Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

щҰзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Түктібаева А., Каражигитова К.Е.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.14 Рационал сандарды азайтуды орындау.

Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

  • рационал сандарды азайтып үйренеді;
  • координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады.

Бағалау критерийі

Оқушы:

  • рационал сандарға амалдар орындайды.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

  • рационал сандарға қосу және азайту амалдарын орындауда түсінік береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • рационал сандар; координаталық түзу; бірлік кесінді; санақ басы;

оң бағыт; теріс бағыт.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • таңбасы бірдей сандарды қосу үшін … керек;
  • таңбалары әртүрлі сандарды қосу үшін ... керек.

Құндылықты

дарыту

  • құрмет

оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;

  • ынтымақтастық

жұптық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;

  • ашықтық

жұппен жұмыста өз пікірін ашық айту және құрдасының пікірін тыңдай білу;

  • еңбек және шығармашылық

берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдау;

  • өмір бойы білім алу

таңбалары әр түрлі рационал сандардың қосындысын табуды үйрену арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу.

Пәнаралық

байланыстар

Қоршаған ортада кездесетін өлшемдері әртүрлі шамаларды есептеуде таңбалары әртүрлі сандарды қосу тақырыбында алған білімдерін қолданады. Таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу амалдарын қолдану күнделікті өмірде есептеулер жүргізу үшін маңызды және физикада, химияда, биологияда, географияда пәндерінде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі.

Бастапқы білім

Рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде кескіндеуді және координаттық түзу көмегімен қосуды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

3-6 мин

  • Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың сабақ тақырыптары мен мақсаттарын тұжырымдау және жазу.

Сабақ тақырыбы: Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуды үйренеді.

Бағалау критерийін оқушылармен бірге құрастыру

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұп болып жұмыс жасап, бір-бірінің есебін тексереді. Өзара бағалау.

Білім жаңғырту

Сөйлемді аяқтаңыз:

1. қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан…

2. кез келген санның нөлмен қосындысы...

3. қарама-қарсы сандардың қосындысы...

4. қарама – қарсы сандардың ... өзара тең

Оқушы тапсырманы жеке орындайды. Тапсырманы орындап болған соң слайдтағы дайын жауабымен бір – бірін тексереді.

Қосымша 1.

Сабақтың ортасы

7-15 мин

16-18 мин

19-22 мин

23-24 мин

25-30 мин

21-37 мин

Жаңа сабақты түсіну

Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту

Сыныппен жұмыс:

Рационал сандарды азайтудың алгоритмін тұжырымдау.

Сұрақ:

Бірдей таңбалы рационал сандарды қалай азатйамыз?

Әр түрлі таңбалы рационал сандарды қалай азайтамыз?

Оқушылардың өздері шешу жолдарын ұсынады.

Тапсырма 1.

Есептеңіз.

Бұл тапсырманы орындауда, алдында құрылған рационал сандарды азайту алгоритмін қолдану керек. Оқушылардан әр кезде өз шешімдерін негіздеп отыруы сұралады. Бұл тапсырма ауызша орындалады.

А) -1-(-3)

Ә) 9-(-5)

Б) 5-(-3)

В) 9,9-9,9

Г) -1-(+8)

Ғ) -6-(-11)

Д) 3,5-(+7)

Е) -8,5-1,5

Ж) 6-(-4)

Жаңа сабақты меңгеру.

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 2. Теңдеуді шешіп,жауабын тексеріңіз

  • х+(-5)=2
  • 8+y=-3
  • 14+x=-6
  • -6+x=-2
  • y+7=-13
  • x+11=-4

Тапсырма 3. Есептеңіз:

  • 21-(5-8)
  • 3,7-(4-5,3)
  • – ( )
  • −13-(20-32)
  • -4,5-(7-9,5)
  • – ( )
  • −18-(9-5)
  • -0,25-(3-2,25)
  • – ()

Оқушылар презентациямен жұмыс жасағандықтан, көз жаттығуын жасау қажет.

https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s

Тапсырма 4. Теңдеуді шешіңіз

  • -13,7-(-х)=-4.9
  • 6,1-(-y)=-5.2
  • -2,9+(-x)=-3.8

Тапсырма 5. АВ, CD,EF кесінділерінің ұзындығын табыңыз:

А) А(-7);В(2)

Б) С(-5);D(1)

В) E(-6)F(-2)

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

Жаңа сабақты бекіту.

Өзіндік жұмыс:

1 тапсырма. Теңдеуді шешіңіз:

  • х+(-0,35)=2,3
  • -23.5+(-y)=-4,6
  • y+(-48,3) =-78,5

2 тапсырма.

Арал теңізін жағалауының жазғы температурасы +45С, ал қыста -47С. Арал теңізі жағалауының температура өзгерісін табыңыз.

Жауабы: 92С

Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды.

Матема-тика 6 класс, Т.Алдамұратова., Алматы, «Атамұра» 2012.

Қосымша 2.

Қосымша 3.

Қосымша 4.

Қосымша 5.

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
  • Неліктен?
  • Жұмыста нені ескермедіңіздер?
  • Неліктен?
  • Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Рефлексия:

1.Нені үйрендім?

2.Нені білгім келеді?

3.Нені түсінбедім?

Сабақтың келесі сабақпен байланысын айтып өту маңызды.

Үй жұмысы: Өмірден рационал сандарды азайтуға 1 мысал есеп құрастыру

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасататылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу