Рационал сандарды азайту. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды азайту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.14

рационал сандарды азайтуды орындау;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • Рационал сандарды азайту алгоритмін түсіндіру;

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • Рационал сандарды азайту алгоритмін біледі;
  • Рационал сандарды азайту алгоритмін қолданып есептер шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • берілген бөлімнің математикалық терминологиясын қолданады;
  • координатасы рационал сан түрінде берілген нүктелерді координаталық түзуде кескіндеуін стипаттайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;
  • теріс сан;
  • бүтін сан;
  • қарама-қарсы сандар;
  • рационал сан;
  • бүтін сандар жиыны;
  • рационал сандар жиыны;
  • координаталық түзу;
  • санақ басы;
  • бірлік кесінді;
  • оң бағыт;
  • нүкте координатасы;
  • оң/теріс жарты ось;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • A(-3) жазуын «координатасы минус 3 болатын А нүктесі» деп оқимыз;
  • C(2,6) жазуын «С нүктесінің координатасы екі бүтін оннан алтыға тең» деп оқимыз.

 Құндылықтарды

  дарыту

Академиялық адалдық құндылығын, бір-біріне құрмет құндылығын дарыту; елжандылыққа тәрбиелеу; әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу.

 Пәнаралық

  байланыстар

Рационал сандарды азайтуды дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушылар жаратылыстану – математика бағытындағы пәндердің қолданбалы есептерін шығару біліктері жетіледі.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушылардың ActiveBoard белсенді тақтаны пайдалану мүмкіндігін жетілдіру.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезені

Бірлескен оқу ортасын құру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Алған білімдерін жүйелеу.

  • қандай сандар рационал сандар деп аталады?
  • екі теріс санның қосындысы қалай табылады?
  • таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін тұжырымдаңыз;
  • әр ережеге мысал келтіріңіз.

Қосымша 1

Слайд 2

Сабақтың ортасы

3 – 13 мин

13 – 17 мин

17 – 19 мин

19 – 27 мин

27 – 29 мин

29 – 35 мин

35 - 37 мин

Жаңа сабаққа проблемалық жағдай арқылы келу.

Мына есептерге назар аударыңыздар:

Мысал: Ауаның температурасы таңертең -20С еді, түсте 50С болды. Ауаның температурасы неше градусқа өзгерді?

  • Қалай ойлайсыздар?
  • Температураның өзгерісін табу үшін температураның соңғы мәнінен алғашқы мәнін азайту керек.

Сонда: 5 – (- 2) = 7. Жауабы: 70С өзгерді.

Тағы бір мысал қарастырайық:

Мысал: Ауаның температурасы таңертең 70С еді, кешке төмендеп 30С болды. Күні бойы ауаның температурасы неше градусқа өзгерді?

3 – (+7) = 3 + (- 7) = - 4.

Сонымен, мұнда азайту амалы қосу амалымен және азайтқыш оған қарама – қарсы санмен алмастырылғанын байқадық.

Есіңе сақта!

Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама – қарсы санды қосу керек:

a – b = a + (-b).

Ал егер таңбалар әр түрлі болса, онда:

a – (-b) = a + b.

-a –(+ b) = -a b.

Таңбалары әр түрлі сандарды азайту таңбалары бірдей сандарды қосуға келтіріледі.

Мысал:

  • 1,8 – (-2,7) = 1,8 + 2,7 = 4,5;
  • -9,1 – (-1,5) = -9,1 + 1,5 = -7,6;
  • .

Кестеге назар аудартыңыз:

Азайғыш

Азайтқыш

Жазылуы

Айырма

6

-2

6-(-2)=6+2=8

8

-7

+3

-7-(+3)=-7-3=-10

-10

-2

+9

-2-(+9)=-2-9=-11

-11

-9

-3

-9-(-3)=-9+3=-6

-6

-2

-5

-2-(-5)=-2+5=3

3

Азайту ережесі бойынша:

a – a = 0; 0 – a = - a; a – 0 = a.

Мысалдар:

0 – 2,7 = -2,7; -5 – (-5) = 0; -4,1 – 0 = -4,1.

Топтық, деңгейлік жұмыс ұйымдастыру

Оқушыларды шағын топтарға біріктіру.

1 топ

№1. Азайтуды орындаңыз:

1)

2)

3)

№2. Теңдеуді шешіп, оны тексеріңіз:

1) 36,6 + х = - 23,83;

2) у + (-48,3) = - 78,5;

3) х – (

№3. Өрнекті ықшамдаңыз:

1) -3,36а + 4,44а – 13;

2) 5y y + 0,8 + 1,6 – 3y - y

3) a + (-b) – (-2a);

2 топ

№1. Азайтуды орындаңыз:

1)

2)

3)

№2. Теңдеуді шешіп, оны тексеріңіз:

1) у + 15,76 = - 3,34;

2) – 23,5 + (-у) = - 4,6;

3) х + ;

№3. Өрнекті ықшамдаңыз:

1) 2,4b – 46,3 – 1,7 + 8b;

2) 1,5x – 1,8 + 3,1x – 2,9 + 1,6x;

3) – a – (+a) + 2b – (-b);

3 топ

№1. Азайтуды орындаңыз:

1)

2)

3)

№2. Теңдеуді шешіп, оны тексеріңіз:

1) – 2,25 + х = 7,3;

2) х + (- 0,35) = 2,3;

3)

№3. Өрнекті ықшамдаңыз:

1) 6,5c + 31 – 6,3c – 31;

2) 13,5y + 7 – 5,2 + 8,9y – 22,4;

3) – a – ( -b) – 4a;

4 топ

№1. Азайтуды орындаңыз:

1)

2)

3)

№2. Теңдеуді шешіп, оны тексеріңіз:

1) 14,3 + х = -8;

2) – 2,9 + (-х) = -3,8;

3)

№3. Өрнекті ықшамдаңыз:

1) -2,7d – 7,5 + 2,7d – 7,5;

2) 2,8x – 0,6 + 4,2x + 16,8 – 7x;

3) – a – (+3a) + (-b) – b.

Мұғалім ұсынған дайын жауап арқылы топтар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

Жеке тапсырма

№1. Мына кестені толтырыңыз:

a

8,3

-4,75

-13,94

b

10

- 3

-20

а - b

b – а

Жауабы:

-1,7

0,5

22,8

-8

6,06

1,7

-0,5

-22,8

8

-6,06

№2. Кесте бойынша температура өзгерісін табыңыз:

Алғашқы көрсетуі, 0С

15

-7

0

-8

Соңғы көрсетуі, 0С

12

-9

-5

-12

Температура өзгерісі

Жауабы:

-3

-2

-5

-4

Дескриптор: Білім алушы:

  • Рационал сандарды азайтуды орындай алады:
  • Температура өзгерісін есептей алады.

Мұғалімнің нұсқауымен өзін – өзі баағалау жүргізіледі.

Қосымша 2

Слайд 3 - 5

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 3

Слайд 6

Қосымша 4

Слайд 7 - 8

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. – 224с. ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 5

Слайд 9

Сабақтың соңы

37 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • Рационал сандарды қалай азайтады?
  • Таңбалары әр түрлі сандарды қалай азайтады?
  • Таңбалары бірдей сандарды қалай азайтады?

Үйге тапсырма: № 531. Салыстырыңыз:

  • 9,8 – 4 ж 4 – 9,8; 4) 5 – 6,2 ж 6,2 – 5;
  • 2 – 0,25 ж 0,25 – 2; 5) -6 – (-9) ж 6 – 9;
  • - 1 ж 1 - ; 6) - 3 ж 3 - .

Рефлексия:

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 10

Қосымша 6

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.

Топтық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу