![]() |
|
![]() |
Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.14 Рационал сандарды азайтуды орындау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Оқушы:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
оң бағыт; теріс бағыт. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықты дарыту |
оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;
жұптық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;
жұппен жұмыста өз пікірін ашық айту және құрдасының пікірін тыңдай білу;
берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдау;
таңбалары әр түрлі рационал сандардың қосындысын табуды үйрену арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қоршаған ортада кездесетін өлшемдері әртүрлі шамаларды есептеуде таңбалары әртүрлі сандарды қосу тақырыбында алған білімдерін қолданады. Таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу амалдарын қолдану күнделікті өмірде есептеулер жүргізу үшін маңызды және физикада, химияда, биологияда, географияда пәндерінде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде кескіндеуді және координаттық түзу көмегімен қосуды біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-3 мин 3-6 мин |
Топқа бөлу. Оқушыларды екі топқа бөлемін. Қима қағаздарға оң немесе теріс сан шығатындай есептерді жазып, алдын ала дайындап қоямын. Әрбір оқушы қима қағазды алып, есептеп және жауабының оң немесе теріс екенін айтып өзінің бір топтастарын табады.
| Қосымша 1. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-12 мин 12-17 мин 17-20 мин 20-28 мин 28-37 мин | Жаңа сабақты түсіну. Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту. Проблемалық сұрақ: – Мына есепті қалай шығаруға болады: – 3 – (+ 4) =? – 6 – (– 7)=? Есептің шешімін жеке шығарады, болған соң көршілерімен салыстырады, топпен бірігіп талқылайды. Жауабын постер жасап, қорғайды. Топтық жұмыс: Зерттеушілік жұмыс. 1. Әрбір топқа нұсқаулық беріледі. Оқушыларға нұсқаулық. Таңбалардың ережесі жазыңыздар. Егер жақшаның алдында қосу таңбасы болса, онда жақшаның таңбасы өзгермейді. Сондықтан қосу таңбасы санның таңбасын өзгертпейді. + (+ a) = + a+ (– a) = – aЖақша алдындағы «минус» таңбасы жақша ішіндегі санның таңбасын өзгертеді.– (+ a) = – a– (– a) = + a2. Жоғарыдағы ережені қолданып есептің таңбасын ауыстырыңыз.
Бағалау: Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау бағалайды. Сабақтың сабақ тақырыптары мен мақсаттарын тұжырымдау және жазу. Сабақ тақырыбы: Таңбалары әр түрлі рационал сандарды азайту. Сабақтың мақсаты: Оқушылар таңбалары әр түрлі рационал сандарды азайтуды үйренеді. Бағалау критерийін оқушылармен бірге құрастыру Жаңа сабақты меңгеру. Сыныппен жұмыс: Мұғалім таныстырылым арқылы оң сандар мен теріс сандар туралы тарихи анықтаманы береді. Тарихи анықтама: Еуропада теріс сандарды азайтудың дұрыстыңына сенімді болу үшін француз математигі Никола Шюкенің 1484 жылғы еңбегіне негіздейтін. Ол теріс түбірі бар теңдеуге келтіретін есеп қарастырады. «Осыған дейін мүмкін емес деп есептелген, бұл есептеу – дұрыс» деп Шюке айтқан. «+» және «–» таңбалары қосу және азайту үшін деп Чех Ян Видман осыған дейін жазған болатын. Кейіннен неміс ғалымы Михель Штофель «Толық арифметика» жазып, 1544 жылы баспадан шығарды. Мұнда сандар үшін «0–2; 0+2;0–5; 0+7» деген жазбалар кездеседі. XIX ғасырдың бірінші жартысында «Оң және теріс сандардың қатаң теориясы дамығанда» теріс сандарды барлығы бірдей мойындады. Топтық жұмыс: Оқушылардың не білетінін зерттеу. Рационал сандар қалай азайтылады? Оқушылар топта ой-қорытындыларын түйіндейді. Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама – қарсы санды қосу керек. a – b = a + (– b)Мысал.6 – 8 = 6 + (– 8) = – 2Мысал.0 – 2 = 0 + (– 2) = – 2Азайту амалының ерекше жағдайлары: 0 – a = – aa – 0 = aa – a = 0 Рационал сандардың азайту ережелері. Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары әр түрлі болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары бірдей сандарды қосу «ережесі бойынша» орындалады (1 – кесте).
Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары бірдей болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары әр түрлі сандарды қосу «ережесі бойынша» орындалады (2 – кесте).
Бағалау: Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.
Жұптық жұмыс: 1 тапсырма. і) өрнекті ықшамда: 2,8x−0,6+4,2x+16,8−8x . іi) х=−2 болғанда өрнектің мәнін табыңыз. Бағалау. Ф.Мұғалім бағалайды. Бағалау парағын тақтаға іліп қоямын. Ф. Өзара бағалап, дәптерге ескерту жазады. Дескриптор: Білім алушы
2 тапсырма. і) Есепте: 1) 16 (5)= жауабы: 16 (5)=16+5=21 2) 239= жауабы: 239= 23+( 9)= 32 3) 1430= жауабы: 1430=14+( 30)= 16 4) 30 ( 12)= жауабы: 30 ( 12)= 30+12= 18 ii) жауабын өсу ретімен жазыңыз; Бағалау. Ф.Мұғалім бағалайды. Бағалау парағын тақтаға іліп қоямын. Ф. Өзара бағалап, дәптерге ескерту жазады. Дескриптор: -таңбалары бірдей рационал сандарды азайтады; -таңбалары әр түрлі рационал сандарды азайтады; -өрнектің мәнін табады. - сандарды өсу ретімен жаза алады. | Қосымша 2 Матема-тика 6 класс, Т.Алдамұратова., Алматы, «Атамұра» 2012. Қосымша 3. Математика-6 кл Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 4. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Сабақты қорытындылау:
Рефлексия: Сабақ соңында оқушылар өздерінің көңіл-күйлері мен сабақта қатысты көңіл күйлерін көрсетеді
. Үй жұмысы: Өмірден рационал сандарды азайтуға 1 мысал есеп құрастыру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді. | Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау . Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Өрт дабылы немесе локдаун болған жағдайда кабинеттегі оқушылардың әрекетіне басшылық жасау. |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨🎓 02.03.2023