Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу. Математика, 6 сынып, презентация.
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
6.1.2.10
бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау
Бағалау критерийлері
. координаталық түзуде бүтін және рационал сандарды кескіндей алады және салыстырады;
- - координаталық түзуде кесіндінің ұзындығын таба алады;
- - рационал сандарды қосуды және азайтуды орындайды.
Алған білімдерін жүйелеу.
1) Нөлмен оң сан қалай салыстырылады?
2) Нөлмен теріс санды қалай салыстыруға болады?
3) Оң мен теріс сандары қалай салыстырылады?
4) Екі теріс санды қалай салыстыруға болады?
5) Координаттық түзу көмегімен сандарды қалай салыстыруға болады?
6) Қандай түзуді координаттық деп атаймыз?
Сыныппен жұмыс.
Оқушыларға «Шыбынды қуалау» ойынын ұсыныңыз. Ол үшін әр оқушы өз дәптерінде координаталық түзуді кескіндейді. Мұғалім жүргізушіні таңдайды. Жүргізуші координаталық түзудің қандай нүктесінде «шыбынды» орналастыру керектігін нұсқайды.
Жүргізуші амалдарды орындауды ұсынады. Мысалы:
(-3) - ті қосыңыз;
(2) - ні азайтыңыз;
(12) - ні қосыңыз;
(-4) - ті азайтыңыз.
Осылайша, оқушылар «шыбынды» координаталық түзуде әрі-бері жылжытады.
№1. Сурет бойынша есептеулерді жазыңыз:
1 + (-4) =-3; 1 + 4 = 5.
-5 + 3 = -2.
-1 + (-4) = -5.
-4 + 7 = 3.
5 + (-5) = 0.
-2 + 0 = -2
№ 2. Сөйлемді аяқтаңыз.
А) Егер оң таңбалы санды қоссақ, онда қосынды ...
Б) Егер теріс таңаблы санды қоссақ, онда қосынды ...
В) Егер нөл санын қоссақ, онда қосынды ...
Г) Қарама-қарсы сандардың қосындысы ... тең.
№3. Термометр координаттық түзу болады ма? Оны қалай орналастыру қажет: қай жағында теріс мәні
«–» аяз болады, ал қай жағында оң мәні «+» жылы болады?
Жұптық жұмыс.
Дидактикалық ойын « Математикалық лото»
Өз бетімен жұмыс.
1) Термометр -200С көрсетіп тұр. Температура көрсеткіші қандай болуы мүмкін, егер + 500С өзгеру болса?
2) Термометр 300С белгіленіп тұр. Температура көрсеткіші қандай болуы мүмкін, егер - 500С өзгеру болса?
3) Термометр - 200С көрсетіп тұр. Температура көрсеткіші қандай болуы мүмкін, егер - 300С өзгеру болса?
№ 4. Координаталық түзу арқылы сандардың қосындысын табыңыз:
1) -1 және 2; 2) 3 және -4; 5) -5 және 6;
3) -3 және 6; 4) 1 және -5; 6) -3 және -2.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру