Тура пропорционалдық және оның графигі. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Тура пропорционалдық және оның графигі»

Сабақтың мақсаты:

6.1.2.23 тура пропорционал тәуелділіктерді танып білу және мысалдар келтіру.

6.2.1.12 тура пропорционалдықтың формуласын білу және графигін салу.

6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділік-тердің графиктеріне талдау беру.

6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу.

6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

- тура пропорционал тәуелділіктерді таниды;

- тура пропорционалдықтың формуласын біледі және тура пропорционалдықтың графигін сала алады;

- сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жаза алады;

- тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктерін түсіндіріп бере алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтер таратып, көңіл-күйлерін анықтау.

Психологиялық ахуал

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам аттаймыз.

Оқушылар орындарына отырып, алақандарын біріктіріп, бір-біріне жүректерінің жан жылуын береді.

Бүгінгі күн терезеден,

Бізге, міне, тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл күймен,

Басталады бұл сабақ.

Үй тапсырмасын жалпы түрде тексеру, егер түсінбеген сұрақтары болса, тақтада орындау.

Сабақ бастамас бұрын оқушыларға өткен сабақты пысықтау cұрақтары қойылады.

«Миға шабуыл» - өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтары.

С-1: Тура пропорционал тәуелділіктер дегеніміз не?

С-2: Тура пропорционалдықтың формуласы қандай?

С-3: Тура пропорционалдықтың графигін салу алгоритмін сипаттаңыз.

С-4: Сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын қалай жазуға болады? Мысал келтіріңіз.

С-5: Тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктеріне мысал келтірің, түсіндіріңіз.

Оқу мақсатын меңгеру мақсатында топта есептер шығарту.

Топтық жұмыс.

Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Әр топ кеспе қағаздарда жазылған шамалардың арасындағы тәуелділік тура пропорционалдық болады ма екендігін анықтау керек. Егер тура пропорционалдық болса, онда шамалардың арасындағы тәуелділіктің формуласын жазып және пропорционалдықтың коэффициентін табу керек.

Тәуелділік

Формула

Коэффициент

1) 70 км қашықтықтағы жылдамдық пен уақыт;

2) 4 сағатта жүрген жол мен қозғалыстың жылдамдығы;

4

3) 5 сағат ішіндегі жұмыстың көлемі мен жұмыс өнімділігі;

4) Станоктың өнімділігі мен 450 бөлшек дайындау үшін жұмсалатын уақыт;

450

5) Метр бойы 5800 тг тұратын линолеумның құны мен ұзындығы;

5800

6) 240 тг сатып алуға болтын

дәптерлердің бағасы мен оның саны;

-дәптерлердің бағасы,

-дәптерлердің саны.

7) Ауданы 60 м2 тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені;

8) 300 г ерітіндідегі заттың массасы мен оның концентрациясы.

9) Тура пропорционал тәуелділікке мысал келтіріңіз

2

Талдау және бағалау. Топтар өз жұмыстарын көрсетеді. Әр топ өзінің шешуіне түсінік береді.

Егер барлық тура пропорционал тәуелділіктерді дұрыс анықтаса, топ оқу мақсатына жетеді.

Топтық жұмысты болғаннан соң жұпта орындауға тапсырмалар беріледі.

Жұптық жұмыс.

Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Жұптағы әрбір оқушыға бөлек тапсырма беріледі. Оқушы тапсырманың тек бірінші ғана бөлігін шығарады, содан кейін салған графигін көршісіне береді, ол оның екінші бөлігін шығарады. Содан кейін оқушылар тағы өздерінің шешімдерімен алмасады және дайын жауаптар арқылы тексеру жүргізіледі.

Үлестірме 1

№1 бөлігі. Шамалардың арасындағы тәуелділікті сипаттайтын формуланы жазыңыз. Осы тәуелділіктің кестесін және графигін салыңыз. Спортшы 5 м/с жылдамдықпен жүгіреді. Ол t секундта қандай қашықтықты жүгіріп өтеді?

№ 2 бөлігі. Салынған график бойынша есепті шешіңіз.

Спортшы 4 с қандай қашықтықты жүгіріп өтеді?

15 м қашықтықты ол неше секундта жүгіріп өтеді?

Жауабы:

1. .

2. ; ; t

Үлестірме 2

№1 бөлігі. Шамалардың арасындағы тәуелділікті сипаттайтын формуланы жазыңыз. Осы тәуелділіктің кестесін және графигін салыңыз. Компьютерде қолжазбаның бір бетін теру 300 тг тұрады. т бет тергені үшін қанша ақша төлеу керек?

№ 2 бөлігі. Салынған график бойынша есепті шешіңіз.

3 бет тергені үшін қанша ақша төлеу керек?

Егер 2400 тг төлесе, онда неше бет терілді?

Жауабы:

1. .

2. ; ; m

Дескриптор:

Білім алушы:

- тура пропорционал тәуелділіктерді таниды;

- тура пропорционалдықтың формуласын біледі және тура пропорционалдықтың графигін сала алады;

- сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жаза алады;

- тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктерін

түсіндіріп бере алады.

- қойылған сұраққа жауабын жазады.

Жұптық жұмысты орындап болғаннан соң, оқушылар дайын жауаппен бірін-бірі тексеріп бағалайды. Бүгінгі сабақ бойынша түсінбеген сұрақтары болса сұрайды.

Сергіту сәті.

«Бір-екі-үш-төрт-бес» әдісі

Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха-ха», Хи-хи» деп айтуға да болады.

Сергіту сәтін болғаннан соң оқушыларға жұптық жұмыс беріп, өз білімдерін шыңдайды. Оқушылар дайын жауаппен, жұпта қатар отырған оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Өз бетімен жұмыс.

Әрбір оқушыға төмендегі жағдайлардың біреуін ұсыныңыз:

1) жылдамдығы 2 км/мин болатын автомобильдің қозғалысы;

2) 2 тг/см бағамен сымды сатып алу;

3) 2 бет/мин өнімділігімен принтерда мәтінді басып шығару.

Тәуелділікті анықтап, формуланы жазып, кестені құрып және осы тәуелділіктің графигін салу қажет.

Талдау және бағалау. Тапсырманы орындағаннан кейін, оқушылар салған графиктерді тақтаға іледі.

Оқушылар кестелер мен графиктер бірдей болып шыққандығы туралы қорытынды жасайды, тек қана осьтердегі белгілеулері әртүрлі болады.

Бақылаулар негізінде және тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды сәйкесінше у және х деп белгілесе, онда у = 2х тура пропорционал тәуелділіктің жалпы формуласы және оның графигі шығады.

Үйге тапсырма.

Шамалардың арасында тура пропорционал тәуелділік болатын күнделікті өмірге негізделген есеп құрастырыңыз. Тура пропорционал тәуелділік берілген формуланы жазыңыз, кесте мен графикті салыңыз.

Мысалы, егер интернет қызметін 1 ай пайдалану 4 мың теңге тұратын болса, интернет қызметін пайдалану құнының интернетке қосылу айлар санына тәуелділіктің формуласын жазыңыз.

Рефлексия.

«Парталас көршіңе бір сөз таңда»

  • - Сен жарайсың.
  • - Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын.
  • - Сенің мүмкіндігің оданда зор.

 

 

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика. Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.

  • Г.В. Дорофеев. Л.Г. Петерсон. Математика 6 класс 2ч. «Ювента» - 2010г.и.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу