алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақ тақырыбы: Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.

Оқу мақсаттары:

8.3.2.19 – жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;

8.3.2.21 – жылу қозғалтқыштарын жақсарту жолдарын ұсыну

Теориялық материал

Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і. Жылу қозғалтқыштарының барлығына тән ортақ қасиет – ол циклдік процесс, соның нәтижесінде жұмыстық дене бастапқы қалпына қайтып оралады. Демек, жылу қозғалтқыштары дөңгелек цикл бойынша жұмыс атқарады. ПӘК-пайдалы әсер коэффициенті. Оны [η] - әрпімен белгілейді. ПӘК – двигательдің атқаратын А' жұмысының, қыздырғыштан алатын жылу мөлшеріне қатынасы: Мұндағы, А-атқарылған пайдалы жұмыс, Q1 – қыздырғыштан алынған жылу мөлшері , Q2 – салқындатқышқа берілген жылу мөлшері. ηmax = 45% 

Карно циклі. XIX ғасырдан бастап Жер бетінде жылу машиналары қаптап кетті. Бірақ бұл машиналардың ПӘК-і өте төмен болды. Бу машиналарында ПӘК-і бар болғаны 8-9%, ал алғашқы іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардыкі 12-20%. Жылу машиналарының ПӘК-ін қалай көтеруге болады деген мәселе туды. Бұлмәселенішешуде француз физигіС а д и К а р н о көпеңбекетті. Олөзініңзерттеулерініңнәтижесін 1824 ж. «Оттың қозғаушы күші және осы күштіпайдаланаалатынмашиналартуралыойлар» дегенеңбегіндежарияетті. С.Карномаксималмүмкін ПӘК-і идеал машина жасамақболды (теориялықжолмен). Оның идеал машинасы идеал газбенжәнеешқандайшығынсызжұмысістейтінеді. Мұндай теориялық машина жұмысістейтін цикл Карно циклідепаталды. Олекіизотермаданжәнеекіадиабатадантұратынтұйықталған процесс. 1 → 2 – газ ұлғаюыкезіндегі изотерма 2 → 3 – газ ұлғаюкезіндегі адиабата 3 → 4 – газ сығылукезіндегі изотерма 4 → 1 – газ сығылукезіндегі адиабата 

Карно циклi.

Жұмыс атқарушы дене қыздырғыштан Q1 жылу мөлшерiн алады да, тоңазытқышқа Q2 жылу мөлшерiн бередi, ал (Q1 – Q2) айырымын Aп жұмысқа айналдырады. Жұмыс атқарушы дене ұлғайған кезде өзiнiң барлық iшкi энергиясын жұмыс жасауға берiп жiбере алмайды. Жылудың едәуiр бөлiгi мiндеттi түрде жұмысын атқарған газбен бiрге тоңазытқышқа берiледi. Iшкi энергияның бұл бөлiгi қайтарылмай, бiржола жоғалады. Идеал жылу машинасы, оның ПӘК-і

Карно машинасындағы жұмыс атқарушы дене, өз күйiнiң өзгеру циклiн периодты түрде қайталап тұратын, идеалды газ болып табылады. Бұл цикл Карно циклi деген атақ алды, осыған ұқсас процесстер айналмалы немесе циклдік процесстер деп аталады.

Карно машинасында үйкелiске және қоршаған ортамен жылу алмасуға кеткен энергиялардың шығындары ескерiлмейдi, сондықтан бұл машинаны Карноның идеалды жылу машинасы деп атайды.

Карно циклі туралы бейне материалмен танысып, талдауhttps://www.youtube.com/watch?v=FuqupUgremY

Пайдасы

Зияны

Мәселенішешу      жолдары

*Экономиканың дамуына ықпал етеді;

*Қолайлы жағдай жасауға көмектеседі;

*Адам еңбегін жеңілдетуге, бір жерден екінші жерге тез жетуіне көмектеседі.

*Биосфераны ластайды;

*Қоршаған ортаның температурасын жоғарылатады;

*Табиғи отын қорларын азайтады;

*Адам ағзасына әсер етеді.

*Басқа отын түрлерін ойлап табу;

*Қозғалтқыштың басқа түрлерін жетілдіру;

*Сүзгі фильтрлер орнату;

*Жасыл ағаш отырғызу арқылы қоршаған ортаны тазарту;

*Автомобиль жүргізушілер мәдениетін қалыптастыру.

Таратпа материалдар

Бос торкөздерді толтырудың дұрыс жауаптары

Процесс

Q

A

газ жұмысы

ΔU

A/ сыртқы күштер жұмысы

Изобаралық ұлғаю

200 Дж

150 Дж

50 Дж

-150Дж

Изохоралық қыздыру

750Дж

0

750 Дж

0

Изотермиялық сығылу

±7 кДж

-7 кДж

0

7 кДж

Адиабаталық сығылу

0

12кДж

±12кДж

-12кДж

Сабақты бекіту тапсырмаларының жауаптары

1) Е 2) В 3) Д 4) А

Үй тапсырмаларының жауаптары

1.(20Дж)

2. (52%)

3. 360К

Тест тапсырмаларының жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

Е

В

С

А

D

B

D

B


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы