Рационал сандарды азайту. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: математика

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс: 6

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

6. Рационал сандар және оларға амалдар қолдану (20 сағат)

Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарды азайту

Бастапқы білім

Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу

Оқыту мақсаттары

6.1.2.14 - рационал сандарды азайтуды орындау

Сабақтың мақсаттары

Рационал сандардың азайту дағдысын қалыптастыру

бағалау критерийлері

 Оқушы:

 - Рационал сандарды азайту алгоритмін түсінеді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Негізгі амалдарды біледі және есеп шығаруда оларды қолданады; знать основные операции над знаками и применять их при решении задач;
  • Рационал сандарды азайту алгоритмін біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология

Теріс сандар

Отрицательные числа

窗体顶端

Negative numbers

Қарама-қарсы сандар

Противоположные числа

窗体顶端

Opposite numbers

Азайтылатын сан (азайғыш)

Уменьшаемое число

窗体顶端

Decreasing number

Азайтатын сан (азайтқыш)

Вычитаемое число

窗体顶端

Subtracted number

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Бір саннан екінші санды азайту үшін ...;
  • Азайғыштың таңбасы сақталады, ал азайтқыштың таңбасы қарама – қарсы таңбаға көшеді.

Құндылық-тарды

дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

- академиялық адалдық құндылығын, бір-біріне құрмет құндылығын дарыту;

- елжандылыққа тәрбиелеу;

- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Тарих

Кезең

Тақырыпты бекіту

Дифферен-циация

  • нақты оқушының күтілетін нәтижесіне байланысты;
  • оқушыларға жеке қолдау көрсету;

 АКТ қолдану дағдылары

ActiveInspire, PowerPoint

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Өрт дабылы немесе локдаун болған жағдайда кабинеттегі оқушылардың әрекетіне басшылық жасау

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу және сабаққа қатыстып отырған оқушыларды түгелдеу.

Топқа бөлу. Оқушыларды екі топқа бөлемін. Қима қағаздарға оң немесе теріс сан шығатындай есептерді жазып, алдын ала дайындап қоямын. Әрбір оқушы қима қағазды алып, есептеп және жасабының оң немесе теріс екенін айтып өзінің бір топтастарын табады.

10-11=

15-11=

15-17=

14-10=

12-19=

28-20=

2-3=

17-14=

2-12=

25-13=

25-30=

20-7=

14-21=

31-16=

5-8=

11-8=

18-21=

25-17=

5-16=

18-9=

6-13=

23-11=

4-13=

19-12=

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

6 мин

Проблемалық сұрақ:

– Мына есепті қалай шығаруға болады:

– 3 – (+ 4) =?

– 6 – (– 7)=?

Есептің шешімін жеке шығарады, болған соң көршілерімен салыстырады, топпен бірігіп талқылайды.

Жауабын постер жасап, қорғайды.

Қосымша 2

Топтық жұмыс

5 мин

2 мин

Зерттеушілік жұмыс.

1. Әрбір топқа нұсқаулық беріледі.

Оқушыларға нұсқаулық.

Таңбалардың ережесі жазыңыздар.

Егер жақшаның алдында қосу таңбасы болса, онда жақшаның таңбасы өзгермейді. Сондықтан қосу таңбасы санның таңбасын өзгертпейді.

+ (+ a) = + a+ (– a) = – aЖақша алдындағы «минус» таңбасы жақша ішіндегі санның таңбасын өзгертеді.– (+ a) = – a– (– a) = + a2. Жоғарыдағы ережені қолданып есептің таңбасын ауыстырыңыз.

  • Заңдылықты табыңыз;
  • Жауабын жазыңыз.

жауабы:

- 3 - (+ 4) = - 3 + (- 4) = - 7- 6 - (- 7) = - 6 + (+ 7) = 1

Бағалайды.

Бағалау.

Ф. Мұғалім бағалайды.

Ф. Өзара бағалайды.Сабақтың тақырыбынан мақсатын анықтайды:

- Оқушылар, жоғардағы тапсырма бойынша сабақтың мақсатын құрастырыңдаршы.

Рационал сандарды азайту.

Рационал сандардың азайту дағдысын қалыптастыру.

Слайд 3

1 мин

Тарихи анықтама:

Еуропада теріс сандарды азайтудың дұрыстыңына сенімді болу үшін француз математигі Никола Шюкенің 1484 жылғы еңбегіне негіздейтін. Ол теріс түбірі бар теңдеуге келтіретін есеп қарастырады. «Осыған дейін мүмкін емес деп есептелген, бұл есептеу – дұрыс» деп Шюке айтқан.

«+» және «–» таңбалары қосу және азайту үшін деп Чех Ян Видман осыған дейін жазған болатын. Кейіннен неміс ғалымы Михель Штофель «Толық арифметика» жазып, 1544 жылы баспадан шығарды. Мұнда сандар үшін «0–2; 0+2;0–5; 0+7» деген жазбалар кездеседі. XIX ғасырдың бірінші жартысында «Оң және теріс сандардың қатаң теориясы дамығанда» теріс сандарды барлығы бірдей мойындады.

Қосымша 4

3 мин

Тақырыпты бекіту:

Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама – қарсы санды қосу керек.

a – b = a + (– b)Мысал.6 – 8 = 6 + (– 8) = – 2Мысал.0 – 2 = 0 + (– 2) = – 2Азайту амалының ерекше жағдайлары:

0 – a = – aa – 0 = aa – a = 0 Рационал сандардың азайту ережелері.

Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары әр түрлі болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары бірдей сандарды қосу «ережесі бойынша» орындалады (1 – кесте).

Азайғыш

Азайтқыш

Жазылуы

Айырма

6

–2

6 –(–2)=6+2=8

8

–7

3

–7–(+3)=–7–3=–10

–10

1,8

–2,7

1,8–(–2,7)=1,8+2,7=4,5

4,5

Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары бірдей болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары әр түрлі сандарды қосу «ережесі бойынша» орындалады (2 – кесте).

Азайғыш

Азайтқыш

Жазылуы

Айырма

–9

–3

–9 –(–3)=–9+3=–6

–6

–2

–5

–2–(–5)=–2+5=3

3

=

7 мин

2 мин

7 мин

2 мин

  • Жұптық жұмыс. Есеп шығару.

1 тапсырма.

і) өрнекті ықшамда: 2,8x−0,6+4,2x+16,8−8x .

іi) х=−2 болғанда өрнектің мәнін табыңыз.

Бағалау.

Ф.Мұғалім бағалайды. Бағалау парағын тақтаға іліп қоямын.

Ф. Өзара бағалап, дәптерге ескерту жазады.

Дескрипторлар:

1. Оқушы өрнекті ықшамдау алгоритмін біледі;

2. Оқушы х мәнін қоюды біледі;

3. Оқушы өрнектің мәнін дұрыс табады.

2 тапсырма.

і) Есепте:

1) 16 (5)= жауабы: 16 (5)=16+5=21

2) 239= жауабы: 239= 23+( 9)= 32

3) 1430= жауабы: 1430=14+( 30)= 16

4) 30 ( 12)= жауабы: 30 ( 12)= 30+12= 18

ii) жауабын өсу ретімен жазыңыз;

Оценивание.

Бағалау.

Ф.Мұғалім бағалайды. Бағалау парағын тақтаға іліп қоямын.

Ф. Өзара бағалап, дәптерге ескерту жазады.

Дескрипторлар:

1. Оқушы рационал сандарды азайту алгоритмін біледі;

2. Оқушы теріс және оң санның анықтамасын біледі;

3. Сандарды өсу ретімен жаза алады.

Қосымша 5

Сабақтың соңы

2 мин

1 мин

  • Үй тапсырмасы

393, 494

  • Кері байланыс
  • Рационал сандар қалай азайтылады?
  • Таңбалары әр түрлі сандарды азайту қалай орындалады?
  • Таңбалары бірдей сандарды азайту қалай орындалады?
  • Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табамыз?

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар өздерінің көңіл-күйлері мен сабақта қатысты көңіл күйлерін көрсетеді

  • Маған бәрі түсінікті, мен түсіндім!
  • Менде қателіктер бар, бірақ мен қатемді түзеуге тырысамын!

  • Мен ештеңе түсінбедім

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Есептерді жеңілден ауырға дейін күрделеген.Топтық және жеке жұмыста деңгейлік тапсырмалар

Бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау

Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру

Дұрыс отыруын қадағалау, топ ішінде емін еркін қозғалыста болу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіруүшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттарына жеттім, бірақ бағалау кезінде ейбір оқушылар күрделі түрлендіруде көп қателескен,келесі қосымша сабақта талдау жасаған дұрыс және дәл сондай есептерді шешу қажет

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы дао йланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқ ажет?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу