Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары. .
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.19 теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу; | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Бөлім бойынша лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - бір теңдеуден ... өрнектеп аламыз; - жүйенің екінші теңдеуіне ... қоямыз; - екінші айнымалының сәйкес мәнін анықтаймыз; - ... болған жағдайда коэффициенттерін теңестіреміз; - теңдеудің екі жағын ... көбейтеміз; - ... мүшелеп қосамыз; - «х - … , у - ... болсын»; | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір-бірін сыйлауға, бір – бірінің пікірін тындауға, өзара мәдениеттілікке және жұппен бірікен түрде жұмыс жасай білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика, химия пәндерінде екі шама арасындағы тәуелділікке байланысты есептеулер жүргізгенде қолданады. | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | GeoGebra бағдарламасы арқылы екі айнымалысы бар теңдеулерді шешу жолын қарастыру. | |||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
0 – 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі Сабақтың сапалылығын арттыру мақсатында біріккен оқу ортасын құру. Өткен сабақ бойынша білім жүйесін нақтылау: - екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу жолдары; - екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер алмастыру тәсілімен жүйесін шешу алгоритмі. Қорытынды пікір: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің біреуіндегі айнымалының коэффициенті 1 – ге тең болған жағдайда берілген теңдеулер жүйесін шешу үшін алмастыру тәсілін қолданған тиімді. |
Слайд 4 | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 – 16 мин
16 – 18 мин | Бүгінгі сабақтың оқу мақсатымен таныстыру, яғни еайнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешуге жаттығу жүргізу. Жұптық жұмыс тапсырмалары Әр жұп өзіне берілген үлестірмедегі тапсырмаларды орындап, дұрыс табылса кестедегі сөзді оқиды. Берілген теңдеулер жүйесін шешіп, кестедегі жауаптардың тұсына сәйкес әріптерді қойып, шыққан сөзге байланысты түсінік беріңіздер. Ж. ; Ә. ; Б. Д. І. ; М. ; Ә. ; Л. І. ; К.
Жансая Әбдімәлік төрт дүркін әлем чемпионы және 12 жасында әлемдегі ең жас гроссмейстер атанды. Жұптар арасында өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз. Дұрыс орындалса Ж. Әбдімәлік деген сөзді оқиды, оның кім екенін сыныпқа түсіндіріңіз. | Слайд 5 Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Қосымша 1 | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 18 – 20 мин
20 – 30 мин
31 – 37 мин 37 – 38 мин | Көзге жаттығу жасауды ұсыныңыз. Топтық жұмыс Оқушыларды шағын топтарға біріктіріңіз. Оқушылар уақыты келгенде құрамы ауысып тұратын топта да жұмысын жалғастыра алатынын ескертіңіз. Әр топ орындайтын жұмыстарының тізімін алады. Негізгі мақсат: «Топтың барлық мүшелері барлық тапсырмаларды шешіп білуі және олардың кез-келгенін көрсете білуі керек». Сондықтан, әр оқушы өзіне тапсырма таңдайды. Ол тапсырманы толық шешімін, түсіндірмесін жазып орындайды, Егер оқушы таңдаған тапсырмасының шығару жолында қиындыққа кездессе немесе сенімсіз болса, онда осы тапсырманы орындауға жиналған басқа топтардан құралған жаңа топ мүшелерімен бірігеді. Шығару жолын жазады. Содан соң бастапқы топ мүшелері қайтадан бірігіп, өзара оқуды жүзеге асырады. Егер соңында топ оқушылары берілген тапсырмаларды түсініп орындаса, онда топтар жұмысын толық орындады, оқушылар мақсатқа жетті деп бағалайсыз. 1- топ 1) ; 2) 2) ; Жауаптары: (7; 2); (1,5; 0,5); (3; 2). 2- топ 1) ; 2) ; 3) Жауаптары: (15; -14); (5; 3); (2; 6). 3- топ 1) 2) Жауаптары: (-3; 1). Жеке жұмыс №1. Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
Жауабы: (-2; -1). №2. Жауабы: (6; 3). Дескриптор:
Уақыт болғанда тақтада дұрыс жауаптар мен дескрипторды көрсетіңіз, оқушылар өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз. | Слайд 6 А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г Қосымша 2 Слайд 7 Қосымша 3 Слайд 8 | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау:
Үйге тапсырма № 1520. Жеміс ағаштары егілген жердің ауданы көкөніс егілген жердің ауданынан 6 га артық болған. Жеміс ағаштары егілген жердің ауданын 25% -ке, ал көкөніс егілген жердің ауданын 20% -ке арттырғанда барлығы 32 га болды. Алғашқыда жеміс ағаштары егілген жердің ауданы қандай болды? Көкөніс егілген жердің ауданы қандай болды? А. 16 га; 10 га; В.15 га; 9; С.17га; 11га; D.20га; 14 га. Рефлексия | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Қосымша 4 Слайд 9 - 10 | ||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||||||||||||||||||||||
Оқушылар сабақ бойы cыныппен және топта , жеке жұмыс жасайды. Сабақта әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру арқылы саралау қарастырылған. Күрделенген тапсырмаларды топта талқылау ұсынылады. | Топтық жұмыста бірін-бірі бағалау,жеке жұмыста өзін өзі бағалау, мұғаліммен бірігіп жүзеге асады. | Көзге жаттығу жасау. Бір-бірін сыйлауға, тындауға, өзара мәдениеттілікке және топпен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.. | ||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру