2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.
ОҚУШЫНЫҢ ЖҰМЫС ПАРАҒЫ
Сабақ тақырыбы: 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері
Оқу мақсаты: 5.1.2.6 натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;
Қайталау сұрақтары
- Бөлгіш дегеніміз не?
- 2-ге бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңыз?
- 5-ке бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңыз?
- 10-ға бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңыз
1.Жұптық жұмыс.-10 мин
сан | Цифрлар қосындысы | 3-ке бөлінгіштік? (иә, жоқ) | 9-ға бөлінгіштік? (иә, жоқ) |
315 | |||
19 | |||
15 | |||
2127 | |||
4923 | |||
5004 | |||
11292 | |||
870921 | |||
5421 | |||
22223 | |||
70614 | |||
8451 | |||
627 | |||
384516 |
Сұрақтар:
- Кестедегі толтырған мәліметтеріңізді қолданып қандай қорытынды жасауға болады?
- Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 3-ке бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?
- Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 9-ға бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?
- Бөлу амалын орындамай санның 3-ке немесе 9-ға бөлінетіндігін анықтауға бола ма?
2. Өзіндік жұмыс – 10 мин.
1.2-ге 3-ке 5-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші натурал санды табыңыз.
2. 98, 69, 73, 105, 118, 1 023, 251, 162, 6, 72, 180, 217, 921, 1 008, 961, 351, 543, 999 сандырының ішінен 3-ке еселі бірақ 9-ға еселі емес сандарды өсу ретімен орналастырыңыз.
3. 1 цифрынан басталып 9 бен 5-ке бөлініп,бірақ 2-ге бөлінбейтін санды табыңыз.
4. Бірінші цифры 7-ге тең үштаңбалы сан 9-ға ,5-ке, 2-ге бөлінеді. Бұл қай сан?
5. 2 және 3 сандары бөлгіштері болатын 364 < х < 396 теңсіздігінің шешімдер жиынын жазыңыз.
Жеке рефлексия (4 мин)
Оқу мақсаты | Білемін | Қолдана алдым |
натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану; |
Үйге тапсырма
6. Жұлдызшаны сандар а) 3-ке б) 9-ға бөлінетіндей цифрлармен алмастырыңыз.
1)2*5, 2)46*, 3)*14.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?