Рационал сандарды азайту. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рационал сандар | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | ||
Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Мұғалім: | |||
Сабақ тақырыбы | Рационал сандарды азайту | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.1.2.14 Рационал сандарды азайтуды орындау | ||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар рационал сандарды азайтып үйренеді, координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады | ||
Тілдік мақсат | Оқушылар: - тараудың терминдері мен түсініктеріне сүйенеді; Пәнге тән лексика мен терминология: Пәнге тән лексика мен терминология: – Рационал сандар, –азайғыш, – азайтқыш, – айырманың мәні, – оң сан; – теріс сан; – бүтін сан; – қарама-қарсы сандар; – рационал сан; – бүтін сандардың жиынтығы; – рационал сандардың жиынтығы; – координаталық түзу; – санақ басы; – бірлік кесінді; – оң бағыт; – санның модулі; – координаталық түзудегі кесінді ұзындығы Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама – қарсы санды қосу керек. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек. | ||
Сабақтың түрі | Жаңа білімді бекіту. | ||
Бағалау критерийі | Оқушы
| ||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік. Құрмет. | ||
Бастапқы білім | Оң сандар және теріс сандар. Координаалық түзу. Қарама-қарсы сандар. Рационал сандарды қосу. | ||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (6-минут) Сабақ мақсатын қою кезеңі (2минут) | Сабақтың басталуы(2 мин) Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Алдыңғы жоспардағы үй жұмысын тексеру, қиын деңгейін талдау (3 минут). Жұпқа бөлу (1 мин) Сабақтың сабақ тақырыптары мен мақсаттарын тұжырымдау және жазу (1 мин) Сабақ тақырыбы: Рационал сандарды азайту. Сабақтың мақсаты: Оқушылар рационал сандарды азайтуды үйренеді, координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады (презентация) | презентация | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Жаңа білімді жаңғырту (7-минут) | Білім жаңғырту (7 мин) Сұрақ: Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын қалай табамыз? Рационал сандарды қалай азайтамыз? Оқушылардың өздері жауабын ұсынады. Тапсырма 1. Ойыншылар командасы қарсылас команда қақпасына 5 доп салды, ал өздерінің қақпасына 2 доп жіберіп алды. Әрбір салған доп үшін +1 ұпай, ал жіберіп алған доп үшін (-1) ұпайға ие болды. Ойын нәтижесі қандай? Бұл команда ұтты ма әлде ұтылды ма? Оқушылардың жауаптарын негіздеуді сұрау маңызды.
| презентация | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Сабақты бекіту 20 минут | Өтілген тақырыпты есептерді шығару арқылы бекіту. Жұптық жұмыс (10 мин) Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады. Тапсырма 2. Торғай өзінен 7,4 м арақашықтықтағы инелікті қуады. Инелік жылдамдығы 3,7 м/с, ал торғайдың жылдамдығы 5,8 м/с. 1с уақыт өткен соң олардың арақашықтығы неше м болады? Тапсырма 3. Ауа температурасы таңертең 4С, ал кешке -3С болды. Тәуліктегі температура өзгерісі қандай? Тапсырма 4. Кестені толтырыңыз:
Тапсырма 5. Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. А нүктесіне -2,5 саны, В нүктесіне оған қарама – қарсы сан сәйкес келеді. АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз. Оқушылар презентациямен жұмыс жасағандықтан, көз жаттығуын жасау қажет. https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s Тапсырма 6. Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. CD кесіндісінің ұзындығы 16 см. Кесіндінің ортасы координатасы -5 болатын нүктемен белгіленген. C және D нүктелерінің координаталарын табыңыз. Тапсырма 7. Өрнекті ықшамдаңыз
Тапсырма 8. Таңба ережелерін қолданып,жақшаны ашып,есептеңіз
Жеке жұмыс (10 мин) 1 тапсырма. Есептеңіз:
2 тапсырма. Марат пен итінің арақашықтығы 108 м. Мараттың жылдамдығы 70м/мин. Иті 27 с соң Маратты қуып жетті. Иттің жылдамдығын тап. | ||||||||||||||||||||||
Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор бойынша өзін бағалайды. Мысалы:
| |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5-минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Сөйлемді аяқта:
Үй жұмысы: рационал сандарды азайтуға 3 мысал құрып келу Осы сабақтың келесі сабақпен байланысын айып өту маңызды. Оқушылар қателік жіберген жағдайда жеке консультация беру керек. | ||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді. | Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау . Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын. | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру