, әр түрлі адамдардың ашқан жаңалықтарының тізбегінен тұрады. Лодыгин ең бірінші болып шамға вольфрам сымын қолданды және қыздырғыш сымды спираль пішінде орауды ұсынды. Лодыгин ең бірінші шамнан ауаны сорып алды, сөйтіп ол шамның қолдану мерзімін көп есеге арттырды. Лодыгиннің тағы бір жаңалығы шамды инертті газға толтырып, қолдану мерзімін арттыруға бағытталды.1876 жылы 23 - ші наурызда П. Н. Яблочков (1847 - 1894) дүниежүзінде бірінші болып электр шамын жасауға патент алды. Орыстың электротехнигі П. Н. Яблочков «Яблочков шамы» деп аталатын электр доғалы шам жасады. Мұндай шамдар 1878 жылы Париждің алаңдары мен көшелерінде орнатылды, ал кейін Москва мен Петербургте пайда болды.

Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар

Қысқаша тұйықталу — электр тізбегіндегі потенциалы әр түрлі нүктелердің мейлінше аз кедергі арқылы өзара электрлік жолмен байланысуы. Қысқаша тұйықталу электрқондырғалары изоляцияларының бүлінуінен, тоқ жүретін бөліктерінің бір-бірімен немесе жермен тікелей, не болмаса өткізгіштер арқылы тиіп жанасудан болады. Токтың қуатты тұтынушылардын бір мезгілде қосу желідегі ток күшін арттыратыны соншалық, сымдар кәдімгідей қызып, ал оны жайып тұрған оқшалауғыштар жанып кетуі де мүмкін. Тізбектегі ток күші мүмкін болаты шамасынан артып кеткенде, қысқа тұйықталу пайда болады.

Қысқаша тұйықталудың зияны және одан сақтану жолдары

Қысқа тұйықталу - зиянды құбылыс. Қысқа тұйықталу кезінде электр энергиясының қажетсіз жұмсалуымен қатар ток көзі де істен шығады. Бұл кезде пайда болатын күшті токтар сымдарды қатты қыздыратындықтан - өте қауіпті, олар өрт тудыруы мүмкін. Олай болса, тұйық тізбекті құрайтын сымдар тек бір-бірінен ғана емес, сонымен қоса, Жерден, яғни қабырғадан, еденнен және тағы басқа заттардан жақсы оқшаулануы қажет.

Қысқа тұйықтау кезінде өртті және ток көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне балқымалы сақтандырғыштарды қосу керек. Сақтандырғыштардың міндеті - ток күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жіберу. Балқымалы сақтандырғыштар электр құралдарына жатады. Бұлар - электр тогының тізбегіне тізбектей қосылатын өте жұқа мыс немесе қорғасын сымдар. Тізбек тұйықталған кезде ток электр тізбегінің есептелген шамасынан артып кетсе, сақтандырғыштар тізбекті ажыратып, қысқа тұйықталу қатерін болдырмайды.

Балқымалы сақтандырғыш (fuse) - ток жүріп тұрған тізбекті қысқа тұйықталу тогынан қорғайтын тетік.

Оның ауыстыруға болатын балқымалы тетігі тоқтың белгілі бір шамасына , мысалы, 5 амперге, 10 амперге тағы сол сияқтыларға төзетіндей болып жасалады. Тізбектегі ток шамасы балқымалы сақтандырғыш арналып жасалған тоқтан артқанда, балқымалы тетік балқиды да, өзі қорғап тұрған электр тізбегін ажыратады. Балқымалы сақтандырғыштың ұзындығы өзі " балқыған кезде" пайда болатын электр доғасын сөндіруге жетерлікей болуы керек. Сондықтан балқымалы сақтандырғышты өзі арналып жасалған тоқ пен көрнеуге сәйкес тізбектерде ғана пайдаланған жөн

Ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуын қысқа тұйықталу деп атайды.

Қысқа тұйықталу кезінде қауіпті жағдайлар болдырмау үшін электр тізбегін ажыратып жіберуге арналған құралдар балқымалы сақтандырғыштар деп аталады.

Электр сызбаларында белгіленуі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу