Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.4 түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
сызықтық теңдеуді шешуде координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын пайдаланады;
сызықтық теңдеуді шешуде санның модулінің анықтамасының формуласын пайдаланады;
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
сызықтық теңдеуді шешуде координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын пайдалана алады;
сызықтық теңдеуді шешуде санның модулінің анықтамасының формуласын пайдалана алады;
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | - Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын; - Өзгенің пікірін құрметтеу; - Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ әдебиет | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау. Психологиялық ахуал Өмірде ойлап тұрсаң, бәріде есеп,Ауырсаң іше-тұғын дәріде есеп.Есепсіз өмір деген мазмұнсыз - ау,Дүниенің бар тұлғасы есеп десек. Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды. | Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4 – 8 мин | «Кім жылдам?» ойыны. Шапшаңдыққа берілген есептер.
| Презентация Смайликтер Қосымша 1 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
9 – 20 мин | Жұптық жұмыс №1 Теңдеуді шешіңдер: а) ; б) ; в) . Дескриптор: Білім алушы - теңдеудің шешімі бар жоқтығын анықтайды; - модульдік теңдеуден сызықтық теңдеуге көшеді; - рационал сандарға амалдар орындайды; - модулі бар теңдеудің түбірін табады. № 2 Теңдеуді шешіңдер: Дескриптор: Білім алушы - сыртқы модульді ашады; - ішкі модульді ашады; - модульдік теңдеуден сызықтық теңдеуге көшеді; - модулі бар теңдеудің түбірін табады. | Қосымша 2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
21 - 22 мин | Сергіту сәті
Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха-ха», Хи-хи» деп айтуға да болады. | Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
23 – 37 мин | Өз беттік жұмыс 1-тапсырма Теңдеуді шешіңіз: 2-тапсырма Теңдеуді шешіңіз: 3-тапсырма Теңдеуді шешіңіз: Дескриптор: Білім алушы - түрлендірулерді орындайды; - сызықты теңдеулерге көшеді; - сызықтық теңдеулерді шешеді; - теңдеу түбірлерінің санын табады; - есептің жауабын негіздейді. | Қосымша 3 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Үйге тапсырма: №932 – есеп. Рефлексия: «Парталас көршіңе бір сөз таңда»
| Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А. Алдамұратова 2015 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмалары жалпы сыныппен жұмыста және жұптық, өз беттік жұмыстарда беріледі. Жалпы сыныппен, жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады. | Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды смайликтермен мадақтау | Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру