Рационал сандарды азайту. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Рационал сандар

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалім:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды азайту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.14 Рационал сандарды азайтуды орындау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар рационал сандарды азайтып үйренеді, координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- тараудың терминдері мен түсініктеріне сүйенеді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

– Рационал сандар,

–азайғыш,

– азайтқыш,

– айырманың мәні,

– оң сан;

– теріс сан;

– бүтін сан;

– қарама-қарсы сандар;

– рационал сан;

– бүтін сандардың жиынтығы;

– рационал сандардың жиынтығы;

– координаталық түзу;

– санақ басы;

– бірлік кесінді;

– оң бағыт;

– санның модулі;

– координаталық түзудегі кесінді ұзындығы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама – қарсы санды қосу керек.

Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді бекіту.

Бағалау критерийі

Оқушы

  • Рационал сандарды азайтуды орындайды;
  • Координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын табады

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік. Құрмет.

Бастапқы білім

Оң сандар және теріс сандар. Координаалық түзу. Рационал сандарды қоса білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(5-минут)

Сабақ мақсатын қою (2 минут)

Сабақтың басталуы(2 мин)

Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Алдыңғы жоспардағы үй жұмысын тексеру (2 минут)

Жұпқа бөлу (1 мин)

Сабақтың сабақ тақырыптары мен мақсаттарын тұжырымдау және жазу (2 мин)

Сабақ тақырыбы: Рационал сандарды азайту.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар рационал сандарды азайтуды үйренеді, координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады (презентация)

Сабақтың басы

Жаңа білімді жаңғырту

(10-минут)

Білім жаңғырту (10 мин)

Сұрақ: Рационал сандарды азайтудың алгоритмін тұжырымдаңыз?

Бірдей таңбалы рационал сандарды қалай азатйамыз?

Әр түрлі таңбалы рационал сандарды қалай азайтамыз?

Оқушылардың өздері шешу жолдарын ұсынады.

Тапсырма 1.

Есептеңіз.

Бұл тапсырманы орындауда, алдында құрылған рационал сандарды азайту алгоритмін қолдану керек. Оқушылардан әр кезде өз шешімдерін негіздеп отыруы сұралады. Бұл тапсырма ауызша орындалады.

А) -1-(-3)

Ә) 9-(-5)

Б) 5-(-3)

В) 9,9-9,9

Г) -1-(+8)

Ғ) -6-(-11)

Д) 3,5-(+7)

Е) -8,5-1,5

Ж) 6-(-4)

презентация

Сабақтың ортасы

Сабақты бекіту

18 минут

Өтілген тақырыпты есептерді шығару арқылы бекіту.

Жұптық жұмыс (10 мин)

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

Тапсырма 2. Теңдеуді шешіп,жауабын тексеріңіз

  • х+(-5)=2
  • 8+y=-3
  • 14+x=-6
  • -6+x=-2
  • y+7=-13
  • x+11=-4

Тапсырма 3. Есептеңіз:

  • 21-(5-8)
  • 3,7-(4-5,3)
  • – ( )
  • −13-(20-32)
  • -4,5-(7-9,5)
  • – ( )
  • −18-(9-5)
  • -0,25-(3-2,25)
  • – ()

Оқушылар презентациямен жұмыс жасағандықтан, көз жаттығуын жасау қажет.

https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s

Тапсырма 4. Теңдеуді шешіңіз

  • -13,7-(-х)=-4.9
  • 6,1-(-y)=-5.2
  • -2,9+(-x)=-3.8

Тапсырма 5. АВ, CD,EF кесінділерінің ұзындығын табыңыз:

А) А(-7);В(2)

Б) С(-5);D(1)

В) E(-6)F(-2)

Жеке жұмыс (10 мин)

1 тапсырма. Теңдеуді шешіңіз:

  • х+(-0,35)=2,3
  • -23.5+(-y)=-4,6
  • y+(-48,3) =-78,5

2 тапсырма.

Арал теңізіні жағалауының жазғы температурасы +45С, ал қыста -47С. Арал теңізі жағалауының температура өзгерісін табыңыз.

Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды.

Мысалы:

  • егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,
  • егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,
  • егер барлық жұмыстың 70-ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»
  • егер барлық жұмыстың 70-нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

-бүтін сандарды салыстыра алады;

-рационал сандарды салыстыра алады

Санның модулінің анықтамасын біледі;

Оң және теріс сандардың модулін таба алады;

Модулі бар өрнектің мәнін табады;

Рационал сандарды салыстыра алады

Сандар мен координаталық түзудің сәйкестіктерін орнатып, өз жауабын түсіндіріп бере алады.

Сабақтың соңы

5-минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1.Нені үйрендім?

2.Нені білгім келеді?

3.Нені түсінбедім?

Сабақтың келесі сабақпен байланысын айтып өту маңызды.

Үй жұмысы: Өмірден рационал сандарды азайтуға 1 мысал есеп құрастыру

Сабақты қорытындылау:

  • Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
  • Неліктен?
  • Жұмыста нені ескермедіңіздер?
  • Неліктен?
  • Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу