Натурал сандардың 2,3,5,9,10 сандарына бөлінгіштік белгілері. Математика, 5 сынып, дидактикалық материа.
Қосымша есептер
Қосымша 1 Топқа бөлу: 6 мен 3 5пен 25 4 пен 8 9 бен 27 10 мен 100 | ||||||
Қосымша 2 Бағалау критерийі: 2-ге бөлінгіштік белгісін біледі; 3-ке бөлінгіштік белгісін біледі; 5-ке бөлінгіштік белгісін біледі; 9-ға бөлінгіштік белгісін біледі; 10-ға бөлінгіштік белгісін біледі; | ||||||
Қосымша 3 «Уақытпен кездесу» әдісі Сағат 13.00 Сыныптағы ұл балалар командаға тең бөлініп футбол ойнады. Сыныпта 17 ұл бала болуы мүмкін бе, әлде 18 ұл бала болуы мүмкін бе? Әр командада неше ұл бала бар? Сағат 15.00 403,322,505,940,87,708,609,999,4064 сандарын 10-ға бөлгенде: 1)қандай қалдық қалады; 2)10-ға қалдықсыз бөліну үшін бұл сандарға қандай сандарды қосу керек? Сағат 17.00 Баққа отырғызуға алма және алмұрт ағаштарының көшеттері әкелінді. Ондағы алма ағаштарының көшеттерінің саны, алмұрт ағаштарының көшеттерінің санынан 2 есе артық. Баққа отырғызуға барлығы 20 көшет әкелінуі мүмкін бе немесе 22 көшет әкелінуі мүмкін бе? Алма ағашының көшеттерінің саны қанша? Сағат 19.00 Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, 9-ға еселік сандардың ең кішісін жазыңдар: 5*56*; 38*6*; 73*8*; 2*3*0; | ||||||
Қосымша 4 Өзіндік жұмыс Оқу мақсаты: Натурал сандардың 2,3,5,9,10 сандарына бөлінгіштік белгілері . 1)132, 915, 2700, 541, 1000, 9376, 871, 1050, 12345, 1312 сандарының ішінен 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды жазыңдар; 2)738, 736, 78354, 4351, 4584, 1111, 71263, 3672 сандарының ішінен 9-ға, 3-ке бөлінетін сандарды жазыңдар; 3)Мұғалім сынып оқушыларының әрқайсысына 5 дәптерден таратты. Мұғалім сынып оқушыларына 144 дәптер таратуы мүмкін бе, 145 дәптер таратуы мүмкін бе, әлде 146 дәптер таратуы мүмкін бе? Сыныпта неше оқушы болған? 4)А) Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, 5-ке еселік сандарды жазыңдар: 81* , 241*, 22* 5, 345*. Б) Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, 9-ға еселік сандарды жазыңдар: 8* 4, 27*, 8* 96, *368, 7* 96, 66* 6. 5)3-ке, 6-ға, 9-ға бөлінетін 5 таңбалы бір сан ойлап жазыңыз. | ||||||
Қосымша 5 1.1020, 5600, 1100, 5001, 6000, 704 000, 6 800, 690 500 сандарының қайсысы 100-ге, қайсысы 1000-ға бөлінеді? 100-ге және 1000-ға бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңдар. 2. Сыныптағы ұл балалар командаға тең бөлініп футбол ойнады. Сыныпта 17 ұл бала болуы мүмкін бе, әлде 18 ұл бала болуы мүмкін бе? Әр командада неше ұл бала бар? 3.Дәлелдеңдер: 1) көбейтіндісінің көбейтіндісіне; 2) көбейтіндісінің көбейтіндісіне; 3) көбейтіндісінің көбейтіндісіне бөлінетіндігін. | ||||||
Қосымша 6 Кері байланыс
| ||||||
Қосымша 7 Үй тапсырмасы: 1)17санының оң жағына бір цицр, сол жағына бір цифр қойып, 15-ке бөлінетін санды жазыңдар. 48 санының оң жағына бір цифр, сол жағына бір цифр қойып, 45-ке бөлінетін санды жазыңдар. 2)Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, 3-ке еселік сандардың ең кішісін жазыңдар: 5*9*; 30*41; 971*; 2*721; **51 ; *4121; 6*7*; 6*233; 3.Теңсіздіктер орындалатындай а-ның жұп мәндерін теріп жазыңдар: 237<а<243 999<а<1008 466<а<473 1085<а<1092 4.Теңсіздіктер орындалатындай b-ның тақ мәндерін теріп жазыңдар: 380< b <386 7862< b <7868 891< b <898 8969< b <8976 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?