Уақыт толқынында. Музыка, 3 сынып, презентация. 2 - сабақ.


3 сынып. 3-бөлім.

Уақыт.

Уақыт толқынында

Оқу мақсаты

3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру

3.1.3.6 - нотамен қарапайым әуендер орындау

Сабақ мақсаты

«Қайран уақыт» әнін Шахизаданың орындауында тыңдаймыз және талдаймыз;

«Уақыт» тақырыбындағы музыкалық шығармаларға ақпарат іздейміз;

Ұ.Жолдасовтың «Бала тілегі» әнін үйренеміз және орындаймыз.

1-тапсырма. «Қайран уақыт»

әнін тыңдаңыз.

http://livemusical.kz/load/shakhizada_ajran_ua_yt_2016/1-1-0-890

Сұрақтарды талқыла.

Ән не жайында?

Басқа әндерден ерекшелігі неде?

Ән уақыт толқынын жеткізе алды ма?

Кестені толтыр

2-тапсырма. Ақпарат ізде!

Интернет желісін, музыкалық энциклопедия, кітаптар және басқа ақпараттық құралдарды қолдана отырып «Уақыт» тақырыбына жазған күйші, композиторларды анықта және шығармаларын ата.

3-тапсырма. Ән үйрен және орында.

С.Молдасанұлының сөзіне жазылған, Ф.Жолдасованың «Бала тілегі» әнін үйреніп орындаңыз.

Бала тілегі

Бал-балалық балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2 рет)

 

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2 рет)

 

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2 рет)

4-тапсырма. Импровизация

Әнді музыкалық, шулы аспаптарды қолдана отырып, жұппен, топпен би қимылын қоса орындаңыз.

Әннің екі жолын нотамен айтыңыз.

Рефлексия:

Мен бүгін не білдім?

Не жақсы шықты?

Нәтижені қалай жақсартуға болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу