Рационал сандарды азайту. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Тарау 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарды азайту

Сабақ түрі:

Жаңа білімді меңгерту

Оқу мақсаттары

6.1.2.14 Рационал сандарды азайтуды орындау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар рационал сандарды азайтуды үйренеді, координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады

 Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Рационал сандарды азайтуды орындайды;
  • Координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын табады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- тараудың терминдері мен түсініктеріне сүйенеді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

– Рационал сандар,

–азайғыш,

– азайтқыш,

– айырманың мәні,

– оң сан;

– теріс сан;

– бүтін сан;

– қарама-қарсы сандар;

– рационал сан;

– бүтін сандардың жиынтығы;

– рационал сандардың жиынтығы;

– координаталық түзу;

– санақ басы;

– бірлік кесінді;

– оң бағыт;

– санның модулі;

– координаталық түзудегі кесінді ұзындығы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама – қарсы санды қосу керек.

Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзара ынтымақтастық, сыйластық, жауапкершілік, сенім құндылықтарын қалыптастыру. Болашақ тұлға қалыптастыру. Оқушылардың бойында 21 ғасырдың коммуникативті дағдыларын қалыптастыру

 Пәнаралық байланыстар

 АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Оң сандар, теріс сандар, жай бөлшек, ондық бөлшек, рационал сандарды қоса білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

Сабақты ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

Сабақ мақсатын қою (2 минут)

а) Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру;

ә)Үй жұмысын тексеру (оқушылар дайын жауап арқылы жіберген қателелерін түзетеді, жұптағы оқушылардың бір-бірімен дәптер алмасып дайын жауаппен тексеруін ұсынуға болады);

б)Жұпқа бөлу (1минут)

в) жұмыс жоспарымен таныстыру;

Сабақ тақырыбы мен сабақ мақсаттарын тұжырымдау және жазу

Сабақ тақырыбы: Рационал сандарды азайту

Сабақ мақсаты: Оқушылар рационал сандарды азайтып үйренеді, координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады

Сабаққа арналған презентация

Сабақтың ортасы

Жаңа білімді меңгеру

( 15 минут)

Сабақты бекіту

15 минут

в) Білімді жаңарту (3 минут)

Азайту – қосынды мен белгілі қосылғыш бойынша екінші (белгісіз) қосылғышты табу амалы. b+x=a; х – белгісіз қосылғыш, х=a-b. Рационал сандарды азайту амалы азайғыш азайтқыштан кіші (кем) болғанда да орындалады.

Проблемалық жағдай туғызу.

Рационал сандарды азайту амалын пайдаланып,температураның өзгерісін табайық.

Есеп.

Ауаның температурасы таңертең -2 С (суық) еді, түсте 5 С (жылы) болды. Ауаның температурасы неше градусқа өзгерді?

Оқушылар жауабын презентация бойынша тексереді. Оқушылардың жауаптарын негіздеуі талап етіледі.

Температураның өзгерісін табу үшін температураның соңғы мәнінен алғашқы мәнін азайту керек. 5-(-2) өрнегінің мәнін табу керек. Мұндағы –(–2)=2. Себебі –2 – ге қарама – қарсы сан +2.

5– (–2) =5+2=7.

Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама - қарсы санды қосу керек.

a-b=a+(–b)

a– (–b)=a+b

–a– (+b)= –a–b

–а–(–b)= –a+b

Оқушылар төмендегі кестедегі мысалдарды мұғаліммен бірге талқылайды.

Азайғыш

Азайтқыш

Жазылуы

Айырманың мәні

6

-2

6-(-2) =6+2=8

8

3

-6

3-(-6)=3+6=9

9

-7

+3

-7-(+3) =-7-3=-10

-10

-2

+9

-2-(+9)=-2-9=-11

-11

Кестедегі мысалдарды талқылап болған соң, мұғалім оқушылардан қорытынды шығаруын сұрайды.

Мұғалім оқушылармен бірге келесі мысалды талқылайды.

Таңбалары әр түрлі сандарды азайту таңбалары бірдей сандарды қосумен есептеледі.

Мысалы: 1,8–(–2,7) =1,8+2,7=4,5

Азайғыш

Азайтқыш

Жазылуы

Айырманың мәні

-9

-3

-9-(-3)=-9+3=-6

-6

-2

-5

-2-(-5) =-2+5=3

3

Кестедегі мысалдарды талқылап болған соң, мұғалім оқушылардан қорытынды шығаруын сұрайды.

Таңбалары бірдей сандарды азайту таңбалары әр түрлі сандарды қосумен есептеледі.

Мысалы: -9,1-(-1,5)=-9,1+1,5=-7,6

Координаталық түзудегі кесіндінің ұштарының координаталары бойынша кесіндінің ұзындығын табайық.

Мысалы, координталық түзуде А(-4), В(3) болатын АВ кесіндісінің ұзындығын бірлік кесінді есебімен табайық. Ол үшін:

  • А(-4) және В(3) нүктелерін координаталық түзуде кескіндеу керек.
  • А(-4) және В(3) нүктелерінің арасында неше бірлік кесінді бар екенін табу керек.

АВ=3-(-4)=3+4=7

AB=7 (бірлік кесінді)

Оқушылардан жауаптарын негіздеуді талап еткен жөн.

Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.

Оқушылар презентациямен жұмыс жасағандықтан, көз жаттығуын жасау қажет.

https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s

Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді:

  • 1. Рационал сандар қалай азайтылады?
  • 2.Таңбалары әр түрлі сандарды азайту таңбалары қандай сандарды қосумен есептеледі?
  • 3.Таңбалары бірдей сандар қалай азайтылады?
  • 4.Координаталық түзуде кесіндінің ұзындығын қалай табады?

Қателескен жағдайда мұғалім түзетеді.

1 – тапсырма. Айырманы табыңдар:

А) 7,2 – (–7,2)

Ә) 5,1 – (+5,1)

Б) 8,6 – (+10)

В) (–9,2) – (–5,3)

Г) (–2,9) – (–4,3)

Ғ) (–6,8) – (–3,1)

Д) (-6) – (-11)

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

2 – тапсырма. Азайтуды орындаңдар:

А) (–5) – (

Ә) (–8) – ()

Б)

В) -5,7 – (-1,3)

Г) 3,6-(-5)

Ғ) -6-(+8,1)

Д) -7,5-(-2,1)

3 – тапсырма. А(а); В(b) болатындай АВ кесіндісінің ұзындығын (бірлік кесінді есебімен) табыңдар, мұндағы:

А) а=–3;b=4

Ә) a=6; b=-4

Б) a=-7; b=0

В) a=-8; b=-3

Г) а=-3;b=-1

Ғ) a=-5; b=-2

Д) a=3;b=-6

Жеке жұмыс.

Тапсырма 1.

Координаталық түзуде мына нүктелердің координаталарын табыңыз:

  • А(3) және В(- 11)
  • M(- 5,1) және N( 7,2)
  • C(0) және N(- 12)
  • P() және K(-)
  • P(3) және K(-2)

Тапсырма 2.

Азайтуды орындаңыз

А)

Ә) -9,5 –

Б)

В) -6,8 – (-1,2)

Г) 2,6-(-5,6)

Ғ) -16-(+4,5)

Д) -8,5-(-2,7)

Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды.

Мысалы:

  • егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,
  • егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,
  • егер барлық жұмыстың 70-ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»
  • егер барлық жұмыстың 70-нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

-рационал сандарды азайта алады;

-координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады

Таңбалары әр түрлі рационал сандарды азайта алады

Таңбалары бірдей рационал сандарды азайта алады

Координаталық түзуде сандарды кескіндей алады

Кординаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын табады

Қосымша 1

Сабаққа арналған презентация

Сабақты қорытындылау (3 минут)

Сабақты қорытындылау:

Нені білдім? Нені үйрендім? Немен жұмысты жалғастыру керек?

Сабақтың келесі сабақпен байланысты екенін оқушыларға ескерту маңызды.

Үй жұмысы: рационал сандарды азайтуға өмірмен байланысты 2 есеп құрастыру

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұпта оқушылар «жоғары-төмен» схемасы бойынша отырыды. Бұл схема төмен деңгейдегі оқушы өзінің деңгейін көтере алады, ал жоғары деңгейдегі оқушы білімін одан әрі дамытуға көмектеседі

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Дескритор бойынша бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу