Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік»

Сабақтың мақсаты:

6.2.2.15

теңсіздіктер түрінде берілген нүктелер жиынын координаталық түзуде кескіндеу.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешудің тиімді тәсілдерін қолдана алады;
  • теңсіздіктер түрінде берілген нүктелер жиынын координаталық түзуде кескіндей алады;
  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жаза алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды жинақтау, оқу құралдарын түгендеу. Амандасу. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Психологиялық ахуал

«Неге?» тренингі

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне белгілі бір сөйлем айтады да келесі оқушыға «неге?» деген сұрақ қояды. Ол оқушы ары қарай жауаппен жалғастырады да, «неге?» деген сұрақ қояды. Мысалы, Бүгінгі сабақ ерекше өтеді неге? Келесі оқушы: Өйткені біз сабаққа қызығушылықпен қатысамыз неге? т.с.с. жалғасады.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

«Миға шабуыл» - айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу жолдарын меңгеруін бақылау.

№1. Теңсіздіктің шешімі болатын бүтін сандарды атаңдар:

а) |х| < 3;

б) |х| > 1;

в) |х| < - 3,

г) |х| > - 1,

д) – 5 < х < -1,

е) 2 < |x| < 5,4.

Жауаптары:

а) |х| < 3; х = - 2, -1, 0, 1, 2;

б) |х| > 1; ±2, ±3, ±4, ±5, …;

в) |х| < - 3, шешімі жоқ, |х| ≥ 0;

г) |х| > - 1, х –кез келген сан,|х| ≥ 0;

д) – 5 < х < -1, х = -4, -3, -2;

е) 2 < |x| < 5,4, х = ±3, ±4, ±5.

№2. Теңсіздіктердің шешімін координаталар түзуінде белгілеңдер:

а) |х| > 5;

б) |x| ≤ 2;

в) 1 ≤ |x| < 3;

г) 1 ≤ |x - 1| < 3.

Жауаптары:

а) |х| > 5; о о

- 5 0 5

б) |x| ≤ 2;

- 2 0 2

в) 1 ≤ |x| < 3; о о

- 3 - 1 0 1 3

г) 1 ≤ |x - 1| < 3. о о

-2 0 1 2 4

Жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау немесе әр түрлі смайликтермен мадақтау.

Оқу мақсатын меңгеру мақсатында жұптық жұмыста берілген тапсырмаларды орындау. Оқушылар тапсырманы орындарында отырып орындайды немесе түсінбеген оқушылар тақтада орындайды.

Жұптық жұмыс.

№1. Теңсіздікті шешіңдер:

а) 14; б) -;

в) 16; г) ;

Дескриптор: Білім алушы

- теңсіздіктерді түріне келтіреді;

- есептің шешімдерін координаталық түзуде бірігулері арқылы кескіндейді;

- жауаптардың сан аралығын жазады.

№2.

а) х-ті бағалаңыз, егер

б) р-ның қандай мәндерінде 11p+1 өрнегі 3p+4 өрнегінен екі есе үлкен болады?

Дескриптор: Білім алушы

- алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді , түріне келтіреді;

- теңсіздікті шешеді;

- жауабын негіздейді.

№3.

а) теңсіздігін шешіп, жауабын сан аралығы арқылы жазыңыз.

б) қос теңсіздігін шешіп, жауабын сан түзуінде кескіндеңіз.

в) теңсіздігін шешіп, жауабын сан түзуінде кескіндеңіз және сан аралығы арқылы жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- алгебралық түрлендірулердің көмегімен қарапайым түріндегі теңсіздіктерге келтіреді;

- теңсіздіктерді шешеді;

- есептің шешімдерін координаталық түзуде кескіндейді;

- есептің шешімдерін сан аралығында жазады.

№4. Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз

а) б)

Дескриптор: Білім алушы

- теңсіздіктерді түрлендіреді;

- бірінші теңсіздіктің шешімдерін табады;

- екінші теңсіздіктің шешімдерін табады;

- теңсіздіктердің қиылысуын табады;

- жауабын жазады.

Жауаптары:

№1. а) (-5; -1); б) ;

в) ; г) .

№2. а) х4,5; б) (;

№3. а) х7,5; б) -3; в) х.

№4. а) ; б) (-531; -60).

Бағалау: Жұпта қатар отырған оқушылар бір-бірін дайын жауаппен тексеріп, дескриптор арқылы бағалайды.

Жұптық жұмысты орындап болғаннан соң оқушылармен сергіту сәтін жүргізу.

Сергіту сәті

Қолдарын кеудесіне қойып - Менің,

Қолдарын жайып - Отаным,

Шапалақтап - Қазақстан!

Жоғары- төмен қарайық,

Оңға, солға түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз дем алып алайық.

Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушылармен оқу мақсатын меңгеруін тексеру мақсатында жеке жұмыстар жүргізу.

Жеке жұмыс.

№1. Теңсіздіктерді шешіңіздер:

а) 7; б) 9; в) 5;

г) 15; д) 28; е) -42.

№2. Төменде берілген теңсіздіктерді шешіп, олардың кестедегі жауаптарымен сәйкестендіріңіз:

1)

2)

3)

a) 0

b)

кез келген сан

c)

4)

d)

№3.

a) ;

b)

теңсіздіктерін шешіп, жауабыңызды сан түзуінде кескіндеңіз.

Дескриптор: Білім алушы

- теңсіздіктерді түріне келтіреді;

- есептің шешімдерін координаталық түзуде бірігулері арқылы кескіндейді;

- жауаптардың сан аралығын жазады.

Жауаптары:

№1. а)

б) ;

в)

г);

д) шешімі жоқ;

е)

№2. 1) - d); 2) – с); 3) - b); 4) – а).

№3. а) б) .

Бағалау: Оқушылар өзін – өзі дайын жауап және дескриптор арқылы тексеріп, бағалайды.

Жеке жұмыс аяқталғаннан соң, оқушылар тапсырмаларын дайын жауап бойынша тексереді. Әр оқушы өз орындаған жұмыстары бойынша жалпы қорытынды жасайды

Содан соң үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма: №1082.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия:

Кері байланыс «Нысана»

Сары түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды...»

Қызыл түсті шеңбер «маған бәрі түсінікті!»

Көк түсті шеңбер «маған көмек қажет»

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу