Тура пропорционалдық және оның графигі. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Тура пропорционалдық және оның графигі»
Сабақтың мақсаты:
6.1.2.23 тура пропорционал тәуелділіктерді танып білу және мысалдар келтіру.
6.2.1.12 тура пропорционалдықтың формуласын білу және графигін салу.
6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділік-тердің графиктеріне талдау беру.
6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу.
6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу.
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
- тура пропорционал тәуелділіктерді таниды;
- тура пропорционалдықтың формуласын біледі және тура пропорционалдықтың графигін сала алады;
- сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жаза алады;
- тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктерін түсіндіріп бере алады.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал тудыру.
«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол жұптың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі сабақ барысы,
Біз үшін үлкен қуаныш.
Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.
«Өрмекші торы» әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды, жауап береді.
“ Өрмекші торы” ойын-әдісі - оқушылардың білімін бақылауға және бағалауға арналған әдістердің бірі.
Мұнда оқушы әрбір айтқан жауабы үшін жіптің бір ұшын қолына орауы тиіс. Соңынан әр оқушының қолына жинап ораған жіптің санын анықтау арқылы оқушының қай деңгейде жауап бергенін де білуге болады. Сонымен бірге бұл әдіс оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Оқу мақсатын меңгеру мақсатында оқушыларға жұпта дифференциалданған тапсырмалар беру.
Жұптық жұмыс.
А деңгейі
№1.
a) y=5x; b) x=-3; c) y=-2x; d) x=3
функцияның графиктері координаталық жазықтықтың нешінші ширегінде жататынын анықтаңыз.
Жауабы: a) I и III.b) II и III. c) II и IV. d) I и IV.
В деңгейі
№1. Кесте бойынша шамалар арасындағы (тура немесе тура емес пропорционал) байланысты анықтаңыз. Формуласын жазыңыз және графигін тұрғызыңыз.
Жауабы: 1) Тура пропорционал, у=3*х. 2) Тура пропорционал емес, у=18/х.
№2. A нүктесі арқылы өтетін y=kx тура пропорционалдығының графигін салыңыз. График бойынша k-ның мәнін табыңыз. y-kx тура пропорционалдығының формуласын жазыңыз. a) A(5;4); b) A(-2;6)
Жауабы: а) у=0,8*х. b) у=-3*х.
С деңгейі
№1. Суретте тура пропорционал функция графиктері көрсетілген. Әрбір графикке сәйкес формуласын жазыңыз.
Жауабы: 1) у=3*х. 2) у=0,5*х. 3) у=2*х
№2. Суретте графиктері берілген тәуелдіктердің әрқайсысының:
а) формуласын жазып, формуладан k-пропорционалдық коэффициентін табыңыз;
b) графиктердің әрқайсысы қай координаталық ширектерде орналасқан?
Жауабы: а) у=-3*х; y=2,5*x; y=3*x
b) II и IV; I и III; I и III.
Жұптық жұмыс аяқталғаннан соң оқушылармен сергіту жұмыстары жүргізіледі.
Сергіту сәті:
«Тасбақалардың жүгірісі». Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.
Сергіту жұмысы аяқталғаннан соң оқушыларға өз бетіндік жеке жұмыстар беріледі.
Жеке жұмыс.
Тапсырма 1. Берілгендердің ішінен қандай формула тура пропорционал тәуелділікке жатады?
- P = 5,2b 3) K = 5) a = 7) M = m: 5 9) G =
- a = 8q + 1 4) c = 4: d 6) 300 = vt 8) ab = 18 10) S = a2.
Жауабы: 1; 3; 5.
Тапсырма 2. Берілгендердің ішінен ортақ қасиетің анықтаңыз:
S = 5t , C = 2,4n, A = 16t, m = 0,4M, S = 5b, P = 4a.
Жауабы: Tура пропорционал тәуелділік
Тапсырма 3. Формуланың қайсысы тура пропорционалдыққа жатпайды?
a = 45: n , t = , ab = 5,6 , d = 18 + 4t, k = 0,8:M, 360 = vt.
Жауабы: Барлығы.
Жеке жұмысты дайын жауап бойынша қатар отырған оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексеріп, бағалайды.
Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма: «Тура пропорционлдық функция» ребус құрастыру.
Үйге тапсырма беріліп, оның шығару жолдарына түсінік жұмыстары жүргізіледі.
Содан соң оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады, қорытындылайды.
Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі
Бағдаршам – оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тəсілі. Оқушыларға қызыл, сары жəне жасыл түсті карточкалар беріледі. Сары, қызыл түсті көтерген оқушыларға түсіндіріп,талдауға белсенді оқушылардың көмегіне сүйенемін.
Оқушылар:
ЖАСЫЛ ТҮСТІ көтерсе, толық шығардым.
САРЫ ТҮСТІ көтерсе, жартылай шығарды.
ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ көтерсе, шығара алмадым.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Г.В. Дорофеев. Л.Г. Петерсон. Математика 6 класс 2ч. «Ювента» - 2010г.и.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру