Натурал сандардың 2,3,5,9,10 сандарына бөлінгіштік белгілері. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ: Бөлім: 5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | ||||||||||
Тақырыбы: | Натурал сандардың 2,3,5,9,10 сандарына бөлінгіштік белгілері | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 5.1.2.5 натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану; 5.1.2.6 натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану деп толтырылмаған. | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Натурал сандардың 2,3,5,9,10 сандарына бөлінгіштік белгілерін біледі, есеп шығаруда қолданады; | ||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақты бекіту | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы - натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға,3-ке,9-ға бөлінгіштік белгілерін біледі ; -10,5 және 2,3,9 сандарына еселік сандарды анықтай алады; - ауызша есептеу жүргізе алады және есептеудің дұрыстығын тексере алады; - есеп шығаруда натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін қолдана алады. | ||||||||||
Тілдік мақсат | Тілдік мақсат - бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды; Пәнге қатысты лексика мен терминология: - санның бөлгіші; - санның еселігі; - бөлінгіштік белгілері; - натурал санның цифрларының қосындысы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді; - егер натурал санның цифрларының қосындысы ... бөлінсе, онда сан ...бөлінеді; | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара сенімділік әрі сыйластық қарам-қатынасты қолдау және тұжырымдау.Тындырымды да ұқыпты тұлға қалыптастыру. Оқушы бойында коммуникативті дағдыны қалыптастыру. | ||||||||||
Алдыңғы оқу | Натурал сандарға амалдар қолдануды ; ЕҮОБ; ЕКОЕ; жұп сандар; тақ сандар; қосындының, көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігі. | ||||||||||
Пән аралық байланыс | Компьютерлік сауаттылық бойынша информатика пәнімен байланысты. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурстарымен жұмыс жасау дағдысын дамыту. | ||||||||||
Уақыт шегі | Мұғалім әрекеті | Ресурстар | |||||||||
2 минут | Ұйымдастыру кезеңі. | 1.Мақсат: миға шабуыл жасап, оқушыларды жұпқа бөлу. Жұпқа бөліну үшін оқушыларға 2,3,5,9,10 бөлінетін сандар жұбын беру. «Бүгінгі сабақта сіздерді көргеніме қуаныштымын! Менің ойымша, әрбіреуіңіз осы сабақтан жаңа бірдеңе үйренем деп қана қуанбай, жаныңызда отырған көршіңізді көргеніңізде де қуаныштысыз деп ойлаймын» деп мұғалім тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады. Оқушылар: Берілген натурал сандардан натурал сандардың 2,3,5,9,10 бөлінгіштік белгілері бойынша оқушылар бірге жұптасады. Бұл заңдылықтың бүгінгі сабақпен байланысын түсінеді. Бір-біріне күлімдеп қарап, сәттілік тілейді. | |||||||||
3 минут | Сабақтың мақсатын анықтау. | 2. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыздар? деген сұрақ бере отырып ой тастап, оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік туғызу. Оқу мақсатын оқушылардың барлығына түсінікті жеткізу. Оқушылар: Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты натурал сандардың 2,3,5,9,10 бөлінгіштік белгілеріне есеп шығару екендігін айтады. 3. Мақсат: оқушыларды бағалау критерийін құра білуге баулу. Бүгінгі сабағымыздың жетістік критерийін жұпта құрып көрейік. Тақтаға оқушылардың айтқан критерийлерін жазып қойып, маңыздылығына қарай орналастыру, оқу мақсатынан ауытқымай жетістік критерийлері бойынша бағалау. Бағалау критерийлерін барлық оқушы үшін қолжетімді жасау, бағыттау парағын тарату. Оқушылар: Жұптар бағалау критерийлерін құрады. Оқушы бағалау критерийлері мен оқу мақсатын ажырата алады және бағалау критерийлері оқу мақсатына жету үшін қолданылатынын түсінеді. | қосымша1 Презентация Слайд 1-2 слайд 3 қосымша 2 | ||||||||
5 минут | Алдыңғы сабақты жаңа сабақпен байланыстыру. | 4.Оқушыларға алдыңғы сабақты естеріне түсіру үшін ауызша есептеулер ұсынылады. Алдыңғы сабақ бойынша қосымша білу, түсіну сұрақтары қойылады.
Оқушылар:Оқушылар ауызша есептерге «ия», «жоқ» деп жауап береді. Қосымша сұрақтарға қолдарын көтеріп жауап береді. | Презентация Слайд 4-5 | ||||||||
15 минут | Сабақты пысықтау. | 5. «Уақытпен кездесу» әдісі арқылы оқушыларға жұптық жұмысқа есептер беріледі. «Уақытпен кездесу» әдісінің тиімділігі оқушылар бір сабақта бірнеше оқушымен жұптық жұмыс жасай алады. Оқушылар: Оқушылар «уақытпен кездесу» әдісінде жұптық жұмыста берілген есептерді жұбымен бірге шығарады. Оқушылар алдымен сағат 13.00; 15.00; 17.00; 19.00-ге бірін-бірі кездесуге шақырады. Оқушылар бір-бірімен бір ғана уақытта кездесе алады. Әр түрлі уақытта әртүрлі оқушымен кездесіп әр түрлі есептер шығарады. Әр есепті әр топ кезекпен-кезек шығару жолын оқиды. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бірін-бірі бағалайды. | слайд 4-10 қосымша3 Математика, 5 сынып, 1 бөлім, Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов, 2015 ж. | ||||||||
6.Сергіту сәті. Мақсат: Сабақтың ортасында оқушылардға сабақтың мақсатын қайталату. Оқушылар:1) Мұғалім тақ сандарды атағанда – оқушылар орындарынан тұрады, ал жұп санды атағанда орындарына отырады; 2) Мұғалім мен бірге оқушылар 30-ға дейін санайды: 3-ке еселі санның орнына қолдарын шапалақтайды. | |||||||||||
13 минут | Сабақты бекіту. | 7. Жаңа сабақты бекіту үшін өзіндік жұмыс беріледі. Үлгерімі жоғары оқушыларға қосымша тапсырма қажет болған жағдайда беріледі. Оқушылар: Оқушылар өзіндік жұмысты жеке орындайды. Мұғалім бағалау критерийі арқылы бағалайды. | қосымша 5 | ||||||||
5 минут | Сабақты қорытындылау. | 8. Сабақ мақсатына қайта оралады. -Сабақтың мақсатын қайта сұрау. -Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай? -Біз қандай тапсырмалар орындап жатырмыз? -Неліктен осы тапсырмаларды орындап жатырсыздар? Оқушылар: Оқушы сабақтағы іс-әрекеттердің оқу мақсатымен қандай байланысы бар екенін түсіндіре алады. Оқушылар сабақтағы барлық іс-әрекетке белсене қатысады. Оқушылар сыни тұрғысынан ойлана отырып зерттеп, қорытынды шығарады. Оқушылар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды. Қорытынды: 2-ге бөлінетін сандарды ата; 3-ке бөлінетін сандарыды ата; 5-ке бөлінетін сандарыды ата; 9-ға бөлінетін сандарды ата; 10-ға бөлінетін сандарды ата; | қосымша 4 слайд 11 | ||||||||
2 минут | Соңы | 9. Кері байланыс «Білемін. Білдім. Білгім келеді» кестесін толтыру. 10. Үй жұмысын береді. | қосымша 6 қосымша 7 | ||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы қалай күрделендіруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Сіз оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс | |||||||||
Сабақ барысында өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Қосмша тапсырма қажет ететін үлгерімі жоғары оқушыға қосымша есептер беріледі. (қосымша 5) | -Оқушыларөзін-өзі бағалайды. -Оқушылар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды. | Құрмет. Жауапкершілік. 1 минут көз жаттығуын жасау. Сергіту сәтін ұйымдастыру | |||||||||
Рефлексия 1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? 2.Бүгін оқушылар не үйренді? 3.Оқыту ортасы қандай болды? 4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? 5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба? 6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||
Қорытынды бағамдау |
|
Қосымша есептер
Қосымша 1 Топқа бөлу: 6 мен 3 5пен 25 4 пен 8 9 бен 27 10 мен 100 | ||||||
Қосымша 2 Бағалау критерийі: 2-ге бөлінгіштік белгісін біледі; 3-ке бөлінгіштік белгісін біледі; 5-ке бөлінгіштік белгісін біледі; 9-ға бөлінгіштік белгісін біледі; 10-ға бөлінгіштік белгісін біледі; | ||||||
Қосымша 3 «Уақытпен кездесу» әдісі Сағат 13.00 Сыныптағы ұл балалар командаға тең бөлініп футбол ойнады. Сыныпта 17 ұл бала болуы мүмкін бе, әлде 18 ұл бала болуы мүмкін бе? Әр командада неше ұл бала бар? Сағат 15.00 403,322,505,940,87,708,609,999,4064 сандарын 10-ға бөлгенде: 1)қандай қалдық қалады; 2)10-ға қалдықсыз бөліну үшін бұл сандарға қандай сандарды қосу керек? Сағат 17.00 Баққа отырғызуға алма және алмұрт ағаштарының көшеттері әкелінді. Ондағы алма ағаштарының көшеттерінің саны, алмұрт ағаштарының көшеттерінің санынан 2 есе артық. Баққа отырғызуға барлығы 20 көшет әкелінуі мүмкін бе немесе 22 көшет әкелінуі мүмкін бе? Алма ағашының көшеттерінің саны қанша? Сағат 19.00 Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, 9-ға еселік сандардың ең кішісін жазыңдар: 5*56*; 38*6*; 73*8*; 2*3*0; | ||||||
Қосымша 4 Өзіндік жұмыс Оқу мақсаты: Натурал сандардың 2,3,5,9,10 сандарына бөлінгіштік белгілері . 1)132, 915, 2700, 541, 1000, 9376, 871, 1050, 12345, 1312 сандарының ішінен 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды жазыңдар; 2)738, 736, 78354, 4351, 4584, 1111, 71263, 3672 сандарының ішінен 9-ға, 3-ке бөлінетін сандарды жазыңдар; 3)Мұғалім сынып оқушыларының әрқайсысына 5 дәптерден таратты. Мұғалім сынып оқушыларына 144 дәптер таратуы мүмкін бе, 145 дәптер таратуы мүмкін бе, әлде 146 дәптер таратуы мүмкін бе? Сыныпта неше оқушы болған? 4)А) Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, 5-ке еселік сандарды жазыңдар: 81* , 241*, 22* 5, 345*. Б) Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, 9-ға еселік сандарды жазыңдар: 8* 4, 27*, 8* 96, *368, 7* 96, 66* 6. 5)3-ке, 6-ға, 9-ға бөлінетін 5 таңбалы бір сан ойлап жазыңыз. | ||||||
Қосымша 5 1.1020, 5600, 1100, 5001, 6000, 704 000, 6 800, 690 500 сандарының қайсысы 100-ге, қайсысы 1000-ға бөлінеді? 100-ге және 1000-ға бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңдар. 2. Сыныптағы ұл балалар командаға тең бөлініп футбол ойнады. Сыныпта 17 ұл бала болуы мүмкін бе, әлде 18 ұл бала болуы мүмкін бе? Әр командада неше ұл бала бар? 3.Дәлелдеңдер: 1) 35*9 көбейтіндісінің 7*3 көбейтіндісіне; 2)55*6 көбейтіндісінің 3*11 көбейтіндісіне; 3) 14*45 көбейтіндісінің 2*9 көбейтіндісіне бөлінетіндігін. | ||||||
Қосымша 6 Кері байланыс
| ||||||
Қосымша 7 Үй тапсырмасы: 1)17санының оң жағына бір цицр, сол жағына бір цифр қойып, 15-ке бөлінетін санды жазыңдар. 48 санының оң жағына бір цифр, сол жағына бір цифр қойып, 45-ке бөлінетін санды жазыңдар. 2)Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, 3-ке еселік сандардың ең кішісін жазыңдар: 5*9*; 30*41; 971*; 2*721; **51 ; *4121; 6*7*; 6*233; 3.Теңсіздіктер орындалатындай а-ның жұп мәндерін теріп жазыңдар: 237<а<243 999<а<1008 466<а<473 1085<а<1092 4.Теңсіздіктер орындалатындай b-ның тақ мәндерін теріп жазыңдар: 380< b <386 7862< b <7868 891< b <898 8969< b <8976 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?