2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В : Натурал сандардың бөлінгіштігі | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мерзімі: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 5 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 5.1.2.6 натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін біледі, қолданады; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі: | Жаңа білімді меңгеру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Оқушы - натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін біледі -3 және 9 сандарына еселік сандарды анықтай алады; - ауызша есептеу жүргізе алады және есептеудің дұрыстығын тексере алады; - есеп шығаруда натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін қолдана алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар:
| Тілдік мақсат - бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды; Пәнге қатысты лексика мен терминология: - санның бөлгіші; - санның еселігі; - бөлінгіштік белгілері; - натурал санның цифрларының қосындысы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді; - егер натурал санның цифрларының қосындысы ... бөлінсе, онда сан ...бөлінеді; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Арифметикалық амалдардың компоненттерін білу: натурал сандарды бөлу және көбейту, жұп және тақ сандардың анықтамалары. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі 1 минут | Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару. 1-мин | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысын тексеру 3-минут | Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателерді түзету. Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау 3-мин | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсатын қою 6 минут | Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Жақын арада даму аймағын» анықтау. Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сұрақтары: (6 мин)
Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Сабақ мақсатын қою (слайд 1). Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа білімді меңгеру 30 минут | Жаңа сабақ.
Оқушыларды жұптастырып, оларға кейбірі 3-ке , 9-ға бөлінетін, ал кейбірі 3-ке де, 9-ға да бөлінбейтін бірнеше көптаңбалы сандар жазылған үлестірмелер ұсынылады. Оқушының жұмыс парағы
Сұрақтар:
Мұғалім: Оқушылар санның 3-ке немесе 9-ға бөлінетіндігін сұрағанда әрқашан санды бөлуіміз қажет пе? Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып 3 және 9-ға бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды. Оқу мақсатының нәтижесі натурал санның 3 пен 9-ға бөлінгіштік белгілері және 3 пен 9 еселік сандарды анықтау алгоритмі болып табылады.
1.2-ге 3-ке 5-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші натурал санды табыңыз. 2. 98, 69, 73, 105, 118, 1 023, 251, 162, 6, 72, 180, 217, 921, 1 008, 961, 351, 543, 999 сандырының ішінен 3-ке еселі бірақ 9-ға еселі емес сандарды өсу ретімен орналастырыңыз. 3. 1 цифрынан басталып 9 бен 5-ке бөлініп,бірақ 2-ге бөлінбейтін санды табыңыз. 4. Бірінші цифры 7-ге тең үштаңбалы сан 9-ға ,5-ке, 2-ге бөлінеді. Бұл қай сан? 5. 2 және 3 сандары бөлгіштері болатын 364 < х < 396 теңсіздігінің шешімдер жиынын жазыңыз. Бағалау:
| Т.А.Алдамұратова Математика 5 Т.А.Алдамұратова Математика 5 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытындылау 5 минут | Сабақты қорытындылау. Жеке рефлексия (4 мин) Оқушының жұмыс парағы
Оқушылар рефлексия парақшаларын жеке –жеке толтырып, мұғалімге тапсырады. Үйге тапсырма (1 мин). 6. Жұлдызшаны сандар а) 3-ке б) 9-ға бөлінетіндей цифрлармен алмастырыңыз. 1)2*5, 2)46*, 3)*14. №6 есеп жауабы а) 1)2;5;8,2)2;5;8,3)1 б) 1)2;2)8;3)4. Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау | Бағалау | ҚТ және денсаулық | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Төмендегі жұмыстарға арналған тапсырмаларды таңдауда саралау қолданылады Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.
| Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау. Жұптар бағалау критерийі арқылы бір-бірін бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасатамын. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?