Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Түктібаева А., Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.14 Рационал сандарды азайтуды орындау

Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

  • рационал сандарды қосуды және азайтуды орындайды.

Бағалау критерийі

Оқушы:

  • рационал сандарға амалдар орындайды.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

  • рационал сандарға қосу және азайту амалдарын орындауда түсінік береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • рационал сандар; координаталық түзу; бірлік кесінді; санақ басы;

оң бағыт; теріс бағыт.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • таңбасы бірдей сандарды қосу үшін … керек;
  • таңбалары әртүрлі сандарды қосу үшін ... керек.
  • бір саннан екінші санды азайту үшін ...;
  • азайғыштың таңбасы сақталады, ал азайтқыштың таңбасы қарама – қарсы таңбаға көшеді.

Құндылықты

дарыту

  • құрмет

оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;

  • ынтымақтастық

жұптық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;

  • ашықтық

жұппен жұмыста өз пікірін ашық айту және құрдасының пікірін тыңдай білу;

  • еңбек және шығармашылық

берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдау;

  • өмір бойы білім алу

таңбалары әр түрлі рационал сандардың қосындысын табуды үйрену арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу.

Пәнаралық

байланыстар

Қоршаған ортада кездесетін өлшемдері әртүрлі шамаларды есептеуде таңбалары әртүрлі сандарды қосу тақырыбында алған білімдерін қолданады. Таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу амалдарын қолдану күнделікті өмірде есептеулер жүргізу үшін маңызды және физикада, химияда, биологияда, географияда пәндерінде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі.

Бастапқы білім

Рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде кескіндеуді және координаттық түзу көмегімен қосуды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

3-6 мин

  • Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың сабақ тақырыптары мен мақсаттарын тұжырымдау және жазу.
  • Сабақ тақырыбы: Таңбалары әр түрлі рационал сандарды азайту.
  • Сабақтың мақсаты: Рационал сандарды қосуды және азайтуды орындайды.
  • Бағалау критерийін оқушылармен бірге құрастыру
  • Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұп болып жұмыс жасап, бір-бірінің есебін тексереді. Өзара бағалау.

Сабақтың ортасы

6-12 мин

12-17 мин

17-18 мин

18-28 мин

28-37 мин

Жаңа сабақты түсіну

Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту

Сыныппен жұмыс:

Сұрақ: Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын қалай табамыз?

Рационал сандарды қалай азайтамыз?

Оқушылардың өздері жауабын ұсынады.

Тапсырма 1.

Ойыншылар командасы қарсылас команда қақпасына 5 доп салды, ал өздерінің қақпасына 2 доп жіберіп алды. Әрбір салған доп үшін +1 ұпай, ал жіберіп алған доп үшін (-1) ұпайға ие болды. Ойын нәтижесі қандай? Бұл команда ұтты ма әлде ұтылды ма? Оқушылардың жауаптарын негіздеуді сұрау маңызды.

Бағалау:

Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау бағалайды.

Жаңа сабақты меңгеру.

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 2. Торғай өзінен 7,4 м арақашықтықтағы инелікті қуады. Инелік жылдамдығы 3,7 м/с, ал торғайдың жылдамдығы 5,8 м/с. 1с уақыт өткен соң олардың арақашықтығы неше м болады?

Жауабы: 5,3

Тапсырма 3. Ауа температурасы таңертең 4С, ал кешке -3С болды. Тәуліктегі температура өзгерісі қандай?

Жауабы: 7С

Тапсырма 4. Кестені толтырыңыз:

a

8,3

-4,75

-13,94

b

10

-3

-20

a-b

Жауабы:

a

8,3

-4,75

-13,94

b

10

-3

-20

a-b

-1,7

0,5

22,8

-1,5

6,06

Тапсырма 5. Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. А нүктесіне -2,5 саны, В нүктесіне оған қарама – қарсы сан сәйкес келеді. АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.

Жауабы:5см

Оқушылар презентациямен жұмыс жасағандықтан, көз жаттығуын жасау қажет.

https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s

Тапсырма 6. Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. CD кесіндісінің ұзындығы 16 см. Кесіндінің ортасы координатасы -5 болатын нүктемен белгіленген. C және D нүктелерінің координаталарын табыңыз.

Жауабы:-13,3

Тапсырма 7. Өрнекті ықшамдаңыз

  • a+(-b)-(-2a)
  • a-(+a)+2b-(-b)
  • a-(-b)-4a
  • a-(+3a)+(-b)-b

Жауабы: 1)3а-б 2)б 3)б-5а 4)-4а

Тапсырма 8. Таңба ережелерін қолданып,жақшаны ашып,есептеңіз

  • (-14,35)-(-53,5)-(+21,3)-(-16)
  • (-60)-(-15,9)-(+8,2)-(-23,3)

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

Жаңа сабақты бекіту.

Өзіндік жұмыс:

1 тапсырма. Есептеңіз:

  • 24,6+(-35,9)-(-6,5)+(-5,2)
  • (-32)-(-13,8)-(+26,3)-(-27,5)

Жауабы: 1)-10 2)-17

Дескриптор: Білім алушы

-таңбалары бірдей рационал сандарды азайтады;

-таңбалары әр түрлі рационал сандарды азайтады;

-өрнектің мәнін табады.

2-тапсырма

санын төмендегідей шарттарды қанағаттандыратындай, екі санның қосындысы түрінде жазыңыз:

a) бірі екіншісінен 1-ге артық болатын;

b) бірі берілген санға қарама-қарсы сан болатын;

с) бірі берілген санға үш еселенген қарама-қарсы сан болатын.

Дескриптор: Білім алушы

  • таңбалары бірдей рационал сандарды қосады;
  • таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосады;
  • берілген шартты қанағаттандыратын теңдеу құрады;
  • теңдеудің түбірін табады;
  • белгісіз екі санды жазады;
  • берілген санды екі санның қосындысы түрінде жазады.

Дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор бойынша өзін бағалайды.

Қосымша 1

Матема-тика 6 класс, Т.Алдамұратова., Алматы, «Атамұра» 2012.

Қосымша 2

Қосымша 3

Математика-6 кл Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011

Қосымша 4

Қосымша 5

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау:

Сөйлемді аяқта:

  • бүгін мен білдім .....
  • маған қызықты болды, ....
  • осы мәселе бойынша менің ойым ....
  • осы мәселені қаталасақ ....
  • тапсырмаларды орындау барысында маған көмектесті ...

Үй жұмысы: рационал сандарды азайтуға 3 мысал құрып келу

Осы сабақтың келесі сабақпен байланысын айтып өту маңызды. Оқушылар қателік жіберген жағдайда жеке консультация беру керек.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Өрт дабылы немесе локдаун болған жағдайда кабинеттегі оқушылардың әрекетіне басшылық жасау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу