Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу. Математика, 6 сынып, презентация.


Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу.

6.1.2.10

бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау

Бағалау критерийлері:

- координаталық түзуде бүтін және рационал сандарды кескіндей алады және салыстырады;

- координаталық түзуде кесіндінің ұзындығын таба алады;

- рационал сандарды қосуды және азайтуды орындайды.

Алған білімдерін жүйелеу.

1) Координаталық түзуде -5 және 3 сандары нөлге

қатысты қалай орналасады?

2) -5 санның модулі нешеге тең?

3 санның модулі нешеге тең?

3) Санның модулі дегеніміз не?

4) -5 саны қандай бүтін сандар арасында орналасады?

3 саны қандай бүтін сандар арасында орналасады?

5) Қандай сандарды бүтін сандар деп атаймыз?

6) -5 санына қарама-қарсы санды атаңыз;

3 санына қарама-қарсы санды атаңыз.

7) Қандай сандарды қарама-қарсы деп атайды?

8) -5 және 3; -5 және 0; 3 және 0 сандардын салыстырыңыз.

Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу ережелері

Координаталық түзудің көмегімен – 4 және 3 сандарының қосындысын табайық:

1) А (–4) нүктесін координаталық түзуде белгілейміз;

2) оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжымыз;

3) В (–1) нүктесін қоямыз.

а санын b бірлікке өзгеруі а санына b санын қосу болып табылады.

Координаталық түзудің көмегімен 2 және 4 сандардың айырмасын табайық:

1) А (2) нүктесін координаталық түзуде белгілейміз;

2) солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжымыз;

3) В (–2) нүктесін қоямыз.

- Кез келген санға оң санды қосқанда, ол артады.

- Кез келген санға теріс санды қосқанда, ол кемиді.

Координаталық түзудің көмегімен 1/2 және 1 сандарының айырмасын табайық:

1) А (1/2) нүктесін координаталық түзуде белгілейміз;

2) солға қарай 1 бірлік кесіндіге (4 сызыққа) жылжытамыз;

3) В (-1/2) нүктесін қоямыз.

2 – 4 = 2 + (– 4) = – 2.

Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең:

a + ( - a) = 0;

3 + (–3) = 0; 7 – 7 = 0.

Санға нөлді қосқанда, сол санның өзі болады:

a + 0 = a;

5 + 0 = 5; 9 – 0 = 9.

Жұптық жұмыс.

№1. Қай суретте 5 – 7 амалы дұрыс көрсетілген:

2. Координаталық түзудің көмегімен

а) А және В нүктелерінің координаталар қосындысын табыңыз;

б) А және С нүктелерінің координаталар қосындысын табыңыз

Жеке практикалық жұмыс.

№1. Қосу амалы көмегімен жазыңыз:

А (3) нүктесі солға 5 бірлікке жылжиды.

В (4) нүктесі оңға 2 бірлікке жылжиды.

С (-3) нүктесі оңға 3 бірлікке жылжиды.

D (-7) нүктесі солға 4 бірлікке жылжиды.

№2. Бос орынды толтырыңыз:

Рефлексия.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу